ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясы Шәкәрім
Құдайбердіұлы
–
Абайдың
ойшылдық
дәстүрін
жалғастырушы. Шәкәрім Құдайбердіұлының ар-ұждан философиясы,
әлеуметтік, ағартушылық және жаратылыстанушылық көзқарастары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни философиясы, ғылыми-
жаратылыстанушылық және саяси-әлеуметтік ойлары. Ғұмар Қараштың өмір
философиясы және дін мен ағартушылықтың арақатынасы хақындағы
пайымдаулары.
XIX ғ. аяғы мен XX ғ. бірінші жартысындағы ұлттық ояну
философиясы.
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы,
Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт
Торайғыров, Жақып Ақпаев, Мұхтар Әуезов және тағы басқа ойшылдардың
еңбектеріндегі философиялық мәселелер. Ғылым, мәдениет, білім беру және
болашақ қоғамның теориялық мәселелерін талдау.
Қазақ зиялылары философиясының қазақ халқының ұлттық
оянуындағы ролі.