Объективті тексеру: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі мен ауыз қуысының шырышты қабығының түсі қалыпты, көздерінің склерасы – сарғыштанған, t0-36,80C. Тері асты-май қабатының шамадан тыс дамуына байланысты ішінің көлемі ұлғайған, симметриялы, ішінің оңжақ бүйірінде көкшіл дақтар байқалады. Іші тыныс алуға қатысады, бірақ эпигастрий аймағы тыныс алудан қалып отырады. Пальпация кезінде іші жұмсақ, жоғарғы бөлігінің кеуіп тұрғаны анықталады. Бауыр оңжақ қабырға доғасының тұсында, өт қапшығы, көк бауыр және бүйректер пальпацияланбайды.Щеткин-Блюмбер және «ұрғылау» симптомдары теріс. Керте, Воскресенский және Мейо-Робсон симптомдары оң. Аускультация кезінде ішектің баяу перистальтикасы естіледі. Ps-102 соққы/1 мин., АҚ-120/80 мм.сын.бағ. Үлкен дәреті бүгін болмаған. Зәр шығаруы қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |