5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет210/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақтың мақсаты – ғұн әскери өнерінің жоға-
ры деңгейде болғанын және ғұндардың жеңімпаз 
жорықтарының негізгі кепілі болғанын анықтау. Са-
бақтың басында оқушыларға иілгіш жебелі садақтың 
суретін көрсетіңіз және мұқият назар аудартып, мы-


5-тарау. 
Ғұндар
131
надай сұрақтарды қойыңыз: "Суреттен не көріп тұр-
сыңдар? Оның қызметі қандай? Оны қалай қолдана-
тынын көрсете аласыңдар ма?"
Оқушылар сұрақтарға жауап береді және кейбір 
оқушылар қолдарымен садақты қалай қолданатынын 
сыныпқа көрсетеді. 
Анықтаңдар 
Оқушыларға «Әскери-әкімшілік басқару жүй-
есі» деген мәтінді оқуға уақыт беріңіз. Мәтінді оқып 
болғаннан кейін оқушылар
 
жұппен лауазымдары-
на сәйкес ғұн мемлекетіндегі әскери иерархияны 
анықтап, сатылап жоғарылай түскенін түсіне отырып
 
пирамадиға орналастырады. Түменбасы мен жауын-
гердің құқықтары мен міндеттерін салыстырады.
 
Кейбір оқушылар
 
жұппен
 
ғұндардың басқару жү-
йесінің артықшылықтары (+) мен кемшіліктерін (–) 
жіктейді. Бұл тапсырманы кесте негізінде ұсыныңыз. 
Яғни, кесте екі бағаннан тұрады. Бірінші бағанда ар-
тықшылықтары (+), екінші бағанда кемшіліктері (–).
Соңында бүкіл сыныппен талқылау ұйымдастырыңыз:
1. Лауазымдарына сәйкес ғұн мемлекетіндегі әске-
ри құрылымды анықтаңыз.
2. "Түменбасы мен жауынгердің құқықтары мен 
міндеттері қандай болды?" деген сұрақтар қоя 
отырып, сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз. 
Оқушылар өзара пікір алмасу арқылы өз ойларын 
жинақтайды, қорытынды жасайды. Тапсырманың 
соңында оқушы қабілетіне қарай, таңдау беру мүм-
кіндігімен мынадай сұрақтарды рефлексия ретінде 
ұсынуыңызға болады: 
1. Ғұндардың әскери-әкімшілік басқару жүйесі
қандай ой тудырды?
2. Әскери-әкімшілік жүйенің ғұндардың жеңістерімен 
байланысы қандай? 
3. Сендерді не таңғалдырды?
Жауаптары. 
Жоғарыдан төменге қарай лауазы-
мына сәйкес пирамидаға орналастырады: шаньюй, 
түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы, жауынгер. 
Ғұндарда әскери иерархиялық мемлекет қа-
лыптасқанын ерекше атайды. Мысалы, Қытай дерек-
терінде ғұндардың жоғарғы билеушісі "шаньюй" деп 
аталады. Оның қолында шексіз билік болды. Одан 
кейін "түменбасылар" деп аталатын бекзадалар тұр-
ды. Олар тәңірқұттың ұлдары, інілері немесе жақын 
туысқандары болатын. Түменбасылар өз иеліктерінде 
мыңбасыларды, жүзбасыларды тағайындай алатын 
еді. Лауазымдар мен жоғары шендер мұраға қал-
дырылды. Ғұндар соғыс тұтқындарынан және бағы-
нышты өңірлердің халқынан тұратын құлдар ұстаған. 
Олар құлдарды үй қызметшілері, бақташылар, қолө-
нершілер және жер жыртушылар ретінде пайда-
ланған.
Сипаттаңдар 
Оқушылар «Ғұндар қалай қаруланған?» деген мәтін 
мен сурет мәліметтері негізінде ғұн жауынгерінің қа-
ру-жарақтарын атайды. 3-суреттегі ғұн жауынгерінің 
қару-жарақтарына мәтін негізінде атау береді.
Топпен ғұндардың «ысқырғыш жебелі садағын» 
сипаттайды. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушы-
ларды бірнеше топқа бөліңіз. Оқушылар берілген су-
рет пен мәтін мәліметтер негізінде ғұндардың әскери 
өнері мен жебелі садақты сипаттап, мынадай мәселе-
лерді талдайды: "Жебелі садақ деген не? Оның қан-
дай түрлері бар? Ғұндар неге жебелі садақты негізгі 
қару ретінде таңдады? Ысқырғыш жебелі садақтар-
дың ерекшеліктері мен артықшылықтары қандай?" 
Шайқасқа қай қару-жарақты алатынын ойланып, се-
бебін айтады. Соңында топтар бір-біріне баға береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет