2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері



бет25/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері азаматтық құқықтар объектілерінің дербес түрі, мүліктің ерекше түрі болып табылады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне, атап айтқанда, мыналар жатады: ғылым мен өнер шығармалары, дыбыс және бейне шығармалары, өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекция жетістіктері, интегралдық сызбалар топологиясы және шығармашылық интеллектуалдық қызметтің кейбір басқа нәтижелері жатады. Оларға фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және т.б. теңестірілген.
Ақпарат. Ақпарат - бұл оны адам қабылдай алатындай нысанда (тікелей немесе әр түрлі механизмдер мен құралдардың көмегімен жанама түрде) объективті бейнелейтін нәрселер туралы немесе адамдар туралы мәліметтер.
РФ Азаматтық кодексінде ақпарат тікелей азаматтық құқық объектілері түрлерінің біреуі ретінде керсетілген (128-бап). Ал ҚР Азаматтық кодексінде ол құқық объектісі ретінде "басқа мүлік" ұғымымен қамтылған (115-бап). Мысалы, сатып алу-сату міндеттемесінде ақпарат азаматтық құқықтардың объектісі бола алады.
ҚР Азаматтық кодексінде ақпараттың кейбір түрлері ғана, мысалы, ақпараттың ерекше түрі болып табылатын шығармашылық интеллек­туалдық қызметтің нәтижелері, сондай-ақ ақпараттың қызметтік және коммерциялық құпия секілді түрі арнайы реттеледі.
Азаматтық зандар қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғайды (АК 126-б. 1-т.). Бір мезгілде мынадай үш белгісі бар ақпарат қана қорғалуға жатады: үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны бар; үшінші жақтың ақпаратпен заңды негіздерде танысу мүмкіндігі жоқ; ақпарат иесі оның құпиялылығын сақтау шараларын қолданады.
Қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттың құрамы мен көлемін заң анықтайды, ал заңның тиісті нұсқамасы болмайтын жағдайларда - коммерциялық құпия жөнінде кәсіпкерлер, қызметтік құпияға қатысты мемлекеттік органдар анықтайды
Қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз жолдармен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына немесе келісім-шартқа, азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан, осындай құпияны жария еткен қызметшілер келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет