А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


Делдалдық немесе медиация (mediation)



Pdf көрінісі
бет124/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Делдалдық немесе медиация (mediation).
Еліміздің 2020 
жылға 
дейінгі 
кезеңге 
арналған 
қҧқықтық 
саясат 
тҧжырымдамасында 
азаматтық 
сот 
ісін 
жҥргізуге 
қатысушылардың қҧқықтарын барынша іске асыру, жеке адамның 
бҧзылған қҧқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет 
мҥддесін уақытылы қорғау және қалпына келтіру мақсатында 
бірқатар іс-шаралар қамтылған болатын. 
Оның ішінде, жеке қҧқықтық дау-шарлар тараптары 
арасындағы ымыраға қол жеткізудің сот және соттан тыс 
тәртіппен қолданылатын тҥрлі жолдары мен әдістерін белгілеуге 
бағытталуы мҥмкін әрекеттер де кӛрініс тапқан еді. Осыған орай, 
Елбасы «Медиация туралы» заңға қол қойған. 
Заңнын мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын 
да қанағаттандыратын нҧсқасына қол жеткізу және тараптардың 
дауласушылық деңгейін тӛмендету болып табылады. 
Медиация сӛзі ағылшын тілінде кез келген дауды оған 
ешқандай да қатысы жоқ ҥшінші бір адамның – медиатордың 
араласуы арқылы баламалы тҥрде реттеу деген мағынаны 
білдіреді. Демек, медиатор дегеніміз – ӛзара жанжалдасушы 
немесе дауласушы тараптардың арасында орын алған даулы 
мәселелерді олардың ӛздерін қатыстыра отырып, тараптарға тиімді 
жағдайда шешуді жҥзеге асыратын маман. Жалпы, осы саланың 
бҥге-шігесін 
терең 
меңгерген 
мамандардың 
айтуынша, 
медиаторларды бітімгер немесе мәмілегер деуге әбден болады. 
«Медиация туралы» заң бҥгінгі таңдағы қҧқық және сот 
саласына арналған заңдардың ішіндегі шоқтығы биік қҧжат деп 
айтуға болады. Заңда дәйектеліп отырған екі тараптың ӛзара 


247 
мәмілеге келу мәселесі айыпты жеңілдету немесе оған жаза бермеу 
жоғарыда айтылғандай біздің ата дәстҥрімізде болып келген ҥрдіс. 
Кҥні бҥгінге дейін азаматтардың тҥсініспеушілігінен 
туындаған осындай дау-дамайлар немесе жанжалды мәселелер 
тараптардың сот билігіне жҥгінуі арқылы шешілуде. Ӛмір 
тәжірибесінің ӛзі кӛрсетіп отырғанындай, кез келген мәселенің 
сотта қаралуы бір кҥнде немесе бір аптада шешіле қоюы қиын. 
Ал, «Медиация туралы» заң кез келген азаматтық 
келіспеушіліктерді айлап, апталап қарамай-ақ, керісінше, істің 
кҥрделілігіне қарай бір-екі сағатта немесе бір кҥнде шешуге жол 
ашады. Бҧл ең алдымен, азаматтардың онсыз да жетпей жататын 
алтын уақыттарын жоғалтудан сақтайды. 
Медиацияның бір ҥлкен артықшылығы, тараптарды мазалаған 
мәселелерді олардың ӛз ауыздарынан естіп, орын алған дау-
дамайды екі жаққа да тиімді жағдайда шешудің адамшылық 
жолын қарастырады.
Кәсіпкерлік 
сала 
бойынша 
дау-дамайларды, 
келіспеушіліктерді шешуде, екі тарапты ӛзара ортақ келісімге 
келтіруде медиация таптырмайтын тәсіл. 
Медиацияның коммерциялық дауды шешудің балама 
әдістерінің басқа тҥрлерінен тҥпкілікті айырмашылығы, бҧл қалып 
тараптардың қайсысы ақ және қайсысы кінәлі екенін анықтауға 
(ондай жағдайда бір тараптың мҥдделері кемсітілетіні анық)
сҥйенбейді, ал керісінше ӛзара пайдалы жағдайларды іздестіруге 
және табуға сҥйенеді. Қақтығыстық жағдай барысында толық 
ӛзара пайдалы шешімдерге қол жеткудің ешқашан болмайтыны 
анық, алайда осындай шешімге деген ізденістің ӛзі әртҥрлі ӛзара 
келісімге қол жеткізу мҥмкіндіктерін анықтауға әкеледі, әрине ол 
тараптар ҥшін ашық қарсыластықта жҥргеннен әлде қайда 
пайдалы.
Мҧндай тҧрғы әдеттегі ӛндіріс ҥшін салыстырмалы тҥрде 
екінші кезекті болса, шаруашылық қызметімен байланысты 
кәсіпкерлік қҧқық ҥшін оңтайлы болып табылады. Себебі іскер 
әріптестер арасындағы туындаған дауларды осы нысан бойынша 
шешкен жағдайда, ӛзара талқыдан кейін де әріптестік 


248 
қатынастарын сақтап қалады, бҧл ӛз кезегінде аз ауқымды ҧлттық 
нарық ҥшін ӛте маңызды болып табылды.
Әдіс ретінде, медиация бірқатар қосымша артықшылықтарға 
ие: 
- оны қолдану қақтығыстың және даудағы қысымның жалпы 
азаюына әкеледі, тараптар арасындағы жеке сипаттағы 
қарсыластықты мҥдделі талқылауға кӛшіреді; 
- медиацияны кеңінен қолдану қҧқықтық ҥрдістің ізгілігіне 
әкеледі, оның мақсаты кінәлілерді тауып, оларды жазалау емес, ал 
ортақ ізгілікті ниетте қосылу нҥктесін табу болып танылады;
- аталмыш әдісті кҥнделікті тәжірибеге ендіру жалпы 
қҧқықтық мәдениетің дамуына әсер етеді, себебі кәсіпкерлік 
қызметтің барлық қатысушыларынан кҥнделікті ӛмірде әрекет 
етуші заңнама нормаларын қолдануда білімдер мен дағдылар 
талап етіледі;
- медиацияны тәжірибеде қолдану әртҥрлі нормалар 
арасындағы бар қҧқықтық коллизияларды анықтауға мҥмкіндік 
береді және заң шығарушыға оны оңтайлы тҥрде шешуге ҧсыныс 
жасайды;
- медиация сыбайлас жемқорлықтың аясын қысқартады, 
себебі пайда алушы болып бір тарап емес, ал екі тарапта 
танылады, ол керекті шешімді «аяқ асты» қылу қажеттілігін жоққа 
шығарады. Медиаторга пара беру мҥмкін емес, себебі ең соңғы 
шешімді медиатордың ӛзі емес, ал қарсы тҧрған оппонент 
шығарады. Егер оппонентіңіз келіспесе, ол ӛзіне тиімсіз шешімді 
қабылдамайды.
Соңғы ерекшелік сол медиация ҥрдісінің мазмҧнынан шығады. 
Медиация – бҧл ӛзара келісім мен ізгі ниеттің негізінде қҧрылған 
жасырын келісімдік ҥрдіс, тараптар ҥшінші тҧлға, яғни 
медиатордың кӛмегімен белгілі бір дауды реттеу бойынша 
қолданылатын лайық шешімді шығарады.
Алайда, медиатордың ӛзі шешімді шығармайды, ол тараптарға 
тек белгілі сҧрақ бойынша қолданылатын әртҥрлі нҧсқалар мен 
шараларды қолдануды ҧсынады, яғни ақыл-ой, кеңес беріп 
отырады.


249 
-
медиация дау туындаған жағдайдағы келеңсіз оқиғаларды, 
қҧқықсыз әдіс-тәсілдер қолдануды іс жҥзінде бірте-бірте 
ығыстыруға алып келеді 
Тікелей келіссӛздерде тараптардың қатысуы оның соңғы 
сатысында қатысу қҧқығын қамтамасыз етеді немесе заңмен 
қамтамасыз етілген жағдайда шешілген шешіміне деген келісімін 
ҧйымдстыру жҥзеге асырылынды. 
Бҧл ретте кез келген жағдайда қарсыласушы тарап 
келіссӛзден бас тарта алады және оған қолданылатын шаралардың 
қолданылуын тоқтатады да біржақты пайданың болуын мағынасыз 
етіп, істің шешілу мҥмкіндіктерін тоқтатады (барлық сыбайлас 
жемқорлықтың негізінде жататын). 
Дауласушы тараптардың тікелей келіссӛздерге қатысуына 
соңғы аяқтаушы кезеңде жол беріледі немесе заңмен белгіленген 
тәртіпте қабылданған нҧсқаға келісімді рәсімдеу сырттай 
жҥргізілу де мҥмкін. 
Шешімнің әртҥрлі нҧсқаларын қҧрыстырумен қатар, 
медиатор:
- медиация рәсімдерінің басталуы туралы келіссӛздерді 
бастамалау және медиаторларды анықтау;

келіссӛздер жҥргізудің оңтайлы жағдайлары мен 
қалыптарын ҧйымдастыру;
-
сенімділік, 
ӛзара сыйластық және тең қҧқықтық 
атмосферасын ҧялату; 
-
тараптардың (немесе олардың ӛкілдерінің) арасындағы 
дҧрыс, келісілген келіссӛзді ҧйымдастыру, шешімді шығару 
бойынша ынтымақтастықты жҥргізу; 
-
қҧқықтық сана, ой, белгілі шешімді шығарудағы әртҥрлі 
заңды мҥмкіндіктердің жаңа тҥрлерін, заңдылықтарын қолдану 
мен пайдалану; 
- белгілі бір аралықта болып тҧратын жан толғаныстарының 
ҧшқыны мен жеке бас араздықтың пайда болуының алдын алу 
және тоқтату; 
- қалыпты емес кӛзқарастарға нақтылық, икемділік, ашықтық 
және даудың пәні мен тараптарына белгілі қашықтықта қатынас 
орнату міндеттерін атқарады. 


250 
Медиацияның пайда болуының ерікті негіздеріне қарамастан, 
бҧл іс-әрекеттің ӛзінің қҧқықтық қорғалу мен реттелуіне тиісті 
болды. Осыған байланысты 2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстанда 
«Медиация туралы» заң қабылданды. Аталған заң келесі 
тҥсініктерге мән береді: 
- заңды әрі қҧқықты қҧбылыс ретінде медиацияны заңды 
тҥрде бекітті және қҧқықтың жалпы жҥйесінде оның рӛлі мен 
орнын;
- заңды мен жеке тҧлғалардың қатысуымен делдалдықты 
жҥзеге асырға қҧқығы бар институттардың (органдардың) 
қҧқықтық жағдайын; 
- медиация процедураларының және қол жеткізілген 
келісімдердің қорғалуының қамтамасыз ету деңгейін анықтады.
Заңсыздық мен әділетсіздік медиацияның дҧрыс негізінде іс 
атқарылуына жол бермейді. Себебі қай дауда болмасын әрдайым 
кҥштінің және байдың мҥмкіншілігі жоғары тҧрады. Медиация 
бҧл кҥнделікті жағдайдағы даудың тҥрі емес, ол осындай 
заңсыздықты болдырмайтын, тараптардың тең қҧқықтық негізінде 
заңның ҥстемдігін орнатады.
Соған қарамастан, бҧл институтты жҥзеге асыруындағы 
жаман пиғылды қатысушыларға қатысты қолданылатын арнайы 
шектер бар. Мәселен, соттық ӛндірісті немесе сҧрақты шешуді 
созу. Алайда, бизнестегі дер кезінде орындау қағидасы қазіргі 
тадағы ең елеулі сәтердің бірі әрі мәнді болып табылады. 
АҚШ, Ҧлыбритания, Австралия сияқты мемлекеттерде 
медиация ҥрдісі жоғары дамып, заңды тҥрде толық бекітіліп, 
орнықтырылды. Кейін Германия, Франция, Бельгия және басқа да 
елдерде ӛз қолданысын тапты. Германиядағы медиация ҥйлесімді 
тҥрде соттың әділеттілігіне негізделеді. Мәселен, делдалдар сот 
дауларының санын қысқарту мақсатында соттың ӛзінде жҧмыс 
жасайды. Кӛптеген неміс қҧқықтық мектептеріндегі оқу жҥйесі 
медиация жҥргізуді қолданады.
Батыс мемлекеттердің барлығында медиация ҥрдісін 
ынталандырылып отырады, ал оның кейбіреуінде сот ӛндірісінің 
алдындағы қолданылатын бірден-бір қҧрал болып табылады. 


251 
Қытай Халық Республиксында істің 70 пайызы медиация 
тәртібімен қаралады, оның 30 пайзы ғана сотқа қаралуға беріледі. 
Ҧлыбританияда 50 де 50 пайызды қҧрайды.
Азаматтық және коммерциялық істерге қатысты Еуроодақта 
2008 жылғы 21 мамырда қабылданған медиация туралы 
Еуропарламенттің директивасы бар. БҦҦ халықаралық сауда-
саттық жӛнінде Комиссиясымен медиацияның дамуы жӛніндегі 
арнайы заңдар қабылданды. Дҥниежҥзілік банк ӛзінің ресми 
қҧжаттарында медиацияны әділеттілікті қамтамасыз етудің басты 
қҧраушы қҧрал деп қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет