1917 жылы 25 қазанда Петроградта кеңес үкіметі орнады. 5- күннен кейін яғни 30 қазанда Қазақстанның Перовск (қазіргі Қызылорда қаласы) қаласында орнады.
Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды.Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.