Алқабилердің сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары (ҚІЖК 557-бап). Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің негізгі құрамына, оларға бөлінген алқабилер орындығынан орын алуды ұсынады және олардың орындығы отырғандардан бөлек болуы және әдетте сотталушылар орындығына қарама-қарсы орналасуы тиіс. Қосалқы екі алқаби олар үшін арнайы белгіленген алқаби орындығына орналасады.
Заң бойынша алқабилер және қосалқы алқабилер сот отырысының залында сот талқылауы кезінде тұрақты қатысуы тиіс.
Егер сот талқылауы барысында алқабилердің біреуінің сот отырысына одан әрі қатыса алмайтындығы немесе төрағалық етуші оны сот отырысына қатысудан шеттеткен жағдайда қосалқы алқабимен ауыстырылуы қажет.
Бұл жағдайда алқабилер мен сот төрешілерілар шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін ауыстырылуы керек. Егер алдыңғы екі алқабиді қосалқы алқабилердің лимиті таусылған кезде ауыстырған жағдайда төрағалық ету ші сот отырысын жарамсыз деп хабарлайды. Бұндай жағдайда сот процесі тоқтатылып, сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидат- тарды алдын ала кездейсоқ тандаудың төртібі бойынша істі қарауды жаңадан бастауы тиіс (ҚІЖК 550-бап).
Егер алқабилердің біреуі сот отырысына қатыса алмауы кеңесу бөлмесіне кеткенннен кейін анықталса, онда сот төрешілері мен алқабилер сот отырысы залына шығып, алқабидің ауыстырылғанын хабарлап кеңесу бөлмесіне қайта кетуі керек.
Кез келген алқаби ҚІЖК-нің 559-бабының 4-бөлігінде қарастырылған міндеттерін бұзған жағдайда одан әрі қатысудан шеттету мүмкіндігіне әкеп соғатынын естен шығармауы қажет.
Алқабилерді төрағалық етуші, прокурор, сотталушы және олардың қорғаушылармен шеттетілуі мүмкін, ол жөнінде сот отырысының хатшысы хаттамаға жазады.
2.2 Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктері.
Алқабилер қатысатын сотта сот тергеуінің ерекшеліктері (ҚР
КДЖК 562-бап). Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысының қарар бөлігін жариялаған кезде сотталушының сотталғандығы туралы фактілерді еске салуға құқылы емес. Бұл жағдайды әдейі алқабилердің күні бұрын пішілген жеке басына және айыптылығына қатысты жасалады.
Тараптар сотталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан және сарапшылардан жауап алғаннан кейін алқабилер төрағалық етуші арқылы осы адамдарға сұрақ қоя алады. Алқабилер сұрақтарды жазбаша түрде жасап, төрағалық етушіге береді, ал төрағалық етуші сол бойынша сотталушыны және т.б. сұрайды.
Төрағалық етуші іске қатысы жоқ, сондай-ақ мегзеу немесе тіл тигізу сипатында деп есептеген сұрактарды кабылдамай тастауға құқылы.
Тараптар алқабилер алқасының катысуынсыз, сот төрешілері бұрын іс талқылауынан алып тастаған дәлелдемелерді, бұл ретте олардың мәнін баяндамай-ақ, зерттеу туралы өтініш беруі мүмкін. Осындай өтінішке байланысты іс бойынша сот талқылауына катысушылардың пікірін тыңдауды сот төрешілер жүргізеді.
Сотталушының бұрынғы сотталғаңдығына байланысты, оны құнықпа маскүнем немесе нашақор деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердің сотталушыға қатысты теріс түсінігін туғызатын мән-жайлар зерттелуге жатпайды. Бұларды зерттеу алқабилердің алдын ала шығарған айыптауы немесе оны дәлелдеуіне әсер етеді (ҚР ҚІЖК 562-бап).
Сотталушының жеке басына байланысты кейбір мәселелерді алқабилер тек қылмыстық іске қатысы болған жағдайда ғана тексеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |