3-дәріс Қазақ тілін оқытудың жаңа қағидалары мен бағыттары Мақсаты



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі26,75 Kb.
#108768
1   2
Байланысты:
2.1 дәріс. Қазақ тілін оқытудың жаңа қағидалары мен бағыттары.

Оқытудың түрлері. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-илюстрациялы (дәстүрлі) және дәстүрлі емес

Қазақ тілі сабағының құрылымы

САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты белсенді, саналы қабылдауға дайындау кезеңі

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

ІV. Жаңа материалды түсінулерін тексеру кезеңі

V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

VІ. Қорытындылау

VІІ. Бағалау

VІІІ.Үй тапсырмасы

Қазақ тілі сабақтарын жүргізу жолдары

1. Сабақты тым ресмилендірмей, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі тәрізді өткізу қажет. Ол негізінен оқытушының сабаққа дайындығына, кәсіби шеберлігіне байланысты жүзеге асады. Топпен жақсы таныс, материалды мүлтіксіз меңгерген оқытушының сабағы неғұрлым қызықты өтеді;

2. Сабақ әрқашанда жоғары көңіл-күймен басталуы керек. Оқытушының сабақтың басында оқушылармен сәлемдесуі, қызу әңгімеге шақыруы оқушылардың көңілін сергітеді, сенімдерін тудырады;

3. Сабақтың жүргізілу ырғағы өте маңызды. Ол жеткілікті дәрежеде жоғары болуы тиіс, алайда, сабақтың басынан аяғына дейін бірдей дәрежеде болмайды. Неғұрлым белсендіру керек екен деп, оқытушының күші сарқылып, тіл үйренушіге тым артық күш түсіріп алудан аулақ болу керек. Ырғақтың баяулауы мен жылдамдауы аралас түрде келіп отыруы қажет. Қызу пікірталастан кейін тыныш грамматикалық ойындар кезектесіп келіп отыруын қадағалаған жөн;

4. Тілдік жағдаятқа байланысты берілген тапсырмалар тіл үйренушіге шынайы өмірдегідей әсер етуі тиіс;

5. Оқушылар тапсырмаларды орындап болған кезде, оқытушы өзінің қорытынды пікірін білдіреді, олардың шамалы жетістіктерінің өзін мақтап, көтермелеп отырады;

6. Сабақ барысында оқытушы оқушылардың белсенділіктерінің төмендемеуін, жағымды эмоционалды тонустарының сақталуын қадағалап отыруы қажет. Ал белсенділіктерінің төмендеуі байқалған жағдайда, қысқа үзіліс жариялап немесе ән айтқызып, ойындар ұйымдастырып жіберуі керек;

7. Оқытушы оқушылардың жіберген қателіктерін ептілікпен түзетіп отыруы керек;



8. Оқушылардың үй тапсырмасын орындауларын, тілдік портфельдерін толықтырып отыруларын тексеруді әр сабақтың басында әдетке айналдыру қажет. Себебі, тек қатаң бақылау, тексеру болған жерде ғана сапалы нәтижеге қол жеткізуге болады [3].

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Оқытуды ұйымдастырудың қандай түрлері бар?

  2. Әдістің қандай түрлерін білесің? Әдіс-тәсіл деген не?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 1999 жылы 7 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы.

  2. Бейсенбаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2002.

  3. Мейрманқұлов А, Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Фолиант, 2010


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет