Жапырақ=жүрек ұқсастығы тек пішіндік қана емес, ішкі ұқсастықтарға да негізделген. Ақын өлеңдерінен жапырақтың дірілі мен жүректің лүпілін егіздей, астастыра бейнелейді : Сен қалтырамашы жалғыз жапырақ



бет1/6
Дата11.05.2020
өлшемі28,26 Kb.
#67214
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Айдана Тәңірберген фқт-41


Е. Раушанов өлеңдерінде уақыт мезгілдері мен жыл маусымдарын, табиғат құбылыстарын, сонымен бірге жануарлар әлемін жырға қосып, символикалық көп бейнелерді қолдану арқылы өлеңдеріне ерекше айшық беріп, әрлендірген.

Ақын өлеңдерінде жапырақ=жүрек ұқсастығы тек пішіндік қана емес, ішкі ұқсастықтарға да негізделген. Ақын өлеңдерінен жапырақтың дірілі мен жүректің лүпілін егіздей, астастыра бейнелейді :



Сен қалтырамашы жалғыз жапырақ,

Менің жанымды ауыртып...

Мәжнүн талөлеңінде:



Жалғыз тал сенің ғазиз жапырағыңдай

Қалтырап тұрып-тұрып үзілермін...

Жапыраққа айналып кетсем мен деп

Жасырындым күн ауа топ шеңгел кеп...

«^Кер мая бұлт исінбей»

Жапырақ келді өмірге

Жүрекке ұқсап... лүпілдеп.

Бекер болды,

Жөн еді ғой қайрылған,

Кете бардық көз ала алмай айдыннан,

Жар басында қала берді қол созып,

Жалғыз жиде жапырағынан айрылған.

Бекер болды, жөн еді ғой қайрылған...

Жапырағынан айрылып, жар басында қол созып қала берген жалғыз жиде – бұл жерде табиғат көрінісі емес, лирикалық кейіпкерлер халінің бейнесі. Яғни шарасыз қалған сезімнің ишарасы (символы).



Қызық емес оқиға:

Жұтумен көздің жасын бұлар ащы,

Жақындап келді дағы тұра қашты.

Қос мұңлық көрген еді анадайдан

Теңселіп жапырақ жайған бір ағашты.

Көргенде жапырақ жайған бір ағашты,

Екеуі екі жаққа жылап асты.

Бір ағаш еске салып еркелеп тұр,

Жұмақтан қуып шыққан құмар асты.

Аспан ақын өлеңдерінде жаратушы күш ретінде , жердегі тіршілікті биіктен бақылаушы, оған бағыт‐ бағдар беруші және мен жер арасындағы тіршіліктің қалпын бейнелеу барысында ақын сол аспанның түрлі бейнесін жасаған.

Бұл қысөлеңінде:

Бұл неткен қыс: түн тұман, таң да тұман,

Кетіп қалсам қайтеді Алматыдан?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет