Бағалау критерийі
|
Білім алушы:
· Берілген мәтіндерге,стильдің тілдік ерекшеліктеріне салыстыра талдау жүргізеді,
· негізгі ақпаратты іріктей отырып,шешендік сөздерді ұтымды қолданады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану.
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
15-20 минут
|
Тапсырма 1
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға , қоршаған ортаға әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық ела мекенін жауып қалды . Көрші қонған әскери нысанда не болып жатқанынан титімдей түсінігі жоқ жақын жердегі ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сүмдык дозасын алды . Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді . Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады . Адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіріп , оларды қарабайыр қор ғаныш нысандарына , орларға немесе кепелерге жасырды . Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды . Жарылыс толқыны көптеген үйдің терезе шыныларын ұшырып жіберіп , кейбір үйлердің қабыр ғалары қирады . Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып оралғанда , олардың көбі үйінің орнын сипап қалды не қақырап кеткен қабырғаларды көрді .
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың зардаптары туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медицина лық - экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды . Зерттеулерді , ғылыми экспе дицияларды профессор Б.Атшабаров басқарды . Радиацияның адамға ықпалы қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған . Бұл орайда , ең қауіптісі - иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыратындығы . 1949 жылғы алғашқы жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеле нудің ықпалына ұшыраған тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалды . Бұлар - өкпе мен сүт бездерінің обыры , лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісік аурулары . Жалпы алғанда , қатерлі ісік аурулары сынак басталғалы бері үш есе өсті . Семей полигонына жақын аудандарда жетілуінде әртүрлі ауытқулар , тәндік және естік кемшіліктері бар сәбилер дүниеге көп келді . Маман дардың айтуынша , соның бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты . Адамдар ғана емес , жер де азап шегеді . Жылма - жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азай тады . Жердегі орасан зор микроэлементтер , мәселен , магний және басқа да металдар әртүрлі дәнді дақыл арқылы адам ағзасына сіңді . ( А.Аринова )
Достарыңызбен бөлісу: |