Абайдың «Толық адам»философиясы



Дата20.11.2023
өлшемі19,75 Kb.
#191994
Байланысты:
Абайтану қолданбалы курсынан сабақ.(11кл)
27.07, Нурсултанова Н. Психология 08.04, 4 апта, Новый документ, Новый документ, тәрбие сағаты 1, Қауіпсіздік информатика, сергіту ойын жаттығулары 5-11 сынып, Ықтималдық теория (каз) студенттерге, здіксіз кездейсо шамаларды модельдеу дістерін (1), вирус қмж, 1589454400, 1589454400, ОВП, Бисенғалиев А.А - 020110550229

Абайдың «Толық адам»философиясы

Мақсаты: Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету.


Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету, тәлімдік мүмкіндік туғызу,оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, өзгені өзіндей қабылдауға, өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін сыйлаудың маңызына мән беру;
Міндеттері: 1 Оқушыларды Абай шығармашылығымен, соның ішінде Толық адам туралы ұстанымдарымен таныстыру.Абай шығармаларының тақырыбы мен идеясын ашу, мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу;
2. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
3.өз бетінше ізденуге баулу.
Көрнекіліктер АКТ,үлестірмелі қағаздар, , маркер,стикер
Әдістер СТО стратегиялары: «Ойшақыру», «Алты қалпақ», «Ой толғау», «топтастыру»,
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
1) Тренинг: Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Әсем - әдемі» тренингін өткізу.
«Өзіңе мақтау, мадақтау айту жеңілге түсе ме екен?»
2) Смайликтер арқылы топтарға бөлу. Смайлик түстеріне қарай топтасады
2. Жаңа сабақ:
І Ой шақыру:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Мына шумақтың қай тармағына ерекше назар аударар едіңдер?
Мен бір жұмбақ адаммын.
Ендеше, бүгінгі сабақтың мақсаты осы Абай жұмбағын шеше отырып, шығармаларына талдау жасау.
1-топқа: Абай өлеңдеріндегі Адам проблемасы жайында ой тастау.
2-топқа: Өз пікірлеріңше Адамды адам етіп тұратын қандай қасиеттері?
- Кейде халық біреулерді «Адам емес» деп жатады,
оларға кімдерді жатқызар едіңдер?
- Қалай ойлайсыңдар, «Адам» деген кім?
(топпен жұмыс істеп, ойларын ортаға салады. Постер қорғайды)

II Мағынаны тану жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:
ІІІ Кубизм
1. суреттеңіз
2. саластырыңыз
3. зерттеңіз
4. қолданыңыз
5. бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?
6. қолдаңыз не қарсы шығыңыз.
1) Суреттеңіз:
Кубиктің осы беті түскен сәтте 1 Өз пікірлеріңше Адамды адам етіп тұратын қандай қасиеттері? Тірек – сызба бойынша түсіндіреді.
2) Зерттеңіз: Тақырып бойынша оқушылар өз білгенін ортаға салады. Бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді?
Зертетушілер тобынан төмендегіше сұрақтар қойылады:
1. Қазақ халқы неліктен Абайды - ұлы ақын , философ деп санаған?
2. Абайдың «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деген сөзінің мәнін қалай түсінесің?
3. Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетке нелер жатады?
Оқушылардың жауабы: 1 Себебі, Абайдың әр өлеңінде оның ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі бар, көркемдік ойлаү, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды, Осының өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі. қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығыні терең ашып көрсетті
2 Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алып, ақынның «Адам болам десеңіз» деген тезисі негізінде ары қарай желілеп таратылып, жыл өткен сайын күрделене түсуде.
3 Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз.
V. Рефлексия: Бүгінгі сабақтың соңында түсінбеген ойларыңызды, алған әсерлеріңізді, мына қағаздарға жазып, жабыстыруларыңызды сұраймын.
Қорытынды:Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді.Көне Қытай данасы Конфуций «Өзгені таныған адам – данышпан, ал өзін таныған адам бүкіл Әлемді билейді» деп айтқан екен

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет