А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет127/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Тӛрелік (аралық сот).
ҚР АК 9 бабының 1 тармағы. 
азаматтар мен заңды тҧлғалардың қҧқықтарын жҥзеге асыратын 
органдардың тізімін анықтайды, олар сот, тӛрелік сот және аралық 
сот, яғни заңды тҧлғаның да, жеке тҧлғаның да ӛз қҧқықтарын 
қорғау ҥшін органдарды таңдауға қҧқығы бар. Осылайша, кез 
келген жеке (азаматтық) дау мемлекеттік те, аралық та сотпен 
шешілуі мҥмкін, бҧл орайда аталған соттардың шешімдері бірдей 
заңдық кҥшке ие және орындалуға міндетті. 
Аралық сот - тӛрелік соттарды, халықаралық және 
коммерциялық тӛреліктерді қамтитын топтық ҧғым
54
.
Мемлекеттік соттарға қарағанда, аралық соттар тараптардың 
ӛздерімен мҥліктік және ӛзге де дауларды шешу ҥшін таңдап 
алынатын сот болып табылады. Аралық сот дегеніміз тҧрақты 
әрекет етуші сот немесе нақты дауды шешу ҥшін тараптармен 
қҧрылатын сот (ad hoc). 
Әлемдегі мемлекеттердің кӛпшілігі ӛз аумағында аралық 
соттар жҥйесінің қалыптасып, оның дҧрыс жҧмыс істеуі ҥшін 
54
Грешников И. Исполнение решений иностранных и международных третейских 
(арбитражных) судов в Республике Казахстан //Предприниматель и право.– 2004.– №8.– 13 
б. 


253 
барлық жағдайларды жасайды. Бҥгінгі кҥнде біршама даму 
деңгейіне жеткен мемлекеттердің ішінде аралық соттар туралы 
заңнаманы қалыптастырмаған елдер кемде кем, сонымен қатар 
мҧндай заңнаманың негізін қҧрайтын нормалар аралық соттардың 
шешімдерін мәжбҥрлеп орнату тәртібін анықтайтын баптардан 
тҧрады. Мәселен, 2002 жылы ішкі (резиденттер арасындағы) 
дауларды шешу ҥшін аралық соттар туралы заңдар Ресейде және 
Қырғыз Республикасында қабылданды. Ал тараптардың бірі шетел 
азаматы болып табылатын дауларды шешу сҧрақтарын реттейтін 
«Халықаралық коммерциялық тӛрелік туралы» Заң Ресей 
Федерациясында 1993 жылдан бастап әрекет етуде. 
Қазақстан Республикасында 2004 жылдың желтоқсанына 
дейін аралық соттар жайлы арнайы заң болған жоқ, ҚР АІЖК-де 
қазақстандық ішкі аралық соттардың шешімдерін мәжбҥрлеп 
орнату туралы норма қарастырылмады. Бҥгінгі кҥнде аралық 
соттардың мәртебесі «Аралық соттар туралы» және «Халықаралық 
коммерциялық тӛрелік туралы» заңдармен анықталған.
ҚР «Аралық соттар туралы» Заңының 1-бабында оның әрекет 
ету шегі анықталған. Заң, егер Қазақстан Республикасы 
заңнамалық актiлерiнде ӛзгеше белгiленбесе, жеке және заңды 
тҧлғалар арасында жасалған азаматтық-қҧқықтық шарттардан 
туындаған дауларға қатысты қолданылады. Бҧл бап ҚР АІЖК 25-
бабымен нақтыланады: сотқа бағынысты мҥліктік дау, егер ол заң 
актілерімен тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен аралық 
соттың қарауына беріледі.
Заң дау мемлекеттік сотқа бағынысты болса да тараптардың 
ӛзара келісімі бойынша оны аралық соттың қарауына беру 
қҧқықтарын бекітеді. Мҧндай қҧқықты жҥзеге асыру тәжірибеде 
ҚР АІЖК бірнеше нормаларының негізінде жҥзеге асырылады.
Мәселен, тараптардың біреуі дауды аралық сотқа беру туралы 
келісімге келгеннен кейін мемлекеттік сотқа жҥгінетін болса, 
мемлекеттік сот дау азаматтық сот ӛндірісі тәртібінде қаралуға 
жатпайтындықтан талап-арызды қабылдаудан бас тартуы керек 
(АІЖК 153 б. 1 т. 1-тармақшасы). Істі сот талқысында қарауға 
дайындау барысында сот тараптарға дауды шешу ҥшін аралық 
сотқа жҥгінуге қҧқықтарын тҥсіндіреді (АІЖК 170 б., 4 т.). 


254 
Осындай тҥсіндірме ашық сот отырысы ашылған кезде де беріледі 
(АІЖК 185 б.). Сот істі аралық соттың қарауына беру туралы 
тараптардың 
қҧқығы 
жайлы 
істі 
мән-жайы 
бойынша 
қарастырудың алдында да қайталайды (АІЖК 192 б.). Соңында, 
егер сот тараптардығ арасында заңға сәйкес аталған дауды аралық 
соттың шешуіне беру туралы шарт жасалғандығын анықтаса, 
талап-арызды қараусыз қалдырады (АІЖК 249 б., 5 т.). 
«Аралық соттар туралы» Заң қатысушылары Қазақстан 
Республикасының резиденттері болып табылатын дауларға 
қатысты қолданылады. 
Халықаралық тӛрелік (аралық) соттардың қҧқықтық 
мәртебесі ҚР «Халықаралық коммерциялық тӛрелік туралы» 
Заңының 6-бабының 4-тармағымен анықталған. Бҧл норма егер, 
тараптардың ең болмаса, бiрi Қазақстан Республикасының 
резидентi емес болса, жеке тҧлғалар, коммерциялық және ӛзге де 
ҧйымдар 
арасындағы 
азаматтық-қҧқықтық 
шарттардан 
туындайтын даулар тараптардың келiсiмi бойынша тӛрелiкке 
берiлуi мҥмкiндігін қарастырады. Аралық соттар мен халықаралық 
коммерциялық соттардың арасындағы қҧзіреттерді бӛлуді заң 
дауға қатысушылардың субъектілік қҧрамы бойынша анықтайды. 
Егер дауда ең болмаса, бір тарап резидент емес болса, дау «ішкі» 
емес, халықаралық деп есептеледі де, оны шешу барысында 
«Халықаралық коммерциялық тӛрелік туралы» Заң қолданылуы 
керек. Осылайша, аралық дауды «халықаралық» ретінде жіктеудің 
негізгі белгісі «резидент емес» ҧғымында болып отыр. 
Аралық сот ӛндірісінің тартымдылығы келесі факторлармен 
анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет