Табиғатпен сырласа да үндесе өмір сүрген ата-бабала-рымыз өз дүниетаным фəлсафасын өнер арқылы шебер жеткізгені аян. Сонау ескі замандағы қолөнер бұйымдарының оюы кітап қызметін атқарып, оның бейнелері əлемдік тəртіпті айқындауда таптырмас тəрбие құралы болды. Осы құралдың басты заңдылығы: адам қоршаған Табиғат ананы аялау керек, ал Ғарыш заңдылықтарын терең түсінуі қажет. Ғарыш құрылымы мен Тəңіршілдік фəлсафасы туралы біздің заманымызға ежелгі дəуірден жеткен аңыздар бар.
«Ертеде бүкіл əлемді су басқан заманда Жердің кіндігінде Əлемдік тау (Ұлытау), ал оның ұшар басында Бəйтерек жайқалып өсіпті. Үш əлемнің арасын байланыстырған Бəйтеректің жапырағында Самұрық құс ұя салып, қасиетті алтын жұмыртқа салады екен. Егер кенеттен əлемді түнек басса, құс жұмыртқаны тағы да салып, қайтадан əлемді тіршілік жайлайды. Аспанды тіреп тұрған Бəйтеректің төбесі жоғарғы əлем – құдайлар мекені болып, Темірқазық жұлдызына жететін. Оның жапырағында құс бейнесіндегі аруақтар отырады. Ортаңғы əлемде адамдар, ал Жерді тамырымен тіреп тұрған Төменгі əлемде зұлым күштер өмір сүрген. Ағаштың етегінен əр түрлі өзендер бастау алған екен».
Міне, осы аңыздағы үш əлем төкпе күйдің бас буын, орта буын жəне саға бөлімдеріне бөлінуімен сəйкес келеді. Күйдің шарықтау шыңы болатын саға бөлімі топан су басқан Төменгі əлемнің көрінісі іспетті.
Табиғат заңдылықтарымен үйлесім тапқан өмір фəлсафасын жеткізудегі көркем құралдар саз өнері (күй жəне əн) мен ою-өрнекке ортақ болды.
Солардың өзектісі
Достарыңызбен бөлісу: