S-мəңгілік, күн мағынасын, ал +-төрт құбыланы білдіреді. Оюда бос Кеңістіктің қалмауы, форма мен контрформаның тең, тегіс, симметриялы орналасуы оюды табиғаттағы молекулалармен теңдес етеді. Қорқыт, Ықылас күйлерінде жəне оюда жоғарғы жəне төменгі, оң жағы мен сол жағы болып бөліну арқылы жеткізілген өмірдегі қарама-қайшылықтардың тепе-теңдігі мəңгілікті бейнелейтін қобыз сарынындағы созылыңқы əуенде көрінсе, өрнекте шексіздік белгісімен көрсетіледі.
Ою-өрнек Ғарыш пен Табиғат заңдылықтарын жалпы-лама фəлсафалық белгілермен көрсетсе, күй адамның ішкі жан тебіренісін, көңіл күйін қоңыр үн арқылы күмбірлетті. Құстың сайраған дауысына еліктеген əн қайырмалары (гəгəгəй, ғағиға –ғақ-ғақ), əннің шырқау биіктен басталған иірімдері, қобыз сарынымен орындалған «Аққу» күйі – қазақтың Жоғарғы Əлем туралы саз түсінігінің айғағы. Жалпы, ою мен күйдің көп мағыналылығы, түпсіз тереңдігі қазақтың ойды астарлап, тұспалдап жеткізу əдетіне сəйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |