Сабақтың тақырыбы: Қ. Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын»



Дата26.06.2018
өлшемі48 Kb.
#44460
түріСабақ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оразова Жанат Есетқызы

4 Хромтау орта мектебі


Қазақ әдебиеті 7 ә класс
Сабақтың тақырыбы: Қ. Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын» (2- сағат)
Сабақтың мақсаты: а) Қ. Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасының поэтикалық тілін аша отырып, ақынның Ақсақ Темір мен ақыды қалай суреттегенін талдап, Темірді жеңген алып күш турасында әңгімелеу.

ә) Дамыта оқыту технологиясы бойынша сұрақ – жауап, кейіпкерге талдау, балладаның поэтикалық тілін ашу,(теңеу, метафора, тұрақты тіркес) баллададағы жер –су атаулары мен ғұлама, батырларды тауып талдау, сөздікпен жұмыс, мәселе сұрақ беру,ұйқас табу ойыны арқылы дамыту.

б) Оқушыларды білімділікке, отансүйгіштікке,әдебиетті сүуге, ақындыққа, өнерге, батылдыққа, тарихты бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Талдау сабағы

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: Қ.Бекхожин суреті, Ақсақ Темір суреті, Самарқан, Мысыр, Бағыдат суреті.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, музыка, география.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру, үй жұмысын сұрау, қызығушылығын ояту, кейіпкерге талдау, жер- су атауларын табу, баллададағы батырлар мен ғұламаларды табу, ашу, түсіндірме сөздігімен жұмыс,балладаның поэтикалық тілін ашу, мәселе сұрақ беру, ұйқас табу ойыны.

Үй жұмысы бойынша:

Қалижан Бекхожин кім?



  • Қ. Бекхожин қай жылы қандай оқу орнын бітірді?

  • Ақын қандай жанрларды биікке көтерген?

  • Ақын туралы қосымша не білдіңдер?

  • Қ. Бекхожин – лирик,эпик,сыншы, әдебиетші, аудармашы.

  • 1942 жылы Қазақстан Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін тәмамдады.

  • Ақын поэма,баллада, сонет жанрларын биікке көтерді.

Қызығушылығын ояту

Ойлан, тап

  • Ж.Жабаев

  • А.Құнанбайұлы

  • М.Жұмабайұлы

  • М.Өтемісұлы

  • Қ. Бекхожин




  • Қ.Шаңғытпайұлы

  • Ж.Жабаев

  • А.Құнанбайұлы

  • М.Жұмабайұлы

  • М.Өтемісұлы

  • Қ. Бекхожин

Баллада дегеніміз не?

Баллада -лиро - эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең.



Ақсақ Темір кім?

Темір (1336-1405 ж.ж.) – Орта Азияда “Ақсақ Темір”, “Әмір Темір” атанған, көп елдерді жаулап алған әйгілі қолбасшы .



Ақсақ Темірді ақын қалай бейнеледі?

Ақсақ барыс,қара бұлтай, жау түсіне кірген, ашынған жолбарыстай, жыртқыш, ғаламға үрей салған,Жиһангер,қырандай,менмен, темірдей,түкірігі алмастай, кәрлі жүзді,сойқан,Әзірейлі,жанына қайғы жуымаған,жай отындай,зілді,азу тісі ай билеген,аю, қыран көз, бір өкшесін қадаған жер қайысады,бір тепсе Қаф тауыда майысады,қабағымен қалшылдатқан,сұсынан шартарапты қайғы басқан,мың тілді сүйреңдеген кесел,Жаһанды бір аяқпен жаншыған.



Түсіндірме сөздігімен жұмыс


  • Мұсатыр –мүсәтір

  • Зұлфұқар-алмас қылыш

  • Әзірейіл – жаналушы

  • Тажал – ажал

  • Кәлләсі - өзбекше бас деген ұғым

  • Ушықтырды – үдетті

  • Пейіш – жұмақ

  • Күнәһар – кінәлі




  • Зәрлі – улы

  • Кәзәп – оңбаған

  • Ғайбат – қатты сөз

  • Кент – Татар еліндегі қала

  • Мүскін жан – мүсәпір

  • Жаһанда – ғаламда

  • Дарбазасын – қамалын

  • Қыстақ –шағын ауыл

  • Хор қызы – жұмақ қызы

  • Қайыс - тері

Хафиз қандай тілді?

Өткір тілді,заржақ,қайыс таңдай,тілі зәрлі,



Балладада кездесетін жер – су атаулары:

  • Жейхун,Азия,Мысыр,Шираз,Самарқан, Бұқара,Бағдат,Мекке,Қаф.

Балладада кездесетін ғұламалар мен батырлар

  • Әмір,Баязет,Рүстем,Ескендір,Ширван-шах, Махмұт.

  • Хафиз,Мәжнүн,Фердауси, Низами

Ақынның поэтикалық тіліне талдау

Теңеулер


  • Ашынған жолбарыстай,нәзіқой диуанадай,арыстандай,әгелектей,алмастай,қара бұлттай, киіктей, шаяндай.

Метафора

  • -Сен өзің шайыр емес, найсаппысың?

Темірмін тегеурінді байтақ күшім.


Өлсем де айырылмаспын жыр- құтымнан.

Темірді тізе бүктірген алып күш

Дүние жүзін қан сасытып,адам басын таспен қалап сарай салған әміршінің Хафизге жасаған рақымшылығының себебі не деп ойлайсыңдар?

Ұйқас тауып көрейік
Жорықтар жасап небір,

Тарихта қалды ..........

Талайға жасап қастандық,

Ақынға берді .................


Темірге долы күш берген,

Ақынға ........ ...... берген.


Қорытындылау:




Бағалау
Үйге тапсырма: Ғ. Мүсіреповтың М.Горькийден аударған «Өлімді жеңген ана» атты әңгімесін оқып, Ақсақ Темір іс -әрекетін білу, «Темір тізе бүктірген алып күш» турасында эссе жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет