- аралық судьялардың тәуелсіздігі мен еріктілігі.
Аралық
судьялар ӛз міндеттерін орындағанда нақ осындай болуы керек,
олардың кандидатураларын тараптар анықтағанымен де судья
олардың ӛкілдері болып табылмайды, себебі істің барысына
тікелей немесе жанама мҥдделі тҧлға судья бола алмайды;
- тараптардың теңдігі.
Аралық сотта даудың шешілуі
тараптардың ӛз кӛзқарасын білдіруі ҥшін қҧқықтар мен
мҥмкіндіктердің теңдігі бастауында жҥзеге асырылады. Әр тарап
255
ӛздерінің тараптары немесе қарсылықтарына сілтеме жасайтын
мән-жайларды дәлелдеуге міндетті.;
-
материалдық және іс жүргізушілік құқықтарды қолдану
бостандығы.
Тараптар аралық талқылауға дейін немесе сол
уақытта дау қарастырылатын материалдық қҧқық нормаларын, сот
отырысының іс жҥргізу тәртібін таңдап алуға, ӛздерінің
материалдық және іс жҥргізу қҧқықтарын (талаптан бас тарту,
талапты мойындау, бітімгершілік келісім, талап негізін немесе
пәнін ӛзгерту) иеленуге ерікті;
-
дауды қараудың біліктілігі.
Тараптар дауға қатысты білімі
мен біліктілігіне сенімді тҧлғаларды судья ретінде тағайындайды;
-
ынтымақтастық аясын қамтамасыз ету.
Аралық сот
тараптардың ӛзара тиімді келісімге келуіне, яғни олардың
арасында бітімгершілік келісімінің жасалуына және болашақта
ынтымақтастығын жалғастыруға ықпал етеді;
-
аралық сот шешімінің міндеттілігі.
Бҧл шешім оның
шығарылған кҥнінен бастап ҥрдістің барлық қатысушылары ҥшін
міндетті;
-
аралық соттың шешімін орындаудың еріктілігі.
Екі тарап
та бҧл шешімде ерікті негізде орындайды;
-
аралық сот өндірісінің жеделдігі.
Ол бір циклдан
тҧратындықтан шешім соңғы болып есептеледі және шағымдануға
(кассацияға, апелляцияға) жатпайды;
-
аралық соттың экономикалық тиімділігі.
Дауды қарастыру
рәсімдерінің кӛп кезеңділігінің болмауының негізінде, сот
шығындарының талап сомасына пропорционалды болуына
байланысты кӛп шығынға әкелмейді. Сонымен қатар, тӛлемді
тӛлеуді кейінге қалдыру, тараптардың сот шығындарын теңбе-тең
бӛлуінің шынайылығын нақтылау мҥмкіндіктері беріледі
(халықаралық тӛреліктен басқа);
-
аралық сот шешімдерінің орындалуының кепілдігі.
Шешім
ерікті тҥрде орындалмаған жағдайда, ол мемлекеттік мәжбҥрлеп
орындату жҥйесі арқылы орындалады (халықаралық тӛреліктен
басқа).
Тӛреліктің қҧқықтық табиғаты мен оның қҧқықтық
қақтығыстарды шешудегі орны аралық соттардың қызметі мен
256
азаматтық-қҧқықтық
дауды
қарастыру
бойынша
іске
қатысушылардың қаншалықты ішкі ҧйымдастырылғандығы мен
тәртіптілігіне байланысты.
Аралық ҥрдіс қҧқық қолдану қызметінің бір тҥрі ретінде істі
(ӛндірісті) қозғау, қҧқық қолдану актілерін дайындау мен
қабылдау (тӛрелік шешімді қабылдау) кезеңдеріне жіктеледі, олар
ӛз жиынтығында қҧқық қолдану циклын қалыптастырады.
Іс бойынша ӛндірісті қозғау кезеңінде аралық сот талап-
арызды қабыладу туралы шешім қабылдайды, тӛрелік келісімнің
бар-жоғын анықтайды, талапкердің аралық сотқа жҥгіну тәртібін
сақтауын, аралық алымды тӛлеуін тексереді. Тҧрақты тҧрде әрекет
ететін тӛрелік сотта істі қозғаудан кейін іс жҥргізу қызметі тек
тараптардың даулары бойынша қҧрамды қалыптастырғаннан кейін
ғана басталады. Тӛрешілерді таңдау (тағайындау) бойынша
хронологиялық қызмет дайындау кезеңімен қатар жҥреді, бірақ
аралық ҥрдістің жеке кезеңі болып табылмайды. Бҧл аралық
ҥрдістің дамуының ерекшелігі болып табылады.
Аралық соттың қалыптасқан қҧрамы істі талқылауға
дайындау бойынша әрекеттерді жҥзеге асырады. Істі аралық сотта
қарастыруға дайындау кезеңінің міндеттері мемлекеттік сот
ӛндірісінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Оларға даулық
қҧқықтық қатынастардың сипатын анықтау, тиісті заңаманы
қолдану, істі дҧрыс қарастыруға, тараптарды бітістіруге ықпал
ететін мән-жайларды анықтау жатқызылады.
Істі дайындау кезеңінде жауапкер талап-арызға пікірін
(Аралық соттар туралы заңның 22-бабының 4-тармағы;
Халықаралық коммерциялық тӛрелік туралы заңның 18-бабының
4-тармағы) немесе талап бойынша қарсылығын білдіреді. Олардың
мазмҧнына талаптар, сонымен қатар оларды ҧсыну тәртібі
кӛбінесе, тҧрақты әрекет етуші аралық соттардың локальды
нормативтік актілерімен реттеледі. Олардың бірқатарында аралық
соттарға жазбаша пікір мен қарсылықты негіздейтін қҧжаттарды
берудің шекті мерзімін анықтайтын нормалар бар, ол мерзімдер
ӛткеннен кейін олар қабылданбайды да, қарастырылмайды да. Бҧл
кезеңде егер, тӛрелік келесім талаптарына сай тӛрелік сотпен
қарастырылуы мҧмкін деп танылса, қарсы талапты қабылдау
257
туралы сҧрақ шешілуі мҥмкін. Сонымен қатар істі қарауға
қабылдауды дайындау барысында аралық сот кез келген тараптың
ӛтініші бойынша даудың пәніне байланысты қамтамасыз етуші
шараларды қабылдау туралы ӛкім етуі, осы шараларға байланысты
тиісті қамтамасыз етуді талап етуі мҥмкін. Істі талқылауға
дайындау барысында аралық сот ӛзінің тараптардың дауына
қатысты қҧзіреттілігі сҧрағын шешу қажеттілігін анықтауы
мҥмкін.
Жалпы тәртіп бойынша, егер тараптар ӛзгеше уағдаласпаса,
онда аралық сотта iс қарау - тараптардың немесе олардың
ӛкiлдерiнiң қатысуымен аралық соттың отырысында жҥзеге
асырылады. Ӛкiлдiң ӛкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының
азаматтық iс жҥргiзу заңнамасында кӛзделген талаптар сақтала
отырып ресiмделуге тиiс (Аралық соттар туралы Заңның 27 б., 2 т.;
Халықаралық коммерциялық тӛрелік туралы Заңның 25-1 б.),
алайда, аралық іс жҥргізуде істі мәні бойынша қарау әр қашанда
ауызша ӛткізумен байланысты бола бермейді.
Аралық сот iстiң мән-жайы зерттелгеннен кейiн аралық
соттың қҧрамына кiретiн аралық судьялардың кӛпшiлiк даусымен
шешiм қабылдайды. Шешiм аралық соттың отырысында
жарияланады. Аралық сот шешiмнiң тек қарар бӛлiгiн жариялауға
қҧқылы. Мҧндай жағдайда, егер тараптар шешiмдi жiберуге
арналған мерзiмдi келiспесе, шешiмнiң қарар бӛлiгi жарияланған
кҥннен бастап отыз кҥн iшiнде тараптарға дәлелдi шешiм
жiберiлуге тиiс (Аралық соттар туралы Заңның 34 б., 1 т.).
Шешім қабылдаумен аралық соттағы бірінші инстанция
ӛндірісі аяқталады. Сол уақытта егер, ол ҧлттық заңнамамен
рҧқсат етілсе және тараптардың келісімімен немесе тҧрақты әрекет
етуші аралық соттың регламентімен қарастырылса, аралық ҥрдіске
аралық соттағы екінші инстанция ӛндірісі де (қҧқық қолдану
циклы) кіруі мҥмкін.
Аралық соттағы екінші инстанция ӛндірісі халықаралық
коммерциялық
тӛрелікте
тараптардың
тӛрелік
шешімді
мемлекеттік соттарда қарастырмай-ақ жҥзеге асыру қажеттілігінің
негізінде кең таралды, бірқатар елдерде ішкі тӛрелік соттардағы
апелляциялық ӛндіріс те кездесіп отырады. Шетелдердің
258
заңнамасында аралық соттағы екінші инстанция ӛндірісін
реттейтін нормалар жоқтың қасы деуге болады, дегенмен, ерекше
жағдайлар да кездеседі. Мәселен, Нидерландының Тӛрелік туралы
актісі
тӛрелік
шешімді
аралық
соттың
апелляциялық
инстанциясында тексеруге ғана мҥмкіндік беріп қана қоймайды
(1050-б.), тіпті, апелляциялық қайта қараудың рәсімін де реттейді.
шағым берудің қосымша апелляциялық тӛрелік тәртібі
Австрияның АІЖК (1983) 594 (1)-бабында қарастырылған. Латын
Америкасының бірқатар елдерінде тӛрелік шешімді апелляциялық
қайта қарау мҥмкіндігі туралы нормалар бар. Мысалы,
Аргентинаның АІЖК 263-бабы тӛрелік шешімді мемлекеттік сотта
немесе тараптардың келісімі бойынша екінші инстанция аралық
сотында толық апелляциялауға рҧқсат береді. Істі апелляциялық
аралық сотта қарау тәртібі Перу Тӛрелік заңының (1992) 62-
бабында да неғҧрлым жан-жақты реттелген.
Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясындағыдай,
дауды аралық сотта қарау бір ғана инстанция ӛндірісінде ғана
қарастырылады.
Осылайша, аралық ҥрдістің кезеңдері аралық талқылауды
аяқтауға және даудың мән-жайы бойынша шешімді қабылдауға
бағытталған ӛзінің қисынды кезеңділігімен бірінен кейін бірі
жалғасады.
Халықаралық тӛрелік соты тҧрақты тҧрде қызмет етіп,
сыртқы экономикалық қарым-қатынастарға қатысты келісім-
шарттардан туындайтын келіспеушіліктердегі жақтардың бірден–
біреуі
Қазақстан
Республикасының
резиденті
болмаған
жағдайындағы келіспеушіліктердің жоғары деңгейдегі талқылауын
ҧйымдастыратын халықаралық коммерциялық арбитраж болып
табылады.
Бҥгінгі кҥнде Қазақстанда белгілі аралық соттар келесілер
болып табылады: Қазақстан Республикасының Сауда-ӛндірістік
палатасының жанындағы Тӛрелік комиссия және Қазақстандық
халықаралық тӛрелік. Қазақстанда тәуелсіз тарап ретінде «IUS»
Заң орталығының Халықаралық соты да қатысады. Бҧл сот 1993
жылдан бастап кӛптеген шаруашылық дауларды, соның ішінде
Ресей федерациясының, Украинаның, Беларусь Республикасының,
259
Қырғыз Республикасының, Ӛзбекстан Республикасының, Корея
Республикасының,
Біріккен
Ҧлыбритания
Корольдігінің,
Солтҥстік Ирландияның, Панама Республикасының және тағы
басқа елдердің заңды тҧлғаларының қатысуымен қарастырды.
«IUS» Халықаралық тӛрелік соты дербес тҧрақты әрекет
етуші аралық (тӛрелік) соттар болып табылатын қазақстандық
және ресейлік тӛрелік институттардан тҧрады. Қазақстандық
тӛрелік институт Алматы қаласында 1993 жылы қҧрылған.
Ресейлік институт Санкт-Петербургте 2002 жылы қалыптасты.
«IUS» Халықаралық тӛрелік соты ӛз қызметі барысында
біртҧтас Регламентті басшылыққа алады және біртҧтас
басшылығы – «IUS» Халықаралық тӛрелік сот кеңесі бар.
«IUS» Халықаралық тӛрелік соты: Чехия Республикасының
Сауда-ӛндірістік
палатасы
жанындағы
(Прага),
Латвия
Республикасының
СӚП
жанындағы
(Рига),
Қырғызстан
Республикасының СӚП жанындағы, (Бішкек), Стокгольм
қаласының Сауда палатасының Тӛрелік институтымен (SCC) және
басқа да тӛреліктермен, сонымен қатар Лондондық халықаралық
аралық сотымен (LCIA) және Халықаралық сауда палатасының
жанындағы Халықаралық тӛрелік сотпен (Париж), Қытай сыртқы
экономикалық және сауда тӛрелік комиссиясымен (CIETAS) және
басқаларымен тӛрелік соттармен ынтымақтастық туралы
шарттарға отырды әрі тікелей байланыс орнатты. Бҧдан басқа,
шетелдік тӛрелік орталықтармен ынтымақтастық тҧрақты тҥрде
кеңейтілген.
Халықаралық деңгейдегі коммерциялық келіспеушіліктерді
қарастырудың бҥкіләлемдік тәжірибесі бойынша, тӛрелік
ескертудің жӛнді жасалуына және халықаралық коммерциялық
арбитражды дҧрыс таңдауына байланысты, сот тиісті шешім
шығарады. Алайда, қандай да болсын халықаралық коммерциялық
арбитражды таңдау кезінде, келіспеушіліктерді қарастырудағы
рәсімдердегі, халықаралық коммерциялық арбитраждардың
қызмет
атқаруын
реттейтін
мемлекеттік
заңнамалардағы
айырмашылықтардың болуы біршама қиындықтарды туындатады.
Тӛрелік талқылаудың саны тек тыңғылықты дайындалған
рәсімдік механизмдерге ғана емес, тӛрешілердің біліктілігіне де
260
байланысты. Сондықтан қазақстандық халықаралық тӛрелік
тӛрешілерінің тізімі ғылыми орталарға ғана емес, тәжірибелік
заңгерлердің де арасында жоғарғы беделге ие қҧқық саласындағы
қазақстандық және халықаралық мамандардан тҧрады. Мәселен,
бҥгінгі кҥні тҧрақты әрекет етуші тӛрешілер қатарын 88 жоғарғы
білікті мамандар, соның ішінде Австрия, Бельгия, Ҧлыбритания,
Германия, Ҥндістан, Қытай, Нидерланды, Польша, Ресей,
Украина, Тәжікстан, Ӛзбекистан, Сингапур, АҚШ, Франция,
Чехия, Швеция және Жапония елдерінің тҥрлі қҧқық салаларының
шетелдік мамандары қҧрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |