Объективті тексеру:Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, ол ауру сезімімен байланысты. Науқастың қалпы мәжбүрлі, екі тізесін ішіне қарай тартып бүрісіп отыр. Бетінің терісі бозғылт және суық тер басқан, ауыз қуысының шырышты қабатының түсі қалыпты, t0-36,80C. Іші симметриялы, тыныс алуға қатыспайды. Беткей пальпация кезінде іштің консистенциясы «тақтай» тәрізді және іштің барлың аймақтарында қатты ауру сезімі анықталады, іш бұлшық еттерінің шамадан тыс қатаюына байланысты терең пальпация жасау мүмкін емес. Щеткин-Блюмберг, Спижарный және Мендель симптомдары оң. Аускультация кезінде ішектің баяу перистальтикасы естіледі.Ps-98 соққы/1 мин., АҚ-100/60 мм.сын.бағ. Үлкен дәреті болмаған, кіші дәреті қалыпты.