Əбілхан Қастеев – қазіргі
Алматы облысы Панфилов
ауданы Шежін ауылында
дүниеге келген. Қазақ елінің
тарихын, оның болмысын,
туған жердің əсем табиғатын
Əбілхан Қастеев бейнелеу оның басты тақырыбы (1904–1973) болды.
Халық күйі – «Аққу». Осы туындыға сипаттама бер.
Ықылас – «Жезкиік».
Бұл күйдің аңызын тауып, оны сыныпта ау-ызша айтып беруге дайындал;
Ою жəне күйді Венн диаграммасы арқылы салыстыр.
«Дедімай-ау»
Халық əні
Айналайын, ақ жүзің, айдан əппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,
Дедімай-ау.
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап,
Дедімай-ау.
Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дəурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.
Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,
Дедімай-ау.
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын əн мен жырға,
Дедімай-ау.
Қайырмасы
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дəурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.
Əнді аудиотаспадан тыңда.
Əннің ырғақтық иірімін көрсет (шапалақтап немесе ұрмалы аспаппен).
20-САБАҚ
Достарыңызбен бөлісу: |