А., Каирова Б. К. Студент жастардың корруцияға қарсы позициясын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектісі



бет10/64
Дата12.12.2021
өлшемі445,13 Kb.
#99769
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Байланысты:
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi (1)
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi, Әleumettik-mәni-bar-aurular
Гуманистік психология – ХХ ғасырдың 60жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология ғылымындағы бағыттардың бірі. Г.п. көрнекті өкілдері – А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олппорт т.б. 

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ, ПРОБЛЕМА – субъектілермен (жеке тұлғалармен, топтармен және т.б.) сезілетін әлеуметтік қайшылық, бұл олар үшін маңызыд болып табылатын, бар мен болуы тиіс нәрсенің, қызмет нәтижелері арасындағы сәйкессіздік, ол мақсатқа жетуге арналған құралдардың жеткіліксіздігінен немес болмауынан, осы жолдағы кедергілерден, әр түрлі қызмет субъектілерінің мақсаттары арасындағы күрестен пайда болып, әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылмағандығына әкеледі.
ӘЛЕУМЕТТІК САНКЦИЯЛАР – қоғамның, әлеуметтік топтың интеграциялануы , оның мүшелерінің әлеуметтенуі қызметін атқаратын және соңғыларына нақты әлеуметтік әрекеттерді қолданатын әлеуметтік бақылаудың оперативті құралдары.
ӘЛЕУМЕТТЕНУ – тұлғаның қалыптасуы, жеке тұлғаның құндылықтарды, ережелерді, ұстанымдарды, сол қоғамға, әлеуметтік қоғамдастыққа, топқа тән мінез-құлық үлгілерін үйрену және меңгеру үрдісі.
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ – бұл зерттелінетін әр түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және т.б. қоғамда болып жатқан құбылыстар туралы жаңа мәліметтер алу мүмкіндігін беретін теориялық және тәжірибелік процедуралардың жүйесі. Әлеуметтік зерттеулер жүргізу объективті себептермен туады, әдетте, ол дамудың анағұрлым сәйкес күйіне басқару нысанын айналдыруға бағытталған, басқару шешімдерін қабылдау қажеттілігімен байланысты.

ӘЛЕУМЕТТІК ҮЛГІ – аса тұрақты, қандай да бір әлеуметтік нысан (адам, топ , құбылыс) туралы сызбаланған көрініс.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР – адами мәдениетпен қалыптастырылған және қоғамдық сананың өнімі болып табылатын адамгершілік және эстетикалық талаптары.
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ – қандай да бір қоғамдағы әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қайшы келетін (ауытқитын) әрекеттердің жасалуы.
ДЕВИАНТТЫЛЫҚәлеуметтік құбылыс, бұл қоғамда ресми белгіленген немесе іс жүзінде қалыптасқан ережелерге сай келмейтін адам қызметінің көпшілік және тұрақты формаларына қатысты байқалады.
ДЕЛИНКВЕНТТІК СУБМӘДЕНИЕТ – девианттық мінез-құлықты түсіндіру барысында қолданылатын ұғым, ол девианттық мәдениет – жекелей алғанда жастар тобымен азшылдардың кері позицияда және депривацияда байқалатын әлеуметтік әсердің қалыптасуын көрсетеді.
ДЕЛИНКВЕНТТІК – (құқық бұзушылық) бұл термин қарапайым тентектіктен ұрлық сияқты қылмыстық әрекеттерге дейінгі құқықтық және әлеуметтік нормалардың әр түрлі бұзылуларын қамтиды.
ДЕПРИВАЦИЯ – шектетілу, әлеуметтік игіліктерге қатынасудың теңсіздігі.
ДЕПЕРСОНАЛИЗАЦИЯ(латынша – бөлектеу, қашықтату + жеке адам) жеке адамның құлдырауы, өзіндік «мен»-ге байланысты түйсіктерінен айырылуы.
ДЕТЕРМИНИЗМ(латынша – себетілік) – еш нәрсе жайдан-жай пайда болмайды, ол белгілі бір себептермен пайда болатыны жөніндегі ілім. Бұл идеяны ежелгі грекияда пайда болып, одан бергі барлық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық оймен бірге дамып келеді. Негізін салғандар Демокрит және Епикур барлық нәрсе қажеттіліктен туындайды және ол бір түрден екіншіге, бір қасиеттен, екіншіге ауысып отырады.

КОНСТИТУЦИЯ – мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылыстың  негізгі  қағидаларын, принциптерін  білдіретін  негізгі  заң.

КОРРУПЦИЯ – 1) мемлекеттік  және  саяси  қайраткерлерді, министрлерді, парламент  мүшелерін, шенеуніктерді  және  т.б. параға  сатып  алу;   2) лауазымды  адамдардың  жеке  басын  байыту  мақсатында  өз  қызметін  қылмыстық  жолмен  пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.

КОРРУПЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІіс-әрекеттің түрлеріне, өрісіне қарай — әкімшілік, саяси, жеке тұлғалық, дүниежүзілік болып бөлінеді.
КОРРУПЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ — қылмыстық әрекеттің бір түрі, қылмысы үшін тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және тағы да басқа жауапкершілікке тартылады.
ҚҰҚЫҚТЫҚ  МЕМЛЕКЕТ – демократиялық  жолмен  қабылданған  заң  үстемдік  ететін, оның  алдында  бәрі  де  тең  саналатын, жеке  адамның  құқықтары  жан-жақты  қамтамасыз  етілетін  мемлекеттік  құрылыс.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – қоғамдық ортада қабылданған құқықтық нормалар мен құндылықтарға құрметпен қарау, мінез-құлқын құқықтық нормалар негізінде реттеу.
МАРГИНАЛДЫҚ – мәдениет аралық байланыстар, әлеуметтік және технологиялық ығысулар және т.б. факторлар ықпалымен нормативті-құндылықтар жүйесінің босаңсуы нәтижесінде пайда болатын, тұрақты әлеуметтік құбылыстарға қатысты сипаттама.
МАСКҮНЕМДІК – спирттік ішімдіктерді жүйелі түрде пайдалану нәтижесінде дамитын созылмалы дерт, ол алкогольден физиологиялық және психологиялық тәуелділік арқылы білініп, тұлғының әлеуметтік және психологиялық құлдырауына әкеледі.
НАШАҚОРЛЫҚ – медицинеада – дерт, әлеуметтануда – ауытқыған мінез-құлық түрі.
ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР – әлеуметтік әрекетке жалпы көрсеткіш болып табылатын тиісті мінез-құлықты күту; жеке тұлғалар мен топтарды әлеуметтік реттеу құралдары.
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ – адамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері.

НИГИЛИЗМ – жалпы  қабылданған  заңдық  ережелер, қоғамдық  саяси  өмірдің  тәртіптерін  және т.с.с. жоққа  шығару.  Саясатта  оны  жақтаушылар  қалыптасқан  саяси  қазыналарға, партиялар  мен  саяси  қайраткерлердің  іс-әрекетіне  қарсы  болып, қабылдамайды.

СУБМӘДЕНИЕТ – қандай да бір әлеуметтік немесе демографиялық топтың мәдениеті, құндылықтар, ұстанымдар, әлеуметтік топтың, бүтін бір қоғам немесе ұйымның құрамдас бөлігінің өмірлік стилі мен мінез-құлығының тәсілдерінің жүйесі.

ТЕРРОРИЗМ саяси себептермен  жеке адамдарды,көпшілікті қорқыту,жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет.

ТОЛЕРАНТТЫҚ – басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті, оппозицияның кең мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді.

ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ – тұлғаның өмірлік мақсаттары және осы мақсаттарға жетудің негізгі құралдары болып табылатын және осының әсерінен жеке тұлғалардың әлеуметтік мінез-құлықтардың маңызды реттегіштері қызметіне ие, әлеуметтік құндылықтар.
ТӘРБИЕ– қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық).
ТӘРБИЕЛІК ҮРДІС– ол өзіндік даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатында .педагогтар мен балалардың өзара іс-әрекеттері.
ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС– ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.
ТӘРБИЕЛІК ЖҮЙЕ– 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен оның психологиялық жағдайы (Л.И.Новикова) қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе. Тәрбиелік жүйенің күрделі құрылымы бар және білім беру саласында білім беру мазмұнының, үдерістің, оны ұйымдастырудың әдістері мен формаларының мақсаттары арқылы сипатталатын тәрбие жұмысының жүйесін, өзара байланысты іс-шаралардың жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет