9 - Дәріс Ашық арналар және олардың түрлері
Жасанды арналардың түрлері және оларға қойылатын талаптар.
Бірқалыпты қозғалыс туралы ұғым өмірде қолдану мақсаттарына қарай ашық каналдар мына түрлерге бөлінеді: суғаратын /ирригациялық/, құрғататын, ауыз су жеткізетін, орман ағаштарын тасымалдайтын, энергетикалық, кеме жүзетін және т.б. каналдар. Осы аталған каналдардың әрқайсысын есептеу тәсілдері өз алдына бөлек-бөлек және көп ретте бір-біріне қайшы келуі де мүмкін. Өйткені оларды жобалаудағы ескерілетін бастапқы шарттар әртүрлі. Сондықтан төменде тек суғаратын каналдар ғана қарастырылады.
Каналдарды жобалау негізінен “құрылыс нормалары мен ережелері” бойынша жүргізіледі, сонымен қоса, экологиялық және экономикалық талаптарды ескеруден басталады. Бұл талаптарға:
канал маңындағы жерлерді батпақтанудан және су басып қалудан сақтау шараларын қарастыру;
каналды жан-жақты, кешенді пайдаланудың жөнін қарастырып, жобаны экономикалық талдаудан өткізу;
жергілікті табиғатты сақтауға ерекше мән беру;
каналды пайдалану барысында бастапқы жобадан ауытқып кетпеу жолдарын қарастыру жатады.
Жасанды арналардың /каналдардың/ көлденең қимасының гидравликалық элементтері
19-сурет.
Өздік бақылау сұрақтары
1. Ашық арналар және олардың гидравликалық параметірлерін
2. Ашық арналардағы ағын қозғалыстары
Қолданылған оқулықтар
1 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2011 - 200б
2 Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқулық). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2004. – 313 б.
3 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2000 - 400б
4 Чугаев Р.Р. Гидравлика – 4-ішығ. – М.: Л.: Энергоиздат, 1982. – 671 б.
АШЫҚ АРНАЛАРДАҒЫ СУДЫҢ ТҰРАҚТАЛҒАН АЙНЫМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Судың айнымалы қозғалысы туралы түсінік.Ашық арналарда судың бірқалыпты қозғалысынан гөрі айнымалы қозғалысы жиі ұшырасады. Айнымалы қозғалыс деп ағынның гидравликалық сипаттамалары (өтім, жылдамдық, тереңдік және т.б.) ағын бойына өзгеріп тұратын қозғалысты айтады. Бұл қозғалысқа гидравликалық еңістікпен арна түбі еңістігінің теңсіздігі тән (J≠i). Өйткені, бұл жағдайда, ауырлық күшінің жұмысымен үйкеліс күшінің жұмысы тең емес, ол: ағын бойына өтім қимасының өзгеруімен немесе өтім қимасы тұрақты болғанымен қималардағы сәйкес нүктелерде жылдамдық пен үдеудің әртүрлілігінен болады.
Арнадағы құрылымдар (көпір, бөгет т.б.), түптік еңістікпен арна профилін және гидравликалық сипаттамаларды өзгертіп тұрады, сондықтан ағын айнымалы қозғалады. Кейде есептеуді оңайлату үшін өзенді (немесе бір бөлігін) бірнеше майда, гидравликалық сипаттамалары өзгермейтін, учаскілерге бөліп қарастырады. Бұл учаскілерді гидравликалық жағынан есептеу үшін ағынның бірқалыпты қозғалысының формулаларын пайдаланады. Ал кей жағдайларда (арна түбі горизонталь немесе кері еңісті, т.б.) бірқалыпты қозғалыстың болуы мүмкін емес.
Әдетте арнаның үш түрін қарастырады:
1) призмалық; 2) жатық өзгеретін, бейпризмалық және 3) табиғи арналар.
20-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |