А. ҚҰнанбайұлының «Қалың елім, ҚазағЫМ, Қайран жұртым» ӨЛЕҢіндегі көркем ақпараттың аудармада берілуі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі321,81 Kb.
#81686
1   2   3
Байланысты:
Кребаева А. - А. ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАЛЫҢ ЕЛІМ ҚАЗАҒЫМ ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ» ӨЛЕҢІНДЕГІ КӨРКЕМ АҚПАРАТТЫҢ АУДАРМАДА БЕРІЛУІ

Ауд. К. Досжан) 
 
Қалың елім, қазағым, 
қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті 
мұртың. 
Абай.
 
О, казахи мои, мой бедный народ! 
Жестким усом небритым прикрыл ты 
рот. (
Ауд. С. Липкин)
 
О, казахи мои, мой бедный народ! 
Ус, не ведавший бритвы, скрывает твой 
рот. (
Ауд. Ю. Кузнецов)
Казахи, родные,— мой милый народ! 
Усы, разрастаясь, покрыли твой рот. 
(Ауд. Ә. Қодар) 
Народ великий мой, казах, ты видел 
беды, 
Небритым усом прикрываешь рот 
неверный. (
Ауд. М. Әдібаев)
 (Ауд. Ә. Қодар) 



Бұл шумақтағы «ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» - астары терең әрі 
ауыспалы мағынада қолданылған ерекше образ. С. Әшімбаев «ұстара» 
сӛзінің әлеуметтік терең сырлы, ӛмірдің реалистік шындығын танытып 
тұрған тың философиялық ойға негізделген поэтикалық образ екендігін айта 
келе, оның екі түрлі сипатын келтіреді. Автордың айтуынша, бұл образ, 
біріншіден, «тарихи, азаматтық, адамгершілік сана-сезімнің балаңдығы мен 
дәстүрлер жұтаңдығынан арылмаған жағдайда «жақсы мен жаманды» айыра 
алмауды», екіншіден, «ұлттық сана-сезімнің мешеулігінің символикалық 
бейнесін» кӛрсетіп тұр [3]. Сонымен қатар, «мұрт» образының да 
имплициттік ақпараты бар. Жан мен тән тазалығына ерекше мән берілетін 
ислам дінінде мұртты, сақалды күтіп, баптап отырады. Мұрты, сақалы 
аузына түссе, ол харам делінеді. Халықтың дәстүрлі таным-түсінігінде 
мұрттың ауызға түсуі надандықтың, имансыздықтың сыртқы кӛрінісі ретінде 
есептеледі. Абай осы сияқты келеңсіз, зиянды мінез-құлықтарға, надандыққа, 
имансыздыққа қарсы ой білдіреді.
Ақын жолынан тайып адасқан кӛпті тура жолға түсіріп, әлеуметтік 
және моральдық ахуалын түзеп, былайша айтқанда, адамды, заманды
жӛндемек болды. Ол мұрттың ауызға түсуі, екі ұрттың бірінің қан, бірінің 
май болуы секілді кӛріністер арқылы заман мен адамның бойындағы 
адамшылыққа жат әдеттер мен қылықтарды аяусыз сынап, үлкен 
философиялық ой ұсынады. Ақынның тарихи, рухани мәні үлкен осы ойы 
орыс тіліндегі аудармаларда тым қарабайыр, қарапайым кӛрініс тапқан десек, 
ағат айтпаған болармыз. Мәселен, жолма-жол аударманың ӛзінде Қ. Досжан 
«Прячешь, скрываешь свой рот за небритыми устами (рот, который может 
говорить бесстыжие слова)» деп береді. Жақшада берілген түсініктеменің 
негізін түпнұсқадан аңғару қиын, яғни асыл нұсқада тек ұят туралы ғана 
емес, жалпы рухани азу, адамның надандығы, имансыздығы туралы 
айтылған. Қ. Досжанның аудармасында асыл нұсқадағы адамның надандығы, 
рухани азуы, имансыздығы туралы ой ашылмаған.
«Мұрт» образының аудармаларда сәтсіз кӛрініс тапқандығын ӛзге 
аударма нұсқалардан да аңғара аламыз. «Мұрт» образына қатысты қазақ 
әдеби тілінде «мұртына ұстара тимеген» делінетін тұрақты сӛз тіркесі бар. 
Бұл тұрақты тіркес ешбір бет қайтару, тоқтау кӛрмей, тек ӛз еркімен, ӛз 
дегенімен ӛмір сүретін адамға қатысты айтылады. Беті қайтарылмаған, ешбір 
жанның пікірімен немесе қоғамдағы белгілі моральдық-этикалық 
нормалармен санаспайтын адамның адамгершіліктен алыс адам екендігін 
түсіну аса қиын емес. Демек, бұл тіркестің мағынасы ілгеріде білдірген 
ойымызды қуаттай түседі.
Абайдың кез келген сюжетті, мақал-мәтел не тіркесті болмасын белгілі 
бір мақсатта ӛзгертіп, сӛздің мазмұн мен мағынасының икеміне орай асқан 
шеберлікпен қолдана білгені жұмбақ емес. Сол секілді ақын бұл жерде де 
тілдегі «мұртына ұстара тимеген» тіркесін ӛлеңде «ұстарасыз аузыңа түсті 
мұртың» деп беріп, оның үстіне «бірі қан, бірі май болып екі ұртың» деп 



жалғап түпкі фразеологизмнің кӛркемдік ерекшелігін, онда салынған 
имплицитті ойды, эмоционалды реңкті күшейте түскен. Мұндағы «бір ұрты 
қан, бір ұрты май» тіркесі де тұрақты және ол бойында жақсы да, жаман да 
қасиеттер жиналған, бір мезетте жақсылықты да, жамандықты да жасай 
салатын, тұрақсыз, оңғақ мінезді адам жайында айтылады. Екі тіркес 
түпнұсқадағы түпкі ойды білдіретін біртұтас мағыналы бірлік болып тұр. 
Осы мағыналық бірліктегі кӛркемдік ерекшелік, имплицитті ой, 
эмоционалды реңк аудармаларда толықтай ашылмаған деген ой білдірсек 
қателеспеген боламыз. Мәселен, Ю. Кузнецов «Ус, не видавший бритвы, 
скрывает твой рот» деп алған. Ю. Кузнецов секілді белгілі аудармашының 
талантына құрметпен қарай отырып, бұл жерде ең жиі кездесетін 
аудармашылық қателік жіберілген деуге мәжбүрміз. Ол қателік – түпнұсқаны 
дұрыс түсінбеу. Аудармашы түпнұсқадағы бұл жолда имплицитті мағынасы 
бар фразеологиялық бірлік тұрғанын ескермеген. Сол себепті орыс тілді 
оқырман аударманы оқи отырып ӛмірде бұғау кӛрмеген, адамгершілік пен 
иман талаптарынан алыстап, рухани азу жолына түскен адам бейнесін емес, 
бет-жүзін сақал-мұрт қаптаған ұсқынсыз кісіні ғана елестетеді. Бұл – 
түпнұсқаның прагматикалық әсерінің мүлдем ӛзгеріп кеткендігін кӛрсетеді. 
Осы әсер басқа аудармашыларда да («Жестким усом небритым прикрыл ты 
рот» (С. Липкин), «Усы, разростаясь, покрыли твой рот» (Ә. Қодар), 
«Небритым усом прикрываешь рот неверный» (М. Әдібаев)) Ю. Кузнецовтың 
аудармасының деңгейінде қалып отыр.
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген жолдағы «қайран» 
одағайының ақынның ішкі ойын беруде мәні зор. «Қазақ тілінің 
фразеологиялық сӛздігінде» бұл одағайдың «дариға» сӛзінің мағынасына 
жақындығы кӛрсетіледі және де «қайран» одағайы «ардақты, сүйікті, 
қымбатты мағынасында қынжылу, назалану түрінде келіп, ӛткенге аяныш, 
ӛкініш туралы айтылады» делінген. Осы сӛздікте «қайран» одағайының 
мағынасын тереңірек түсіндіру үшін сӛздік құрастырушылары қырғыз 
тіліндегі «Жаманға айтқан сӛзің қайран», қазақтың «Жаманға айтқаның 
тамға сӛйлегенмен бірдей» деген мақалдарын мысал қылып келтіреді. 
Сонымен бірге тілімізде «қайран» одағайына мағыналас «әттең, есіл, шіркін» 
секілді синоним одағайлар кездеседі. Бұл түсініктемелерді қорыта келе 
ұғынатынымыз: ақын «қайран жұртым» деп халқының рухани-әлеуметтік 
жағдайының тӛмендегенін кӛріп, сол жағдайын түзетуге еш талпынбай 
жүргеніне, ілгері басып, келешегім деп білімге, ғылымға, еңбекке 
ынталанбағанына ӛкініш-назын айтып отыр. Аудармаларда Абай айтқан 
«қайран жұрт» бедолага (Қ.Досжан), бедный народ (С. Липкин, Ю. 
Кузнецов,) милый народ (Ә. Қодар), великий народ (М. Әдібаев) секілді 
нұсқалармен берілген. Орыс тіліндегі «бедный» лексикалық бірлігі 
«неимущий, скудный» мағыналарымен қоса «несчастный, жалкий», ал 
«бедолага» «бедняга, неудачник» мағынасымен түсіндіріледі [5]. Орыс 
тіліндегі түсініктемелерінен кӛрініп тұрғанындай, асыл нұсқадағы ақынның 
жұртына деген аянышқа, ӛкінішке толы сезімі аудармада ӛз деңгейінде 



берілмеген. М. Әдібаевтың «великий народ», яғни «ұлы халық» деп аударуын 
сәтсіз аудармашылық шешім деп атауға болады. Ә. Қодардың 
аудармасындағы «милый народ» тіркесіндегі «милый» сын есімінің 
коннотативті мағынасы орыс тілді оқырманның санасында асыл нұсқадағы 
түпкі мағынаны жаңғырта алмайды. Сондай-ақ Қ. Досжанның жолма-жол 
аудармасындағы, С. Липкин, Ю. Кузнецов аудармаларындағы «О, казахи 
мои» деп «О» одағайының алынуы да аудармашылардың сәтсіз шешімдері 
қатарына жатады деген ойдамыз. Себебі, біріншіден, бұл аудармашылық 
шешім түпнұсқадағы ақынның ӛкінішке толы сезімін жойып жіберіп тұр. 
Екіншіден, ақын тыңдаушының кӛңілін қарату үшін әлдебір одағай сӛзді 
емес, «қазағым» қаратпа сӛзін қолданып отыр. Аталған жайттар «Қалың елім, 
қазағым, қайран жұртым» ӛлеңінің мазмұны мен мағынасының аудармадағы 
кӛрінісі ӛте қарапайым болып шыққандығына дәлел бола алады. 
Абайдың тілі қазақ тілінің бүкіл байлығының, ал ӛлеңдері бүтін тыныс-
тіршілігінің кӛрсеткіші екендігін айтып отырудың ӛзі артық. Біздің 
мақаламыздың талдау нысаны болып отырған «Қалың елім, қазағым, қайран 
жұртым» - осы ойымыздың анық дәлелі. Ақын ӛлеңде ауызбен орақ ору, бас-
басына би болу, байлауы жоқ, күш сынасқан күндестік, қырқын мінсе, қыр 
артылмас секілді тұрақты тіркестерді қолдана отырып ана тіліміздің 
байлығын кӛрсетіп қана қоймай, сол тілді қолдана білудегі шеберлігін, 
ақындық қуатын жеткізеді. Ол тұрақты тіркестермен қоса қыртың ету, 
бұртың ету, жыртың ету, пыш-пыш деу сияқты бейнелеуіш сӛздермен 
адамның сыртқы кӛрінісін ғана емес мінез-құлқын, ішкі кӛңіл-күйін шебер 
сипаттайды. Ақынның ӛз сӛзімен айтсақ, әр сӛзінің іші - алтын, сырты – 
күміс. Оның әрбір сӛзі қуатты да терең ойдан, ыстық жүректен туындаған.
Осы тұрақты тіркестердің, бейнелеуіш сӛздердің аудармаларын оқып
Абайдың сӛз қолданысындағы бірегей шеберлікті, оның ақындық қуатын 
сезіне алмайтынымыз жасырын емес. Осы ойымызды айғақтау мақсатында 
«аузымен орақ ору» тіркесі кездесетін бунақты қарастырайық.
Ұқпайсың ӛз сӛзіңнен басқа сӛзді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет