Түскен кездегі шағымдары:ішінің барлық аймағының бүріп ауыруы, ішінің кебуі, үлкен дәретінің болмауы және желдің шықпауы.
Анамнезі: 2 жыл бұрын жедел аппендицитке байланысты аппендэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін анда-санда іші түйіліп ауырып жүрген.Қазіргі жағдайының нашарлағанына 3-4 сағат болған. Үйінде өзі но-шпажәне баралгин таблеткаларын ішкен, бірақ ішінің ауырғаны басылмаған.
Объективті тексеру:Жалпы жағдай орташа ауырлықта. Терісі мен ауыз қуысының шырышты қабығының түстері қалыпты, t0-36,70C. Іші анағұрлым кепкен, кернелген, ішінің консистенциясы «үрленген доптың» консистенциясындай, тыныс алуға қатыспайды. Щеткин-Блюмбер және «ұрғылау» симптомдары теріс. Валь, Кивульжәне Скляров симптомдары оң. Іштің аускультациясы кезінде ішек перистальтикасы естілмейді. Ps-86соққы/1 мин., АҚ-110/70 мм.сын.бағ. Үлкен дәреті болмаған, жел шықпайды. Зәр шығаруы қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |