Хасенова Жұлдыз Жумагельдиевна Қарағанды қаласы №60 жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі



Дата25.12.2016
өлшемі82,76 Kb.
#4653
ОҚУҒА ДЕГЕН ЫНТА -ТАБЫСТЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ
Хасенова Жұлдыз Жумагельдиевна
Қарағанды қаласы №60 жалпы білім беретін орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Мотивация оқушылардың оқу нәтижелілігін анықтап, олардың
психологиялық жас ерекшеліктеріне байланысты сипатталады. Нақты сыныпта, нақты оқушыда оқу мотивациясын дамыту үшін, ең алдымен оқушының жасына сай мотивацияны дамытудың міндеттерін анықтау керек.

Бастауыш сынып оқушылардың мотивтері қажеттіліктің нақты бейнеленуі ретінде көрінеді. Мысалы, оқуға деген қажеттілікті қанағаттандыру, әке-шешені қуанту, мұғалімнің мадақтауын есту немесе пәнге қызығушылық түрткі болуы мүмкін .

Бастауыш сынып оқушыларының білімді меңгерудегі мотивтері әр түрлі болуы мүмкін. Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елетету қабілеті дамыған. Соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді. Осыған байланысты оқушылар бідімді бірдей меңгермейді және сабақтағы белсенділіктері әр түрлі болады. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен,қызығушылығына  тікелей  байланысты.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.

Мен сабақ барысында мынадай әдістерді қолданамын: сұрақ – жауап, сөйлеу, әңгіменің түсінігін айтқызу, кітаппен, мәтіндік жұмыс, диалогтік оқыту, буынмен оқу, рөлдік ойындар, проблемалық сұрақтар туғызу, сөзжұмбақтар шешу және құрастыру, жаңа сөздерден диалог құрау т. б.

● Мысалы, сабақ барысында оқушыларды топқа бөліп, ойын, жарыс ретінде болса,

● Сөзжұмбақтарды шешу арқылы,

● Деңгейлік жеке тапсырмалар беріп,

● Проблемалық сұрақтар беріп, ой туғызу

● бір сөздің бірнеше мағына беретінін ұғындыру.

Қазақ тілі тілі сабағында жүргізілген ойын,жаттығуларынан мысалдар келтіре кетсем:

1. Біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет ұйымдастыру мақсатымен, "Ұқсастығын тап!" логикалық жаттығуы жүргізіледі, яғни, балалар ненің қай затқа ұқсайтындығын естеріне түсірулері қажет. Мысалы, инелік-тік ұшақ, бұлттар - аюлар, түйелер, аттар. Раушан гүл - қоңырау; қолшатыр - саңырауқұлақ; бор - ақ қант қанқызы - ұшақ.

2. Белсенді оқыту әдісі ретінде ойын өткізу. Мысалы, балаларға сөздердегі әріптері ауысқан күйінде беріп, ретке келтіріп, дұрыс сөз құрастыруларын талап ету. (қасық) қысақ, (тарақ) рақга, (мал) лам, (күріш) рүшкі, (алма) мала, (кереге) гекере, (қияр) яриқ, (алша) шала, молда (далмо), (піл) ліп, (білгіш) гібшіл, (орындық) дырынқо.

2. Белсенді оқыту әдісі ретінде тақтада "Қатесін тап!" ойынын жүргізу. Яғни тақтаға бірнеше сөйлемдер жазу: "Сен сабаққа дайындалдың ба!" Сенің досың кім! Бүгін жаңбыр жауып тұр! Ертең күн ашық болады! Саябаққа барасың ба!

Осы сөйлемдердегі қателерді табу қажет.

2. Белсенді оқу әдісі ретінде "Сурет жұмбақтар" ойыны өткізіледі. Яғни балаларға түрлі заттар бейнеленген суреттер таратылады (алма, гүл, саңырауқұлақ, бала, құс, шөп т.б.).

Олардың негізгі міндеті: осы зат есімді білдіретін сөздерге етістікті дұрыс тауып, сөз тіркестерін жасау. Мысалы: шөп өсті, доп ұшады, алма теремін, саңырауқұлақ жұлу.

Осындай түрлі танымдық психологиялық жаттығулар көмегімен оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін шындап, бекітуге болады. Және осындай тәрбиелік мәні зор психологиялық танымдық ойындар, жаттығулар, тренингтер сөзсіз олардың бойында білімге, ана тіліне деген құштарлықты, пәнге деген қызығушылықгарын оятып, жетілдіре түсері сөзсіз.



Сондай - ақ тіл дамыту сабақтарында ойланатын ойындар «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап сурет сал» т. б. ойындар балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Мысалы: «Жайлау» тақырыбына байланысты»Қайда, қашан?» ойынын сабақ барысында сұрақ - жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға болады.
- Бір жылда неше ай бар?
- Қандай жыл мезгілдерін білесің?
- Жайлау табиғаты қандай? т. б.
Күзге байланысты тарауда «Кім тапқыр?» ойынын жаңа сабақ алдында өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында қолдануға болады. Өтілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты – мәтіннің атын табу, жалғастырып айту, күздің ерекшеліктерін табу. Оқушылар топ бойынша: 1 - топ – күз ерекшеліктерін, 2 - топ – күздегі еңбек, 3 - топ – табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беруі тиіс.
Оқушылардың ана тілі пәнінде танымдық қызығушылығын арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Сынып ішінде кітапхана ұйымдастыру және оқушылардың кітапты оқуын қадағалау және оқушыларға көптеген ертегі, әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және оларға хабарлама дайындау тапсырылады. Осылай оқушылардың ана тілі пәніне ықыласы артып, танымдық қызығушылығы қалыптасады. Сонымен қатар сабақ тақырыптарына байланысты мақал - мәтел, жұмбақ - жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланың танымдық қызығушылығын арттырып, тілін дамытады. Мысалы, ана тілін оқыту барысында мақал - мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
- тақырып мазмұнына сай мақал - мәтелдер айтқызу мәнін ашып өз ойымен жеткізу;
- суретке қарап тақырыпқа сай жұмбақ, жаңылтпаш айту;
- жұмбақтардың, мәтелдердің жалғасын айтқызу;
- топқа бөліп мақал - мәтелдер жарысын өткізу т. б. мысалы: «Арыстан мен түлкі» ертегісінде арыстан мен түлкінің және тағы да басқа аңдардың іс - әрекеттерін талдап, соған байланысты мақал - мәтелдер айтқызу және оларды оқушыларға мән мағынасын ашып талдату. Ол оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, шығармашылыққа дамытады.
Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.
Шығармашылық: іс - әрекет, зейін, есте сақтауы, интеллекттісі, ойлауы
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:
- Жылдың бесінші айын ата.
- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Көз адамға не үшін керек?
- 685 пен 687 арасында қандай сан бар?
- Есік қандай геометриялық фигура?
Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады. Сонымен қатар математика сабағында:
- Балаларға ойдан математикалық ертегі құрастыруға тапсырмалар беру.
- Қиялдау арқылы сурет салғызу.
Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар күрделеніп беріледі. Сабақта қызықты жаттығулар, логикалық есептер мен тапсырмаларды тиімді пайдаланудың пайдасы зор. Мысалы:
1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағатта 12км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді? (12км)
2. Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? (2 қой, 3 тауық).
3. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар 5 - еу, біреуі жерге қонса нешеуі қалады? (біреуі қалады, қалғаны ұшып кетеді)
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Дүниетану сабақтарында да оқушылардың танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын және шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.
Мысалы: Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей топтастырып құрастырады:
мөлдір
түссіз сұйық
Су
жұғады жабысады
ағады
Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма бердім:
І топ – эссе жазады «Су – тіршілік көзі»
ІІ топ – сурет салады
ІІІ топ - өлең шығарады «Бес жолды өлең»
Эссе «Су – тіршілік көзі»
Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді. Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.
Бес жолды өлең
Су
Мөлдір, түссіз
Ағады, жұғады, жабысады
Ол бізге өте қажет
Сусын.
- «Өсімдікке не қажет?» деген тақырыпты өткенде ертегі құрастыртуға болады.
Осындай тапсырмалардан кейін нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейірімді, өзін - өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.
Қазіргі кезде интерактивті тақталарды оқу үрдісінде қолдану қолға алына бастады. Бұл бастауыш білім беруді жетілдірудің, оның ішінде математикалық білім, дағдыны жетілдірудің келешегі. Сонымен бірге бастауыш мектептерге арналған мультимедиялық оқулықтарды жасау және пайдалану қолға алына бастады.
Міне, осындай танымдық белсенділікке байланысты шығармашылық тапсырмаларды қолдану барысында оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, дамиды.
Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет