А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет113/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

монополия
деп 
аталады
.
Монополиялық іс-әрекет
– тиісті тауар нарығын бақылауға 
мҥмкіндік беретін жағдайдағы нарық субъектілерінің әрекеті, 
сондай-ақ, тиісті тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы 
шарттарына едәуір әсер етуге мҥмкіндік береді. Монополиялық 
әрекетке 
тыйым 
салынған. 
Сонымен 
қатар, 
табиғи 
монополиялардың болу факторларына да жол беріледі. 
Табиғи 
монополия
– қызмет (тауар) нарығының жағдайы нақты қызмет 
тҥрлеріне сҧранысты қанағаттандыруға бәсекелестік жағдай 
туғызу бҧл қызмет тҥрін кӛрсету және ӛндіру технологиялық 
жағдайларға байланысты мҥмкін емес немесе экономикалық 
пайдасыз.
 
Қызметтер нарығындағы табиғи монополия субъектілерінің 
қҧқықтық қатынастары 09.07.1998 жылғы. «Табиғи монополиялар 
туралы» Заңмен реттеледі, 4 бабқа сәйкес Қазақстан 
Республикасында табиғи монополияларға:
- магистральдық қҧбырлар бойынша мҧнай және мҧнай 
ӛнімдерін тасымалдау; 
- магистральдық және таратушы қҧбырлар бойынша газ және 
газ конденсатын тасымалдау; 
- электр және жылу энергиясын беру және тарату; 
- теміржол магистральдарының пайдалануға берілуі; 
- аэронавигация, кемежай, әуежай қызметтері; 
- жергілікті желілердің пайдаланымымен телекоммуникация 
қызметтері; 
51
Майдыров С.Г. Монополия и рост цен. Доминирующее положение на рынке. // 
Экономика Казахстана. - 1997. - №3. – Б. 11- 15. 


214 

су шаруашылығы және канализация жҥйелерінің 
қызметтері; 
- пошталық байланыс қызметтері; 
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен 
белгіленген ӛзге де тҥрлер сияқты іс-әрекеттер жатады. 
Табиғи монополия саласында қҧқықтық қатынастарға 
қатысушылардың ерекше субъектілі қҧрамы әрекет етеді, оның 
қҧрамына тҧтынушылар мен табиғи монополия субъектілері, 
тҧтынушыларға табиғи монополия субъектілері ӛндіретін 
(ӛткізетін) тауарларды сатып алатын жеке және заңды тҧлғалар 
кіреді. Табиғи монополия субъектісі – бҧл табиғи монополия 
жағдайында тауар ӛндірумен, жҧмыстар және (немесе) қызметтер 
кӛрсетумен айналысатын заңды тҧлға немесе жеке кәсіпкер. 
Сӛйтіп, әрекет етуші заңнамамен шектелетін монополиялық 
іс-әрекетке: 
1) нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері; 
2) 
нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісілген 
әрекеттері; 
3) ҥстем немесе монополиялық жағдайын асыра пайдалану 
жатады. 
Монополизмді шектеу тәсілдерінің бірі бәсекелес тауарлар, 
жҧмыстар мен қызметтер нарықтарын дамыту болып табылады, 
оларды келесі тҥрлерге бӛлуге болады:
- ӛндірушілердің, сатушылар мен сатып алушылардың 
қҧқықтары және мҥмкіндіктері тең болатын еркін нарық 
бәсекелестігі;
- жетілмеген бәсеке нарығы, бҧл ӛз ішінде таза монополия, 
олигополия және монополиялық бәсеке нарықтарына бӛлінеді
52
.
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіптегі 
нарық субъектілерінің арасындағы нәтижесі бәсекені шектейтін 
немесе шектеу мҥмкіндігін беретін кезкелген тҥрдегі бәсекеге 
қарсы келісімге тыйым салынады. Сонымен қатар:
52
Тотьев К.Ю. Конкуренция и монополии. Правовые аспекты регулирования. - М., 
1996. – 42 б. 


215 
1) келісілген баға немесе тауарды сатып алу және сатудың 
ӛзге де шарттарын белгілеу және (немесе) сақтауға; 
2) сауданың, аукциондардың және байқаулардың нәтижелерін 
олардың ӛткізілуінің белгіленген тәртібін бҧзу, соның ішінде 
бағаларды кӛтеру, тҥсіру және қолдау, сондай-ақ, лоттарға бӛлу 
жолымен бҧрмалауға; 
3) тауарлық нарықтарды территориялық белгілеріне, тауар 
ассортиментіне, оларды ӛткізу немесе сатып алу, сатушылар 
(жабдықтаушылар) немесе сатып алушылар не ӛзге де белгілеріне 
сәйкес бӛлуге; 
4) тауар ӛндірісін немесе сатуды негізсіз шектеуге; 
5) белгілі сатушылармен (жабдықтаушылармен) немесе сатып 
алушылармен келісімшартқа отырудан негізсіз бас тартуға немесе 
жалтаруға; 
6) белгілі тауарлардың сатушылары не олардың сатып 
алушылары ретіндегі нарықтың ӛзге субъектілерінің тауар 
нарығына енуін шектеуге; 
7) нарықтың ӛзге субъектілерімен жасалған маңызы бірдей 
келісімшарттарға дискриминирациялау жағдайларын қолдану; 
8) контрагенттердің мазмҧны немесе іскерлік айналым 
әдеттері бойынша аталған келісімшарт пәніне қатысы жоқ 
(қаржылық қҧралдарды және ӛзге де мҥлікті, мҥліктік және 
мҥліктік емес қҧқықтарды тапсыруын негізсіз талап ету) қосымша 
міндеттерді қабылдауы шартымен келісімшарт жасауға тыйым 
салынады. 
Нарық 
субъектілерінің 
араларында 
егер 
олар 
тҧтынушылардың заңды қҧқықтарын бҧзбайтын болса, сондай-ақ: 
- тауар нарығындағы олардың жиынтық ҥлесі он бес 
пайыздан аспайтын болса; 
- алдыңғы қатарлы және (немесе) ресурстарды ҥнемдейтін 
технологияларды 
енгізу 
жолымен 
ӛндірісті 
жетілдіруге 
бағытталса; 
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталса; 
- стандарттау бойынша нормативтік қҧжаттарды даярлау және 
қолдануға бағытталса келісімге рҧқсат етіледі. 


216 
Нарық субъектілерінің бәсекені шектеуге бағытталған 
келісімді әрекеттеріне, соның ішінде: 
- бағаны не тауарды сатып алу немесе сатудың ӛзге де 
шарттарын белгілеуге және (немесе) қолдауға; 
- ӛндірісті немесе тауарды сатуды негізсіз шектеуге; 
- белгілі сатушылармен (жабдықтаушылармен) немесе сатып 
алушылармен келісімшартқа отырудан негізсіз бас тартуға немесе 
жалтаруға;
- нарықтың ӛзге субъектілерімен жасалған маңызы бірдей 
келісімшарттарға дискриминирациялау жағдайларын қолдануға 
тиым салынады. 
Мемлекеттің 
бәсекелесті 
нарықта 
тауарларды 
сату 
конституциялық қҧрылым, ҧлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, 
адам қҧқықтарын және бостандықтарын, халықтың денсаулығын 
қорғау жағдайларына теріс әсер етуі мҥмкін әрекет салаларында 
ӛндіріске және (немесе) тауарды сатуға, сатып алуға немесе оны 
пайдалануға Заңмен ерекше қҧқықты бекіту жолымен бәсекені 
шектеуге қҧқығы бар. 
Ерекше қҧқықты орындау мемлекеттік монополия субъектісін 
қҧру арқылы жҥзеге асырылады. Тек қана Қазақстан Республика 
Ҥкіметінің 
шешімімен 
қҧрылған 
мемлекеттік 
кәсіпорын 
мемлекеттік монополия субъектісі бола алады. 
Мемлекеттік монополия субъектісіне: 
- тауар ӛндірісімен технологиялық байланысты әрекеттен 
басқа мемлекеттік монополия саласына қатысы жоқ тауарлар 
ӛндіруге; 
- акцияларға (жарғылық капиталдың мҥшелік ҥлесіне) ие 
болуға, сонымен қатар, заңды тҧлғалар әрекеттеріне басқаша да 
қатысуға ; 
- мемлекеттік монополиямен байланысты қҧқықтарды қайта 
беруге тыйым салынады. 


217 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет