406 бап. Сатып алу-сату шарты


-бап. Сатушының тауар беру жөнiндегi мiндеттерi



бет3/25
Дата21.12.2021
өлшемі47,3 Kb.
#104556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Сатып алу-сату шарты
дельфи зертханалық жұмыс, Сатып алу-сату шарты
408-бап. Сатушының тауар беру жөнiндегi мiндеттерi

Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге және де, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бiрге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды (тауардың жиынтықтылығын, қауіпсіздігін, сапасын, пайдалану тәртiбiн және т.б. куәландыратын құжаттарды) беруге мiндеттi.



409-бап. Тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi

1. Сатушының сатып алушыға тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi шартта белгiленедi, ал егер шартта мерзiмдi белгiлеуге мүмкiндiк болмаса, осы Кодекстiң 277-бабында көзделген ережелерге сәйкес белгiленедi.  


2. Егер мерзiм бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделiлiгi жоғалатындығы шарттан айқын туындайтын болса, сатып алу-сату шарты оны қатаң белгіленген мерзімде орындау талабымен жасалды деп танылады. Сатушының мұндай шартты онда белгiленген мерзiм басталғанға дейiн немесе бiткеннен кейiн сатып алушының келiсуiнсiз орындауға құқығы жоқ.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет