Түскен кездегі шағымдары:басының айналуы, көзінің қарауытуы, «кофе тұнбасы» тәрізді құсықпен бір рет құсқандығы, үлкен дәретінің қара болуы және жалпы әлсіздік.
Анамнезі:Кешеден бері ауырып жүр екен. Ауру басталған кезде эпигастрий аймағында ауыру сезімі пайда болған, уақыт өте келе ол өздігінен басылған, содан кейін жоғарыда аталған шағымдар пайда болған. Науқастың айтуынша, соңғы 2 жылда көктем-күз мезгілдерінде анда-санда эпигастрий аймағында ауыру сезімі мазалайды, кейде – тәуліктің түнгі уақытында. Дәрігерлерге қаралмаған, медициналық тексерістерден өтпеген. Іш жарақатын алмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |