А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет116/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


221 
 
 
 
 
 
VII ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҦҚЫҚТАРЫ МЕН 
МҤДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ
 
 
 
 
1. Кәсіпкерлердің қҧқықтарын қорғау тҥсінігі мен әдістері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет мемлекеттің 
толық қолдауымен жҥзеге асырылады. Шағын кәсіпкерлік 
нарықтық экономиканы қалыптастырушы негізгі фактор болып 
табылады, себебі іскерліктің мәдениеттенуіне және кең тарауына 
әрекеттеседі, ӛзіне кӛптеген іскер адамдарды тартады, сол арқылы 
кәсіперлік қызметті жҥзеге асыруға икемі барларға кең етек 
ашады, міне, осы мән-жайларды сезіне отырып, мемлекет жеке 
кәсіпкерлікке кеңінен әрі жан – жақты қолдау кӛрсетеді. Осыны 
жҥзеге асыру барысында:
а) кәсіпкерлік қызметтің басқа тҥрлерінің алдынада шағын 
кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы; 
ә) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі; 
б) шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақҧрылымының және 
жҥзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық 
субъектілері ҥшін қол жетімділігі; 
в) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы 
халықаралық ынтымақтастық сияқты қағидаларды басшылыққа 
алады. 
Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік 
реттеудің негізгі қағидаларына:
- жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен 
қолдауды қамтамасыз ету;


222 
- кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыруға барлық жеке 
кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;
- жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) 
қол сҧғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі; 
- Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың 
басымдығы; 
- жеке кәсіпкерліктің мҥдделерін қозғайтын нормативтік 
қҧқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке 
кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы жатады. 
Жеке кәсіпкердің ӛз қызметін еркін және толық кӛлемде 
жҥзеге асыруын қамтамасыз ете отырып, мемлекет келесідей 
кепілдіктерді қарастырады:
- кәсіпкерлік қызметті қандай да бір рҧқсат алусыз жҥзеге 
асыру мҥмкіндігі. Жҥзеге асыру ҥшін арнайы мемлекеттік 
рҧқсатты (лицензияны) қажет ететін қызмет тҥрлерін қоспағанда; 
- жеке кәсіпкерлерді тіркеу тәртібі келіп тіркелуі сипатында 
болады және бір тіркеуші органда жҥзеге асырылады; 
- мемлекет заңнама тәртібінде жеке кәсіпкерлердің қызметін 
тексеру санын шектейді; 
- жеке кәсіпкерлердің қҧқықтары мен заңды мҥдделері 
бҧзылған жағдайда, жеке кәсіпкерлер мемлекеттік органдар мен 
лауазымды тҧлғалардың заңсыз іс әрекетіне сотқа шағымдану 
қҧқығына ие болады; 
- жеке кәсіпкерлік қызметін мәжбҥрлі тҥрде тоқтатуға тек 
белгіленген заңдық тәртіпте шыққан сот шешімі ғана негіз болып 
табылады; 
- жеке кәсіпкерлік қоғамдық ӛмірдің барық салаларында 
жҥзеге асырыла алады. Ерекшелік ретінде тікелей заңмен тыйым 
салынған қызмет тҥрлері ғана болады. Сонымен, «Жеке 
кәсіпкерлік туралы» Заңның 6 б. 4 т. сәйкес, келесі қызмет 
тҥрлерімен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тҧлғалар 
шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылмайды: Мыналарды: 
1) есірткі заттарының, психотроптық заттардың және 
прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті; 2) 
акцизделетін ӛнімді ӛндіруді және (немесе) кӛтерме сатуды; 3) 
астық қабылдау пунктерінде астық сақтау жӛніндегі қызметті; 4) 


223 
лотереялар ӛткізуді; 5) ойын және шоу-бизнес саласындағы 
қызметті; 6) сертификаттау, метрология және сапаны басқару 
қызметті; 7) мҧнай, мҧнай ӛнімдерін, газ, электр және жылу 
энергиясын ӛндіру, қайта ӛңдеу және сату жӛніндегі қызметті; 8) 
радиоактивті 
материалдардың 
айналымымен 
байланысты 
қызметті; 9) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген 
тҥрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру 
агентінің қызметінен басқа);10) аудиторлық қызметті; 11) бағалы 
қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;
- кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыруға кедергі келтіруші 
кінәлі заңға сәйкес жазалануы тиіс.
Жоғарыда кӛрсетілген кепілдіктердің тізімі толық әрі 
тҥпкілікті болып танылмауы тиіс, себебі азаматтық қҧқық 
нормалары 
диспозитивтілігімен 
айрықшаланғандықтан 
толықтырылуы мҥмкін.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
43 бабына сәйкес, қызметін мәжбҥрлеп тоқтата тҧру немесе тыйым 
салу солардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес жҥзеге асырылатын қаржылық ҧйымдардың, 
кредиттік бюролардың кәсіпкерлік қызметін қоспағанда, жеке 
кәсіпкерлік субъектісінің қызметін мәжбҥрлеп тоқтата тҧруды 
немесе тыйым салуды бақылау функцияларын жҥзеге асыратын 
мемлекеттік органдардың ӛтініші бойынша сот жҥргізеді.
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметін сот шешімінсіз ҥш 
кҥннен аспайтын мерзімге тоқтата тҧруға немесе оған тыйым 
салуға, кӛрсетілген мерзімде талап-арызды сотқа табыс етуді 
міндеттей отырып, ерекше жағдайларда жол беріледі. Бҧл ретте 
бақылау функцияларын жҥзеге асыратын мемлекеттік органның 
қызметті тоқтата тҧру немесе оған тыйым салу туралы актісі 
соттың шешімі шыққанға дейін қолданыста болады. Кәсіпкерлік 
қызметіне заңсыз кедергі келтіру салдарынан жеке кәсіпкерлік 
субъектісі кӛтерген барлық шығындар мен жеке кәсіпкерлік 
субъектісіне келтірілген ӛзге де зиян ӛтелуге жатады. ҚР ҚК 189 
бабында заңды кәсіпкерлік қызметтке кедергі келтіргені ҥшін 
жауапкершілік кӛзделген.


224 
Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау мақсатында Қазақстан 
Республикасында аймақтық жағдайларын ескере отырып тауралар 
мен қызметтерді ӛндіру тҥрлеріне қарай шағын кәсіпкерлікті 
дамытудың басымдықтары анықталған:
- импорттың орнын ауыстыратын қҧрылыс материалдарын, 
қҧрылғылардың кішігірім тҥрлерін, халықтық тҧтыну тауарларын 
ӛндретін әрекет етуші ӛндірістерді дамыту және жаңаларын ашу;
- қызмет кӛрсету аумақтарын дамыту, әсіресе, пәтер иелерінің 
кооперативтерімен кӛрсетілетін қызметті;
- аграрлық кешендегі ӛнімдерді әрі қарай ӛңдеу бойынша 
ӛндірісті дамыту.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының 
басымдықтарынан шығатын, мемлекеттің дамуының негізгі 
мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет 
аумағын 
неғҧрлым 
кеңейтуге 
және 
олардың 
қызметін 
белсендендіруге бағытталған, институцияланған жағдайларды 
жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекелестік қабілеттілігін 
арттыру болып табылады.
Қазіргі жағдайды және шағын және орта кәсіпкерліктің 
дамуын және шетелдік тәжірибені талқылау нәтижесін есепке ала 
отырып алға қойылған мақсатқа қол жеткізу ҥшін, аталмыш 
бағытта келесі міндеттерді жҥзеге асыру ҧсынылады:
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ҥшін неғҧрлым ашық 
таза заңдық негізді қалыптастырып, жетілдіру;
- экономиканы бюрократияның ҧшқындарынан босату және 
әкімшілік кедергілерді жою; 
- шағын және орта кәсіпкерліктегі кӛлеңкелік тҧстарын 
азайту; 
- мемлекеттің қатысуындағы кәсіпорындар мен акционерлік 
қоғамдардың бейіндік емес қызметтерін нарықтық ортаға беру, 
бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру; 
- кластерлі-желілік тҧрғы негізінде ӛмір сҥру қабілеттілігі бар 
инфрақҧрылымдық жҥйелерді қалыптастыру және қамтмасыз ету; 
- кәсіпкерліктің инновациялық экономикаға қатысуы.
«Кластер» тҥсінігі экономикалық әдебиетте ӛндірістік және 
(немесе) сервистік фирмалардың, бір - бірімен қҧндылықты 


225 
қалыптастырудың 
біртҧтас 
тізбегінде 
ӛзара 
әрекеттесін 
тҧтынушылар мен нарықтық институттарды байланыстыратын 
технологиялар 
мен 
ноу-хау 
қалыптастырушылардың 
территориялық шоғырлануы негізінде жасақталған индустриалдық 
кешен ретінде анықталады
53

Кластерлік-желілік тҧрғы негізінде «ҧжымдық тиімділік» 
концепциясы жатыр. Кластерлік-желілік тҧрғы шағын және орта 
кәсіпкерліктің оқшаулануынан шығуға бағытталған, ол:
- кластер қалыптастыру (тік және кӛлденең интеграция); 
- ортақ іскерлік мҥдделердің негізінде фирма аралық 
кооперацияны қалыптастыру; 
- икемді мамандандыруды әрекеттер арқылы жҥзеге 
асырылады. 
Осы кластерлі – желілік тҧрғы болашақта мемлекеттік 
қолдаудың негізі болуы керек және шағын және орта кәсіпкерлік 
субъектілерін-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау 
инфрақҧрылымдарының институттарын – қоғамдық ҥкіметтік емес 
ҧйымдардың – мемлекеттік органдар жанындағы шағын және орта 
кәсіпкерлікті қолдау бойынша эксперттік кеңестерді – ірі жҥйе 
қалыптастырушы бизнесті, билік органдарын біртҧтас жҥйеге 
біріктіру жолымен «тізбектік реакцияны» жасауы қажет.
Кластерлі – желілік тҧрғы шағын және орта кәсіпкерлік 
кәсіпорындарына ӛз кҥштерін біріктіру арқылы ӛз мҥміндіктерін 
жҥзеге асыруға, оқшауланушылықтан шығуға және фирмааралық 
кооперацияларды дамытуға мҥмкіндік береді. Шағын және орта 
кәсіпкерлікті дамытуға осы кластерлі – желілік тҧрғы оларды 
экспорттық нарыққа шығаруға және ол жерде сәтті тҥрде 
бәсекелесуге жол береді.
2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму 
Стратегиясын тиімді жҥзеге асыру мақсатында және оған шағын 
және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кең тҥрде қатыстыру 
53
Эдилерская 
А. 
Совершенствование 
инфраструктурного 
обеспечения 
инновационного предпринимательства во взаимосвязи с формированием кластеров. – 
Автореферат канд. дисс. – М., 2008. – 22 б. 


226 
инновациялық жобаларды жҥзеге асырудың алғы шарты болып 
табылады. Оның негізі ашық типтегі жаңа инновациялық жҥйе 
болмақ. Ол ҧлттық және шетелдік ғылыми жетісікті қолдану 
негізінде бәсекеге қабілетті тҥпкі ӛнімді қалыптастыруды 
қамтамасыз етеді.
Жаңа инновациялық жҥйе ғылыми потенциалды дамытады
кӛп деңгейлі инновациялық инфрақҧрылымды қалыптастырады, 
берілетін гранттардың тҥрлерін кеңейту және венчурлік қорларды 
қалыптастыру бӛлігінде қаржылық инфрақҧрылым механизмдері 
мен элементтерін арттырады.
Аталмыш бастамаларды сәтті тҥрде жҥзеге асыру ҥшін жоғары 
ӛсу деңгейіндегі жобаларды жҥзеге асыруға шағын және орта 
кәсіпкерлікті тарту бойынша ҧлттық инновациялық қордың рӛлін 
арттыру жоспарлануда. Аталмыш шара шетелдік венчурлік 
қорларды тарту арқылы венчурлік инвестициялау арқылы жҥзеге 
асырылады, ол ӛз кезегінде алдыңғы қатарлы шетел тәжірибесін 
алуды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет