262
Кәсіпкерлік
қҧқықтық
қатынастарда
осындай
шетел
элементтерінің бірі болса, қҧқықтық
қатынастарда шетелдік
элемент бар деп айтылады және берілген қҧқықтық қатынастар
халықаралық жеке қҧқық саласымен реттеледі..
2. Шетел элементімен кҥрделендірілген коммерциялық
қатынастарды реттеу әдістері
Шетел элементі бар қатынастарды реттеу ҥшін екі тәсіл
қарастырылған: коллизиялық және материалдық-қҧқықтық.
Олардың арасындағы айырмашылық коллизиялық әдіс кӛмегімен
қҧқықтық қатынастардағы тараптардың
нақты міндеттерін
анықтау ҥшін қолданылуға тиісті нақты ҧлттық қҧқық жҥйесінің
қолданылатын қҧқығының анықталуында. Осымен коллизиялық
әдістің міндеті тамамдалады. Материалдық-қҧқықтық
тәсіл шетел
элементі қатысатын қҧқықтық қатынастарда тараптардың қандай
қҧқықтары бар екенін әрбір мемлекеттің
заңнамасында тікелей
және нақты анықтаудан тҧрады. Мысалы, шетелдіктер ел
территориясында жылжымайтын мҥліктің иесі бола ала ма? Ел
территориясында жылжымайтын мҥлікті
жалдау келісімшарты
қалай реттеледі? Тҧлғалардың жауапкершілік ерекшеліктері
қандай?
Реттеудің коллизиялық тәсілі
әрқашан да коллизиялық деп
аталатын нормалар кӛмегімен орындалады.
Коллизия
—
қақтығыс дегенді білдіретін латын сӛзі. Бҧл шартты сипаттағы
термин. Заңдар қайшылығы және
олардың араларындағы таңдау
қажеттілігі туралы шетел элементі бар қҧқықтық қатынасқа қҧқық
қолдану туралы мәселені шешетін сот немесе ӛзге тҧлғаның
пікірлері барысын тҥсіндіру
ҥшін бейнелей
айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: