А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет15/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық
1302917, 5555, Fizika 9 synyp 1422109868 23618, Тарбие жумысы ДК,ДР 111 (1), 7A, Куррикулум Учет Маг. НПН, (by-Multanovsky-V.V.)-Kurs-teoreticheskoi-fiziki-d-451026-(z-lib.org)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


29 
II тарау. КӘСІПКЕРЛІК ҚҦҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Кәсіпкердің қҧқықтық мәртебесінің тҥсінігі және жалпы 
сипаттамасы 
Заң әдебиеттерінде «қҧқықтық жағдай», «қҧқықтық мәртебе», 
«мәртебе», «заңдық мәртебе» тҥсініктері бірдей анықтама береді
сондықтан оларды бір мағыналас десек қателеспейміз.
Мысалы, М.Ю.Тихомиров авторлығымен жарық кӛрген 
Заңдық энциклопедияда «мәртебе» тҥсінігіне: «азаматтың немесе 
заңды тҧлғаның заңнамамен анықталған қҧқықтары мен 
міндеттерінің жиынтығы»
21
; ал Ҥлкен заңдық сӛздікте: «Қҧқықтық 
мәртебе-бҧл 
қҧқық 
нормаларымен 
анықталған 
олардың 
субъектілерінің 
жағдайы, 
әрі 
олардың 
қҧқықтары 
мен 
міндеттерінің жиынтығы»
22
, – деп анықтама берілген. 
В.В.Лазаревтің «Общая теория права и государства» атты 
оқулығында: 
«азаматтардың 
теңдей 
қҧқықтық 
мәртебесі 
жағдайында, олардың әрқайсысының қҧқықтық жағдайы бірдей 
болмайды», – деп кӛрсетілген. Әрі қарай «ӛндірістік, 
коммерциялық және ӛзге де шаруашылық қызметті жҥзеге 
асыратын және бекітілген тәртіпте тіркелген ҧйымдар мен жеке 
субъектілербің қҧқық субъектілігі заңды тҧлға мәртебесімен 
анықталады», – деп айтылған. Заңды мәртебенің кӛлемі ең 
21
Юридическая энциклопедия / Под редакцией М.Ю.Тихомирова.- М.: Статут, 1997. 
Б.78 
22
Большой юридический словарь /Под редакцией А.Я.Сухарева, В.Д.Зорькина, 
В.Е.Крутских. - М.: Проспект, 1997. – 85 б. 


30 
алдымен, заңды тҧлғаның қҧрылу мақсаты мен қызметіне тәуелді 
болады
23

Кәсіпкерлік қызметін енді бастап жатқан, сондай-ақ ҧзақ 
уақыт бойында тәжірибесі қалыптасқан кәсіпкерлерді де ең 
алдымен, қызықтыратын (қызықтыруға тиісті) әрі мазалайтын 
мәселе – олардың қҧқықтарының кӛлемі, міндеттемелерінің 
шектері және жауапкершілігінің деңгейі. Осылардың бәрі 
«кәсіпкердің мәртебесі» ҧғымына шоғырланады. 
Кәсіпкердің мәртебесі олар кәсіпкерлік ҥрдістің субъектісі 
ретінде тіркелген сәттен бастап бекітіледі. Мемлекеттік тіркеуден 
ӛту дерегі, мәртебеге ие болу дегенді білдіреді, яғни қосымша 
қҧқықтық 
кеңістікке 
(жалпы 
азаматтық 
қҧқықтар 
мен 
міндеттермен салыстырғанда) иелену.
Кәсіпкердің мәртебесі қҧқықтар мен міндеттердің кӛлемінің 
кӛрсеткіші болып табылады, ол ӛз кезегінде оларға бекітіледі және 
олар солардың шегінде қандай да бір іс әрекеттерді жасай алады.
Кәсіпкер заңды тҧлға мәртебесін иелене отырып, қандай да 
бір іс-әрекеттерді ӛз атынан емес, ал заңды тҧлғаның атынан 
жҥзеге асырады.
Кәсіпкерлік қызметтің барлық субъектілері нарыққа ӛз 
тауарларымен, жҧмыстарымен және қызметтерімен шығып, 
әртҥрлі қҧқықтық қатынастарға ӛз араларында, тҧтынушылар мен 
мемлекетпен тҥседі. Кәсіпкерлердің қҧқықтық жағдайын реттеуші 
арнайы нормалармен қатар, заңнамада жалпы бекітілімдердің аз 
болмауы таңғаларлық нәрсе емес
24

Яғни, мысалы, әрбір кәсіпкерге қойылатын талаптардың бірі 
олардың мемлекеттік тіркелуі болып табылады. Кәсіпкерлер ҥшін 
мемлекеттік тіркелуден басқа, олардың қҧқықтары мен міндеттері, 
сонымен қатар жауапкершіліктері туралы жалпы ережелер де бар.
Әрбір кәсіпкердің негізгі қҧқығы- заңмен тыйым салынбаған 
қызметті еркін жҥзеге асыру. 
23
Общая теория права и государства. Учебник. /Под редакцией В.В.Лазарева. - М., 
1996. – 188 б. 
24
Клейн Н.И. Предпринимательское право. Курс лекций. - М.: «Юридическая 
литература», 1993. - 20-23 б. 


31 
Осымен қоса, барлық кәсіпкерлерге нарыққа, материалдық
қаржылық, еңбектік, ақпараттық және табиғи ресурстарға қол 
жеткізуге тең қҧқық кепілдендіріледі. Барлық кәсіпкерлерге 
қызмет жасауға теңдей жағдай жасалады. Аталмыш жағдай 
нарықтық экономиканың маңызды қағидасын қалыптастырады.
Кәсіпкерлердің маңызды қҧқықтарының қатарына, сондай-ақ 
басқа кәсіпкерлердің, азаматтардың, мемлекеттік органдардың, 
қоғамдық ҧйымдардың тарабынан жасалған қҧқыққа қарсы 
әрекеттерден соттық қорғану қҧқығы да жатады.
ҚР жеке кәсіпкерлік туралы Заңының 8-бабына сәйкес 
кәсіпкерлердің міндеттерінің қатарына:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды 
тҧлғалардың қҧқықтарын және заңмен қорғалатын заңды 
мҥдделерін сақтау; 
2) 
ӛндірілетін 
ӛнімнің 
(жҧмыстардың, 
кӛрсетілетін 
қызметтердің) 
Қазақстан 
Республикасы 
заңнамасының 
талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына 
сәйкес лицензиялауға жататын жеке кәсіпкерлік тҥрлерін жҥзеге 
асыруға лицензиялар алу; 
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-
қҧқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жҥзеге асыру 
жатады. 
Жалпы тәртіп бойынша кәсіпкерлер міндеттемелерін 
орындамағаны және тиісінше орындамағаны, басқа субъектілердің 
меншік қҧқығын бҧзғаны, қоршаған ортаны ластағаны, 
монополияға қарсы заңнаманы бҧзғаны, еңбектің қауіпсіздік 
ережесін сақтамағаны, сапасыз ӛнімді сатқаны, жосықсыз бәсеке 
туралы заңнаманы бҧзғаны ҥшін жауапкершілікке тартылады.
Осыған байланысты кәсіпкерлік қызмет субъектілері ҥшін 
қҧқықтық жағдай мәселесі мәнінің олардың ӛмір сҥруінде және 
сәйкесінше, аталған субъектілердің қызметінде белгілі бір 
маңызды орынға ие екендігін атап ӛткен жӛн. Кәсіпкерлік қызмет 
субъектілері ӛздерінің қҧқықтық жағдайына ғана сҥйене 
отырып,ӛз қызметтерін жҥзеге асыра алады.


32 
Кәсіпкердің заңдық тҥсінігі тҧлғалар туралы цивилистикалық 
ілімге негізделеді. Кәсіпкер – бҧл кәсіпкерлік қызметті жҥзеге 
асырушы тҧлға. Тҧлғаның кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыру 
дерегі оны азаматтық қҧқықтың ерекше субъектісі, яғни кәсіпкер 
деп тануға негіз болып табылады және оған әрі оның қызметіне 
заң шығарушы тарабынан ерекше талаптарды қою қажеттілігін 
анықтайды.
Тҧлғаға кәсіпкер мәртебесін беру маңызды заңды дерек 
болып табылады және ӛз кезегінде белгілі бір қҧқықтық салдар 
тудырады.
Біріншіден, кәсіпкермен жасалған мәміле оның кәсіпкерлік 
қызметімен байланыстырылып, саудалық мәміле деп жіктеледі, 
яғни қҧқықтық реттелудің арнайы режиміне бағынады.
Екіншіден, тҧлғаға кәсіпкер мәртебесін беру оған бір қатар 
арнайы міндеттер жҥктеп және оған қосымша қҧқықтар береді.
Кәсіпкерлердің қызметінің қатаңырақ режимге бағындыратын 
қосымша міндеттерді жҥктеудің мақсаты кәсіпкерлермен ӛзара
әрекеттесетін басқада тҧлғалардың мҥдделерін қамтамасыз етуді 
кӛздейді. Осындай міндеттердің қатарына кӛбінесе: жалпының 
танысуы ҥшін ашық және кәсіпкердің қҧқықтық жағдайы туралы 
басқа тҧлғаға мәлімет беретін кәсіпкер туралы мәліметті заңды 
тҧлғалардың біртҧтас мемлекеттік тізілімге жариялануы және 
т.б.
25
жатады.
Кәсіпкерлерге 
қосымша 
қҧқықтар 
бере 
отырып, 
заңшығарушы оларға кейбір айрықша артықшылықтар береді. 
Мысалы, коммерциялық ҧйымдар фирмалық атауды немесе 
интеллектуалдық меншіктің басқада объектісін пайдалануға 
айрықша қҧқыққа ие. Кӛбінесе, фирмалық атау кәсіпкерді және 
оның коммерциялық айналымдаға қызметін дараландырады, ал ол 
ӛз кезегінде бәсекелестік кҥрестегі маңыздылығын айқындайды. 
Фирмалық атауға айрықша қҧқық дегеніміз басқа кәсіпкерлердің 
25
Ершова И.В.Предпринимательское право: Учеб.пособие/ Ершова И.В., Иванов 
Т.М.. - 2-е изд.,испр.и доп.. - М.: «Юриспруденция», 2000. 


33 
қҧқық иеленушінің келісімінсіз оны іскерлік айналымда пайдалана 
алмайды дегенді білдіреді.
Барлық жеке және заңды тҧлғалар кәсіпкер бола алмайды. 
Мемлекеттік 
қызметшілер 
ҥшін 
кәсіпкерлік 
қызметпен 
айналысуға, сондай-ақ заңды тҧлғалардың ішінде коммерциялық 
емес заңды тҧлғаларға шектеу қойылған. Олар кәсіпкерлік 
қызметпен қҧрылуға тҥрткі болған негізгі мақсаттарына қол 
жеткізу ҥшін айналыса алады. Дегенмен, бҧндай ҧйымдар ҥшін 
кәсіпкерлік қызмет негізгі болып табылмайды.
Сонымен, субъектіде кәсіпкер мәртебесі мемлекеттік тіркелу 
сәтінен бастап пайда болады және осы мәртебені толықтыратын 
және кәсіпкерлерді басқа қарапайым жеке және заңды тҧлғалардан 
айрықшалайтын қҧқықтар мен міндеттердің пайда болуына 
әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет