5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Жауаптары.  Кім? – Қытай императоры. Не? – Ұлы  Қытай қорғаны



Pdf көрінісі
бет214/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Жауаптары
Кім? – Қытай императоры. Не? – Ұлы 
Қытай қорғаны.
 
Неге? – Ғұндардан қорғану үшін. Қа-
шан? – Б.з.д. III ғасырдың соңы. Қайда? – Қытайда. 
Сұхбат алыңдар 
Оқушылар тақырып бойы қарастырылған мазмұн 
негізінде Мөденің жеңімпаз жорықтары туралы ой 
түйеді. Бұдан соң өздерін Мөдеден сұхбат алушы 
ретінде елестетіп, үш сұрақ құрастырады. Құрастыр- 
ған сұрақтарын көршісіне қойып, жауабын тыңдап
көршісінің сұрақтарына жауап береді. Нәтижесінде 
оқушылар жұппен мәтін мазмұнымен таныса оты-
рып, ғұндардың қытайлықтарды жеңуінің маңыз-
ды екенін, ғұндардың ықпалы күшті болғанын, тіпті 
Хань империясының өзіне қауіп төндіргенін түсінеді. 
Мәтіннен дәлелдер келтіріп, пікір алмасады.
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар деректермен, картамен жұмыс жасау 
тапсырмаларында бірін-бірі бағалауға мүмкіндік 
беріңіз. Сонымен қатар Мөде шаньюйге кем дегенде 
3 сұрақ құрастырып, деректерге талдау жасау бары-
сында нақты критерийлерін ұсына отырып, бағалаға-
ныңыз тиімді. Мысалы, деректің мазмұнын талдайды, 
деректердің шынайылығын дәлелдейді, автордың 
деректі жазудағы түпкі мақсатын анықтайды, жұппен 
бір-бірінің сұрақтарына жауап берген кезде жұптық 
бағалау ыңғайлы. 
Ғұндардың басқа елдермен қарым-қатынастары 
туралы кем дегенде 2 фактілі 20–30 сөзден тұратын 
әңгіме жазады. Оқушылар жеке: "Кім? Не? Неге? Қай-
да? Қашан?" деген сұрақтардың кем дегенде үшеуіне 
өздері таңдап жауап береді. Осылайша саралап оқы-
ту жүзеге асырылады.
Топтық бағалау.
Оқушыларды топтарға бөліңіз. Оқушылар топтар-
мен парақтарға сұрақтар жазып, басқа топқа береді. 
Өздері сол топ берген сұраққа жауап жазып, кері 
қайтарады. Жауап жазылған парақты алған ойыншы 
сол жауаптан сұрақ тудырып, кері қайтарады. Ойын 
осылай жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет