3-модуль 1-күні бойынша тыңдаушылардың өзіндік жұмысы (өзіндік жұмыс 120 минут) Ескерту



бет2/11
Дата07.02.2022
өлшемі297,67 Kb.
#89503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3-модуль СР №1
Networks and telecommunications, TS Algebra rus 8 klass 090318
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Тиімді кеңес берушінің жеке қасиеттері тізбесінің қайсысы Сіздің бойыңызда бар?

  1. Қажырлық және білуге деген құмарлық; өзін-өзі оқытуға қабілеттілік.

  2. Өзіне жауапкершілік алуға деген даярлығы.

  3. Ынтымақтастыққа қабілеттілік және әдептілік.

  4. Адами құндылықтарды ажырата білуі.

2.Бұл қасиеттердің бойыңызда бар екендігін қызметіңізде бұрыннан байқаған ба едіңіз? – Иә.


Оны байқауыңызға не түрткі болды?
Жоғарыда аталған қасиеттерді өз бойымнан бұрыннан бері байқанмын. Себебі, тапсырған істі дер кезінде орындамасам, ішкі дауысым маза бермей, тыныш ұйықтай алмаймын. Тек уақытты дұрыс пайдалана алмай, түннің бір уағына дейін жүріп қалатыным бар(әрине қонақтар келсе). Сол үшін қынжыламын. Ұяламын.
Тәжірибеңізбен байланыстырып түсіндіріңіз. Мәселен, ертеңгі болатын сабақтың тапсырмаларын шыққанын көрісімен, оны орындауға деген құштарлығым арта түспесе кемімейді. Бүгінгі істі ертеңге қалдырмағанды жөн көремін. Талмай еңбек етуге, білуге деген құмарлығымды достарымыз бен әріптестерім де бағалап, оқудан шаршамайды екенсің дейтіндері де бар. Жаңаны білу, үйрену мен үшін үлкен БАҚЫТ! Әрдайым жұмысымдағы әріптестерім мен ата-аналарды, оқушыларды ғана емес, айналамдағы адамдарды да ынтымақтастыққа шақырамын. Қай кезде де әдептілік танытып, әр адамның жүрегіне баратын кілтін табуға тырысамын. Егер айналамдағы қоршаған адамдарға ізгіліктің дәнін себе білсем, оның нәтижесін көрсем, қуанамын. Мен өз мамандығымды сүйемін! Барлық баланы жақсы көремін. Жақсы көру барлығын жаңғыртатын күш. Баланың шынайы табиғатын сезініп, табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып, қалай бар солай қабылдап, түсіне білу - бір бақыт. Әрбір баланы жақсы көру, түсіну, сыйлау арқылы қанаттандыруға болады. Баланы ақылға құлақ қойғыштыққа, тілалғыштықа қалай жеткізуге болады?
Баланың жүрегінде жоғары «Мен» орын алған. Ол интуитивті түрде бәрін сезінеді. Егер анасы оны өтірік айтып, алдап тұрса онда бала тыңдамайды. Ал егер әкесінің айтып тұрғаны басқа болып, істегені одан да басқа болса, бала оған да құлақ аспайды. Егер баланы алдап, табиғатына қарсы әрекет етсе, онда ол бала тыңдамайды. Егер мамасы оған үлкендердің ақылын тыңдау керек деп тұрып, өзі күйеуін тыңдамаса, онда бала да олардың ақылына құлақ аспайды. Баланы ақылға құлақ қоятын, тілалғыш ету үшін ең алдымен ынтымақтастықа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін-өзі жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуі тиіс
екенін ата-аналар жиналысында түрлі семинарлар, дәрістер, ойын-жаттығулар ұйымдастыру арқылы түзету-дамыту және ағартушылық жұмыстар жүргіземін. Яғни, күнделікті өмірде ата-аналар балаға үлгі болуы тиіс екенін, өзге адамдардан тек жақсылықты көруге үйретуі керек және олармен өздеріне басқалардың қандай қатынас жасағанын қаласа, өздері де сондай қатынас жасауға тиіс екенін үйрету керек екенін, психологиялық көмек пен қолдауды қажет ететін тұлғаға қауіп төндірмей, керісінше, өздерін қауіпсіздікте болатындағына сенім ұялатып, оларға қамқорлық көрсету дағдысын дамытуға ат салысамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет