3 II. Негізгі бөлім


Әлемдік қаржы нарығының қызмет ету шаралары



бет4/4
Дата04.09.2022
өлшемі103 Kb.
#148695
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат Әлемдік қаржы нарығы

2.3. Әлемдік қаржы нарығының қызмет ету шаралары
Қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарына мыналар жатады :
1) реттелген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;
2) Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма – қол және қолма – қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
3) несие нарығының жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие ресурстарының қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:
1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
2) қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
4) бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату; распубликалық, сондай –ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық даму барысында әр ел өз өндірісін табысты жүргізуге, үздіксіз өрге бастыруға ынталы болады. Бұл үшін материалдық өндіріске қаржы қажет екені белгілі. Егер қолда қажетті қаржы болмаса, не істеу керек? Осындай жағдайда қаржыға қажеттілік, несие нарқы арқылы шешіледі. Экономикалық даму талабы капитал нарқының қозғалысына да өзгерістер енгізуді алға тартты. Сондықтан капиталды нарықта сала-салаға бөлу, оны пайдалануда мерзімдік жағынан шектеуді өзгерту қажет болды. Қарыз капиталының тек бұрынғы ғана түрі қысқа мерзімдісі қысқартылып, оның орнына қаржыны бірден орташа және ұзақ мерзімді нарық арқылы пайдалану ісі өмірге келді. Экономикалық тиімділік тұрғысынан алғанда, қарыз капиталын пайдаланудың бұл шарасы аса тиімді. Бұл шара несие нарқында шетелдерден капитал алуды және шетелдік мемлекеттердің заңды тұлғаларға, жеке азаматтарға беретін қаражатты нарыққа шоғырландыра отырып, қаржыға деген сұранысқа сәйкес капитал бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Бұл әдіс нарықтық қатнас жүйесінде несие нарқын тиімділік мақсатта дамытуға, капитал қозғалысын барынша өрістетуге елеулі үлес қосады.
Әрбір мемлекеттің экономикалық дамуы қаржылық көмекті кажет етеді. Әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығы әлемдегі барлық мемлекеттердің экономикасының дамуына тікелей әсер етеді. Себебі белгілі бір өнімді өндіріп,айналысқа енгізу үшін белгілі мөлшердегі қаржылық қамтамасыз етілу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М.Н. Нәдіров, Д.Б.Қалыбекова Шет мемлекеттер қаржылары Экономика 2006.

  2. Ұ.М. Искаков, Д.Т.Бохаев, Э.А.Рузиева Қаржы нарығы және делдалдары Экономика 2008.

  3. www.google.kz

  4. Смагулова Р. Қаржы нарқы : Оқулық – Алматы : 2001





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет