2-бөлім. Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау.
2.1 Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау түсінігі.
Сот отырысын тағайындау (ҚР ҚІЖК 547-бап). Айыпталушының істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініші болған кезде сот төрешісі барлық сотталушылар мен олардың қорғаушыларымен бірге алдын-ала тыңдау жүргізеді.
Сот отырысының дайындық бөлімі мынадай қатарлардан тұрады. ҚР ҚІЖК-нің 548-бабына сәйкес төрағалық етуші сот отырысын ашып, қай істін қарауға жататындығын жариялайды. Отырысқа қатысушы адамдарға өзін таныстырады, кімнің мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, хатшы кім екенің хабарлайды, сотталушының жеке басын анықтайды, мәлімделген қарсыластарды шешеді. Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысының қарар бөлігін жария етеді. Сот төрешісі сотталушыға айыптаудың түсінікті болған-болмағанын анықтайды, қажет жағдайларда оған айыптаудың мәнін түсіндіреді және ол ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы берген өз өтінішін растайтынын не растамайтынын сұрайды.
Егер сотталушы ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өз өтінішін растаса, онда сот төрешісі осы өтініштің қанағаттандырылғаны туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, сотталушы және оның қорғашысы мәлімдеген басқа өтініштерді қарауға көшеді.
Егер сотталушы ісі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өз өтінішін растамаса, сот төрешісі алдын ала тыңдау аяқталғанын хабарлайды. Кейінгі сот талқылауы ҚР КДЖК-нің 40-тарауында қарастырылған ережелер бойынша жұзеге асырылады.
Алқабилердің қатысуымен қарастыратын іс бойынша сотталушы алғашқы пікірін өзгерткен кезде де алдын ала тыңдау өткізілгеннен кейін сот төрешісі өзінің қаулысын шығарып, ол ақырғы шешім болып табылады. Бұл жағдайда соттың каулысы қайта қаралуы мүмкін.
Сот төрешісі алдын ала тыңдауды міндетті түрде прокурордың, соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш білдірген сотталушының және оның қорғаушысының қатысуымен жабық сот отырысында жеке дара жүргізіледі (ҚІЖК 548-бап) алқабилер алдын ала сот отырысына қатыспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |