6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясатының бағыттары мен кезеңдері



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата08.02.2022
өлшемі440,26 Kb.
#120874
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
6 семинар жоспары
2 5343541208645896007, 2 5343541208645896007, Сауалнама Сымбат, алкан
 
Өз кезегінде декларацияның қабылдануы 
жағдайында кейінгі Кеңес Одағының даму мәселесі күн тәртібіндегі басты 
мәселеге айналды. 
3.
 
Тамыз бүлігі. 
1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл 
жұмысты үзіп жіберді
.
КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер-
министрі В.С. Павлов, КСРО МҚК-нің төрағасы В.А. Крючков, КСРО Ішкі 
істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, КСРО Жоғарғы 
Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар 
жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық билік осы 
ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бұл іс жүзінде Кеңес Одағындағы ескі 
мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында 
Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс еді. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол 
қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы 
бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан 
әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде қалыптасып келе 
жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың 
орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу 
көзделді. ТЖМК-ның №1 қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық 
ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылатын болды және 
митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге 
шығуға тыйым салынды. ТЖМК Мәскеуге ірі әскери күштер топтастыра білді
.
Олар МҚК-нің әйгілі «Альфа» тобын, ішкі әскерлердің Дзержинский 
атындағы аса ірі дивизиясы мен Қорғаныс министрлігінің даңқты Тамань 
мотоатқыштар дивизиясы, Кантемир дивизиясы мен әскери-әуе десантының 
Тула дивизияларына арқа сүйеді. Әлемге әйгілі бұл дивизиялар түрлі 
жаттығуларда әбден шыныққан, бақайшағына дейін ең соңғы үлгідегі қару-
жарақпен қаруланған жойқын күш болатын. Бірер күннің ішінде Мәскеуге 4 
мыңнан астам әскери қызметкерлер, 312 танк, 427 бронетранспартер мен 


БМП-лар шоғырландырылды.
 
Әскери-әуе десантының қосымша күштері 
Ленинград, Таллин, Тбилиси және Рига қалаларының маңына топтастырылды.
Демалыстағы КСРО-ның президенті М.С.Горбачевті Қырымда «Форос» 
мемлекеттік саяжайында қоршауға алған әскери күштер мемлекет 
басшысының сыртқы әлеммен байланысын үзіп, төңкеріс басшылары оның 
денсаулық жағдайына орай бадан былай елді басқара алмайтыны туралы 
ақпарат таратып, елде төтенше жадай енгізілетіні, Коммунистік партиядан 
басқа партиялардың бәрі таратылатыны, «Правда», «Труд» тағы бірнеше 
газеттерден басқа басылымдардың бәрі жабылатыны жөнінде бұйрық 
жариялады
.
Бұл – аз ғана уақыт болса да еркіндік, бостандықтың дәмін татып 
үлгерген миллиондаған адамдардың ұнжырғасын түсірді.
Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н. Ельцин басқарды
.
Оны Мәскеу қаласының мэрі Г. Попов, Ленинград облысы мен қаласының 
басшысы А. Собчак, КОКП басшыларының бірі А. Яковлев, Э. Шеварднадзе 
және т.б. қолдады. Төңкерісшілерді жоғары шенді әскерилер мен партиялық 
номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде тамыз бүлігінің 
көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, 
тамыз бүлігін айыптады
.
21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен 
Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. 
ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Бірақ, 
бәрі кеш еді. Жаңа Одақ туралы шарт сөз болудан қалып, КСРО-ның іргесі 
сөгіліп сала берді
.
Небәрі бір апта аралығында Украина (24 тамыз), 
Беларуссия (27 тамыз), Молдова (27 тамыз), Өзбекстан (29 тамыз), Әзірбайжан 
(30 тамыз), Қырғызстан (31 тамыз) өз тәуелсіздігін жариялады
.
Оған дейін 
Балтық бойы елдері мен Грузия және Ресей (12 маусым) өз тәуелсіздігін 
жариялаған болатын. Тәуелсіздік шеруін бұдан әрі Тәжікстан (9 қыркүйек), 
Армения (24 қыркүйек), Түркменстан (27 қазан) жалғастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет