3 Дәрістін қысқаша курсы



бет44/56
Дата21.10.2022
өлшемі6,02 Mb.
#154427
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
Байланысты:
Агро УМКД

3.14. Тақырып 14. Қысқа тұйықталған және фазалық роторы бар асинхрондық қозғалтқыштың қосылуы. қосылу қасиеттері жақсартылған қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштар.


Ұсынылатын әдебиет:
1. Москаленко В.В. Электрический привод. М: Энергоатомиздат, 2000– 415 с.
2. Чиликин М.Г., Сандлер А.С. Общий курс электропривода. – М: Энергия, 1981. – 1981 г.
3. Басов А.М., Шаповалов А.Т., Кожевников А.С. Основы электропривода и автоматическое управление электроприводом в с.х. – М: Колос, 1972. – 344 с.
4. Шичков Л.П. Автоматизированный электропривод. Методические указания и задания. – М.: ВСХИЗО, 1986.


Тежеу режимдеріндегі АҚ-тың механикалық сипаттамалары

Асихрондық қозғалтқышын тежеудің үш негізгі әдістері бар:


а) қарсы қосу арқылы тежеу режимі немесе электр магниттік тежеу режимі;
б) генераторлық тежеу режимі;
в) динамикалық тежеу режимі.

а) қарсы қосу арқылы тежеу режимі


Егер де ротор айналып тұрған кезде статордың магнит өрісінін айналу бағытын екі фазалық сымдардың орындарын алмастыру арқылы өзгертсек, онда ол өріс роторға тежеу әрекетін көрсетеді. Ротор магниттік өріске қарсы айналғандықтан сырғанау s>1 болады. Егер де ротордың сақинасы бар болса, онда қарсы қосу тоғын шектеу үшін, ротор тізбегіне Rкос активтік кедергі қосады.
2.20-суретте ротор тізбегіне әртүрлі Rкос қосымша кедергілер қосылған кездегі қарсы қосу режиміндегі асинхронды машинаның механикалық сипаттамалары келтірілген.

2.20 сурет. Қарсы қосу режиміндегі АҚ-тың механикалық сипаттамалары


Қарсы қосу арқылы тежеу режимі механизмдерді тез тоқтау үшіп қолданады. Оның құндылығы, айналу жылдамдығы аз болған кезде үлкен тежеу моменттерді құруы. Тежеу процесі кезінде қозғалтқыш электр энергияны коректену көзінен алады, ол энергияны қозғалтқыштың және ротор тізбегіне қосылған реостаттың активтік кедергілерінде жылу ретінде бөлініп айналаға тарап кетеді. Ротордың айналу жылдамдығы нөльге дейін төмендеген кезде қозғалтқышты желіден ажырату керек, әйтпесе ротор қарсы бағыт жақка айналып кетеді.


б) генераторлық тежеу режимі


Генераторлық тежеу режимі ауыр жүкті түсіру кезінде пайдаланады, мысалы: жүкгі кран арқылы түсіру кезінде. Қозғалткыш бұл жағдайда, түсіру бағытқа сәйкес қосылады да, жүктің жылдамдығы синхронды айналу жиілік n1- ге жақын шектеледі, ал жүктің қамданған энергиясы желіге беріледі.
Қозғаттқыштық режимнен генераторлық режимге, ротордың айналу жиілігі n2-ге, магнит өрісінің айналу жиілігі n1-ден асқан кезінде автоматгы түрде өтеді.

2.21 сурет - Генераторлық режимдегі АҚ-тың механикалық сипаттамасы


Генераторлық режимнің механикалық сипаттамасын қозғалтқыштың механикалық формуласына теріс сырғанауды қою арқылы кұруға болады (2.21-сурет).


Генераторлық режимде қозғалтқыштық режимдегі максималды моменттен 30-40% үлкен болады, себебі генераторлық режимде Е1 > U1, ал сондықтан магниттік ағын және максималды момент күші ұлғаяды.

в) динамикалық тежеу режимі


Динамикалық тежеу режимі кезінде қозғалтқыштың статоры желіден ажыратылады да, екі фазасы тұрақты ток көзіне қосылады (2.22-сурет).
Қаралып отырған режимде асинхрондық машинаның жұмысын сараптасақ статордың орамасынан өтетін Ік қоздыру токты эквиваленттік айнымалы ток Іэкв алмастырады. Эквиваленттік ток магниттік қозғаушы күшті тудырады, яғни

Ғэкв = Ғқ , жалпы жағдайда байланысты эквиваленттік айнымалы токтың мәнін анықтаймыз: Iэкв = CIқ, мұндағы коэффициент С статор ормасының қосылу сұлбасына және фазаның орамасына тәуелді.



2.22 сурет. Динамикалық тежеу режиміндегі АҚ-тың қосылу сұлбасы


Егер де магниттеуші котуррдың индуктивтік кедергісін Хμ = const деп есептесек, онда
Ммакс= , Sкр =
Қаралып отырған режим үшін механикалық сипаттамаларды (2.23-сурет) мына тендеу бойынша тұрғызуға болады:


М =


Хт ≥ X1 болғанықган sкр/ кедергі R2 мәні өзгермегенде sкр = ,
неғұрлым аз болады.



2.23 сурет. Динамикалық тежеу режиміндегі АҚ-тың механикалық сипаттамалары

Динамикалық тежеу моментінің механикалық сипаттамалар түрін реттеуді келесі мәндерді өзгерту арқылы іске асыруға болады:


-статор орамасындағы қоз-дыру токты Ік: неғұрлым ток Іқ үлкен болса, соғұрлым максималды момент үлкен болады;
-ротор тізбегіндегі қосымша кедергі R қос арқылы, активтік кедергіні: неғұрлым R қос үлкен болса, соғұрлым қисық жоғары жатады.
Мысалы, 2.23-суреттегі қисық 1- қоздыру токқа Ік] және қосымша R қос кедергіге сәйкес; қисық 2 – ІкІ токқа және кедергіге сәйкес; қисық 3 – Іқ токқа және кедергіге сәйкес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет