2.2. Әлемдік қаржы нарығының негізгі белгілері
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық үдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпықоғамдық өнім мен үлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді. Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бүл қатынастардың мазмүны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болтын жалпы нышан. Сөйтіп кезгелген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес ал кезгелген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық қүрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі денгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ тек ғана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ.
Қаржының ерекше белгілер : қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жүмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепетендіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес).
Достарыңызбен бөлісу: |