Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі



Pdf көрінісі
бет40/50
Дата06.02.2023
өлшемі17,16 Mb.
#167653
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
Байланысты:
b1938

Үсынылатын әдебиеттер:
1. 
Сусов И.П. История языкознания. Москва: Восток - Запад,
2006.
2. 
Қайдар Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе. Алматы, 2004.
3. 
Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Алматы. Дәуір,
2004.
Тақырып:
ХХ-ХХІ ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТІЛ
БІЛІМІ
Қарасты рылагын 
мәселелер: 
Тіл 
біліміндегі
антропоөзектік парадигманың қалыптасу сипаты. Этнолингви-
стика. Лингвомәдениеттаным. Когнитивтік лингвистика. Психо-
113


лингвистика. Әлеуметтік тіл білімі. Паралингвистика. Гендерлік
лингвистика. Прагмалингвистика. Қолданбалы тіл білімі.
Тіл біліміндегі антропоөзектік парадигманыц калыптасу
сипаты
Тарихи тіл білімі тәсілдері тарихпен өте жақын болады, 
өйткені қоғамның, әдебиеттің тілсіз дамуы мүмкін емес. XIX 
ғасырда психологнялық тәсілдер мен иде^ілар тіл білімінде өте 
көп қолданылса, XX ғасырдан бастап лингвистиканың жаңа са- 
лалары қалыптасты. Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік, мәдени- 
философиялық, танымдық, психологиялық үрдістердің қарқынды 
дамуымен ежелгі заманнан зерттеу нысанына айналған адамның 
өзін-өзі тануға бағытталған антропоөзектік парадигмасында зерт- 
теу қолға алына бастады. Яғни, XXI гасырдың басты парадигма- 
сы ретінде қалыптасқан антропоөзектік бағыты тіл білімі ғылымы 
тарихындағы дәстүрлі салыстырмалы-тарихи (ХІХ-ХХ ғғ.) жэне 
жүйелілік-қүрылымдық парадигмалардың (XX ғ.) заңды жалғасы 
болып табылады. 

Сонымен, XX ғасырдың соңғы ширегінде тіл білімінде 
қалыптасқан 
антропоөзектік парадигма аясында пәндераралық 
ғылым салаларының қарқынды дамуы белең ала бастады. Оның 
негізгі өзегі «адам - тіл - мәдениет» үштағаны болып табылады. 
Ғ ылымдағы бүл антропологиялық тіл білімінің сан алуан бағыттары
В. Гумбольдттың концепциясынан тарайтыны белгілі.
ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы лингвистика ілімінде тілді - 
қарым-қатынас пен таным қүралы ретінде ғана емес, үлттық мәдени 
код ретінде қарастыру қарқынды дами түсті. Бүғінгі лингвистикада 
тілді «тек қана өз ішіндегі» қүрылымдарды зерттейтін ғылым бо- 
лудан қалып, антропоөзектік тіл біліміне, яғни, адамды, оның ой- 
санасын, рухани-тәжірибелік, т.б. әрекетгерін тіл арқылы зергтеу- 
ге бағыт ашуда. Тілді антропоөзектік бағытта зерттеу, біріншіден, 
тіл мен адамның рухани белсенділігі, екіншіден, тіл жэне ойлау, 
үшіншіден, тіл жэне адам физиологиясы, төртіншіден, тіл жэне ин- 
дивид психологиясы, бесіншіден, тіл жэне таным, алтыншыдан, тіл 
және қоғам, жетіншіден, тіл жэне мәдениет, сегізіншіден, тіл жэне 
этнос, т.б. сияқты мәселелерді алға қойды.
114


Антропоөзектік
(грекше - адам, латынша - орталық) - адам 
феномеиін ғаламның басқа феномендеріне қарсы қоя отырып, адам- 
ды ғаламның орталығы ретінде танытып, дүниедегі бүкіл болып 
жаткан үдерістердің мақсагын адам факторымен байланыстыратын 
багыт. Бүл бағыт бойынша адам әлемді өзін-озі тану, өзін сезіну 
аркылы, өзінің теориялық жэне практикалық әрекеті, қимылы 
аркылы тани алады. Көптеген тілдік бірліктер дүниені «адам при- 
змасы» арқылы көрудің, танудың дәлелі бола алады.
Сонымен, анторпоөзектік парадигма бірінші орынға адамды 
кояды. ал тіл адамның толык болмысын танытушы басты негіз 
болып есептеледі. Адам интеллектісі адамның өзі секілді тілсіз 
ешқандай да маңызды рөл атқара алмайды. Егер тіл ойлау үдерісін 
жарықка шығарып, жаңа ментальдык кеңістікті жасауға мүмкіндік 
туғызбаса, онда адам ең басты тұлға ретінде саналмайтын да еді. 
Тілдің көмегі арқылы адам өз ойын сыртқа шығарады, қажетті
дүниесін жасауға мүмкіндік алады.
Ғылымда антропоөзектік парадигма негізінде өрбіген
салапардың қатары мынапар: этнолингвистика, элеуметтік тіл 
білімі, психолингвистика, лингвомәдениеттаным, когнитивтік линг- 
вистика, контрастивті лингвистика, паралингвистика, гендерлік 
лингвистика, прагмалингвистика, қолданбалы тіл білімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет