3 лекция. Ұйым түсінігі және оның түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы


Әлеуметтік-техникалық құрылымы жұмысшылардың еңбек қатынастарының бөліскен жұмыс орны жүйесін бейнелейді



бет8/16
Дата02.10.2023
өлшемі287 Kb.
#183319
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
prezentacziya
правряпч, Денсаулықты-нығайту-Дәріс

Әлеуметтік-техникалық құрылымы жұмысшылардың еңбек қатынастарының бөліскен жұмыс орны жүйесін бейнелейді.

Әлеуметтік құрылым жұмысшылардың, басшылардың бір-бірімен болған қатынасымен байланысты. Әлеуметтік құрылым ресми және бейресми топтармен, құндылықтармен, нормалармен, билік, әсер ету және т.б. қатысты. Әлеуметтік құрылым ретінде ұйымның мынадай потенциалдары бар:

Әлеуметтік құрылым жұмысшылардың, басшылардың бір-бірімен болған қатынасымен байланысты. Әлеуметтік құрылым ресми және бейресми топтармен, құндылықтармен, нормалармен, билік, әсер ету және т.б. қатысты. Әлеуметтік құрылым ретінде ұйымның мынадай потенциалдары бар:

- басқару потенциалы (жағдайды түсіну және ұғыну, дағдарыс кезінде мәселені анықтау және шешім қабылдау қабілеті тәуекелге дайын болу);

- психологиялық потенциал (байланыстың тұрақтылығы және моральды-психологиялық климаттың жағдайы).

Нормативтік құқықтық құрылымы ұйымның функциясын жүзеге асыру үшін қажетті норма жүйесін көрсетеді.

Ұйымдық мәдениет және оның элементтері

Ұйымдық мәдениет концепциясы 1980 жылы АҚШ-та стратегиялық басқару, ұйым теориясы және тұлғаның іс-әрекеттерін зерттеу нәтижесі барысында ойлап табылды.

Ұйымдық мәдениет ұйымда қалыптасқан дәстүрді, құндылықтарды, символды, сенімді, ұйым мүшелерінің ресми және бейресми іс-әрекеттерін бейнелейді.

Ұйымдық мәдениет төмендегі маңызды функцияларды жүзеге асырады:

  • қорған: ұйымды әр түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардан қорғайды;
  • біріктіру: адамдарды біріктіріп, олардың ұйымның бір бөлігі екендігі сенімін ұялатып қалыптастырады;
  • реттеу: ұйымда жалпы әлеуметтік-психологиялық климатты орнықтырады және сыртқы қоршаған ортаға қарсы ережелер мен нормативтерді қалыптастырады;
  • коммуникация: адамдар арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады;
  • адаптация: адамдардың бір-бірлерімен бейімделуіне септігін тигізеді;
  • бағыт: адамдардың іс-әрекеттеріне жалпы ұғым беріп бағытын айқындайды;
  • мотивация: ұйым мүшелерін ынталандырады;
  • тәрбие: ұйым мүшелерін тәрбиеге баулыйды;
  • имидж: сыртқы қоршаған ортаға (тұтынушылар, клиенттер, бәсекелестер, серіктестер, қоғам) қарсы имидждін қалыптастырады.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет