А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет9/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

жалпы
ішкі
өнім
мөлшері де айтарлықтай мол. Алайда бұл елдер 
тобы іштей қарағанда айтарлықтай әркелкі болып келеді және оның 
құрамынан төрт топшаны бөліп көрсетуге болады. 
Олардың бірінші топшасын 
«Батыс елдерінің үлкен жетілігі»
құрайды. Оған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия және 
Канада кіреді. Бұлар батыс дүниесінің ірі экономикалық және саяси іс-
әрекетімен көзге түсетін жетекші елдері. 
Бұлардан гөрі 
орташа
елдерді
, ең алдымен Еуропа елдерін (Австрия, 
Бельгия, Дания, Нидерланды, Швеция және т.б.) екінші топшаға жатқызуға 
болады. Жекелей алғанда, әрқайсысының саяси және экономикалық қуаты 
үлкен болмаса да, олар үлкен дүниежүзілік мәселелерде жалпы алғанда 
зор, өскелең рөл атқарады. Олардың көпшілігі жалпы ішкі өнімді жан 
басына есептегенде «Үлкен жетілік» елдеріндегідей мөлшерде өндіреді. 
Дүние жүзінің дамыған елдерінің арасында, әдетте, 
жаңа
индустриялық
елдер
деп аталатын аздаған мемлекеттер мен 
территорияларды екінші, таяуда ғана пайда болған елдер топшасына 
жатқызуға болады. 70-80 жылдары өзге дамушы елдердің көпшілігін басып 
озған Корея Республикасы, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Аргентина, 
Бразилия және т.б. – осы топшаның көрнекті өкілдері. 


10 
Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде 1991 жылдың соңында 
құрылған 
Тәуелсіз
Мемлекеттер
Достастығына
(ТМД) кіретін елдерді 
айрықша топшаға біріктіруге болады. 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН 
ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 
 
1-тапсырма. 
«Экономикасы 
дамыған 
елдер» 
мәтінінен 
түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет