3-модуль 1-күні бойынша тыңдаушылардың өзіндік жұмысы (өзіндік жұмыс 120 минут) Ескерту


Сіздің кәсіби даярлығыңызды жақсарту үшін тағы да не істеу қажет?



бет4/11
Дата07.02.2022
өлшемі297,67 Kb.
#89503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3-модуль СР №1
Networks and telecommunications, TS Algebra rus 8 klass 090318
5.Сіздің кәсіби даярлығыңызды жақсарту үшін тағы да не істеу қажет?
Супезвизияларға көбірек қатысу. Коучтарға қатысу; Тәжірибе алмасу; Семинарлар мен конференцияларға қатысу; Интенсив курстарға қатысу; Практикалық жұмыстар атқару; Қазақстандық психологтармен және шетелдік психологтардың іс-тәжірибесімен сусындау; Білімімді одан әрі жетілдіру.
Өзіндік жұмыс №2
Психолог монологымен танысыңыз және берілген сауалдар бойынша пікіріңізді білдіріңіз.


Психолог монологы (К. Роджерс бойынша)
Психолог сезінеді: «Міне бұл - басқа адам, менің клиентім. Мен одан аздап қорқамын, өзімнің ішкі жан дүниемнің тереңдігінен қорыққаным секілді, оның да ішкі жан дүниесінің тереңдігінен қорқамын. Дегенмен де ол сөйлей бастағанда, өзімнің онымен жан дүниемнің жақындығын және оған деген құрметімді сезінемін. Мен оның ішкі әлемі өзі үшін қаншалықты қорқынышты екендігін және сол қорқынышты әлемдегі оның өзіндік ұстамдылығын түйсінемін. Мен оның сезімдерін сезініп, ой елегінен өткізгім келеді және оның сезімдері туралы жақсы түсінетіндігімді білгенін қалаймын. Мен оның тар қапастағыдай сырға толы кішкене ішкі әлемін онымен бірге қабылдайтынымды және сол кішкене әлемге қорықпай қарай алатынымды білемін... Мүмкін мен оның кішкене әлемінің өзі үшін қауіпсіз болуына ықпал ете алатын шығармын. Онымен қарым-қатынастағы менің сезімдерімнің мейілінше ашық және айқын болғанын, сондай-ақ ол оның шынайылығы мен айқындылығын сезінгенін, өзі қалаған уақытта қайта-қайта айналып келуіне болатындығын білгенін қалаймын. Мен оның ішкі әлемінің ең тереңінде қорқыныш, махаббат, жек көрушілік секілді сезімдері бар әлемге онымен бірге осы қиын «саяхатқа» бірге шығуды қалаймын. Бұл «саяхат» мен үшін де, ол үшін де күтпеген жайттарға, тіпті мен өзімнің қорқыныштарымды білместен оның өзі үшін жаңа сезімдерді ашуына да көмектесуім мүмкін. Мен оның жаңадан сезінген сезімдерін қаншалықты түйсіне алсам, менің оған көмектесу сезімім соншалықты шектеулі болады. Мен оның бойындағы қорқыныштары кейбір уақыттарда мені өзін жақсы көрмейтін, қабылдамайтын, оның өміріне килігіп, араласатын, жан дүниесін түсінбейтін адам ретінде көретінін түсінемін. Мен оның сезімдерін толықтай қабылдағым келеді, дегенменде, менің оған деген өзіндік сезімдерімнің шынайылығын ашық, айқындығын көре алады. Бәрінен бұрын ол менің бойымнан тірі шынайы адамды көргенін қалаймын. Сондықтан да маған менің сезімдерім қаншалықты «психотерапиялық» болды деп мазасызданудың қажеттілігі жоқ. Егер мен өзімнің шынайы кім екенімді және кім болғым келетінін, өзімнің сезімдерім мен ойларымды қатынастарда ашық көрсете алатын болсам, онда бұл психотерапияның негізі бола алады. Сонда мүмкін, ол ешқандай үрейсіз, ашық түрде өзінің ішкі жан дүниесіне сәйкес адам бола алады» (Роджерс, 1994).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет