А. Х. Тажибаева Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. 87 б



Pdf көрінісі
бет17/93
Дата12.09.2020
өлшемі0,79 Mb.
#78179
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   93
Байланысты:
Тажибаева А.Х. Трудовое право

 

Еңбек құқығының жүйесі 

Еңбек құқығының жүйесі дегеніміз - құқықтың сол саласының құрылымы мен 

мазмұнының бүтіндігін, ажырамас бірлігін құрайтын құқықтық нормалар 

жиынтығы. 

Еңбек құқығы жүйесінде еңбекті 

қоғамдық ұйымдастырудың  барлық 

элементтеріне қатысы бар нормалар 

көрініс береді. Олардың жиынтығы еңбек 

құқығының Жалпы бөлімін құрайды. 

Азаматтардың еңбегін қолданудағы 

қоғамдық қатынастардың кейбір 

топтарын реттейтін құқық нормалары 

еңбек құқығының Ерекше бөлімін 

құрайды. 

Еңбек құқығының Жалпы бөлімі сол саланың мәнін, әдісін 

және жүйесін, еңбек қатынастарын реттеудің 

принциптерін, еңбек құқығының көздерін, субъектілердің 

құқықтық жағдайларын, еңбек құқығы саласындағы 

құқықтық қатынастарды, сондай-ақ еңбек құқығы 

ғылымының мәні мен методологиясын қамтиды. Бұл 

мәселелердің барлығы еңбек құқығының нақты тарауларын 

(институттарын) терең зерттеудің іргелі негіздерін 

құрайды. 

 

Еңбек құқығының Ерекше бөлімі еңбекті қоғамдық 



ұйымдастырудың кейбір элементтерін реттейтін және 

еңбек қатынастарына қатысушылардың құқық 

субъектілігін белгілейтін құқықтық нормаларды қамтиды. 

Тиісінше, еңбек құқығы жүйесінде құқықтық институттар, 

еңбек қатынастарын құрайтын бөліктерді реттейтін 

құқықтық нормалардың жиынтығы өзінше бөлек алынады. 

Ерекше бөлімге еңбек құқығының мына негізгі 

институттары кіреді: жұмысқа орналастыру, еңбек шарты, 

ұжымдық шарттар мен келісімдер, жұмыс уақыты және 

демалыс уақыты, еңбек ақы, еңбек шартына 

отырушылардың материалдық жауаптылығы, еңбек тәртібі, 

еңбекті қорғау, кәсіби даярлау, кадрлардың біліктілігін 

көтеру, еңбек даулары.  

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет