3 1-Бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу


Алқабилердің құқықтары мен міндеттері (ҚР ҚІЖК 559-бап)



бет10/26
Дата13.05.2020
өлшемі224,5 Kb.
#67900
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу

1.3 Алқабилердің құқықтары мен міндеттері (ҚР ҚІЖК 559-бап).

Төрағалық етуші Алқабилерге олардың құқықтарын, міндеттерін және істі қарауға байланысты іс-әрекеттеріне шектеулерді түсіндіреді, сондай-ақ міндеттерді бұзу және шектеулерді сақтамаудың салдарлары туралы ескертеді.

ҚР ҚІЖК-нің 559-бабының 2-бөлігіне сәйкес алқабилердің құқығы:

- өзінің ішкі нанымы бойынша істің мән-жайын өз бетінше бағалауға және алқабилер алқасының алдында қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алу үшін сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға;

- төрағалық етуші арқылы сотталушыға, жәбірленушіге, куәгерлерге, сарапшыға сұрақтар қоюға;

- заттай дәлелдемелерді, құжаттарды тексеріп қарауға, жерді және үй жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуіндегі барлық басқа да мәселелерді түсіндіруді сұрап өтініш жасауға;

- сот отырысы кезінде жазбаларды жасауға.

Алқаби міндеттері:

- сот отырысында тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға;

- алқабидің міндеттерін атқару үшін, сондай-ақ, егер сот отырысында үзіліс жарияланған немесе істі тындау кейінге қалдырылған жағдайда, сот талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге;

Сотта келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, төрағалық етушіге келмеудің себептері туралы алдын ала хабарлауға міндетті.

Алқаби:

- істі тындау кезінде сот отырысының залынан кетуге; егер алқаби ауырған немесе себепті жағдайлар мен сот отырысына қатыса алмайтын болса төрағалық етушінің рұқсатымен үзіліс жарияланады. Немесе қосалқы алқабимен алмастырылады.

Істі тыңдау кезінде сот құрамына кірмейтін адамдармен төрағалық етушінің рұқсатынсыз іс бойынша сөйлесуге;

- істі қарау барысында мәліметтерді сот отырысынан тыс жинауға (телеарна, радио, газеттерден, журналисттерден).

- жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзуға құқылы емес.

Алқабидің тәуелсіздік кепілдігі туралы 2006 жылдың 16 қаңтарында шыққан "Алқабилер туралы" ҚР-сы Занының 17-бабында қарастырылған, ал 2007 жылғы 1 қаңтарда шыққан Заңда алқаби қызметін атқарушыларына сот төрешісі тәуелсіздік кепілдігін береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет