А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет23/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық
1302917, 5555, Fizika 9 synyp 1422109868 23618, Тарбие жумысы ДК,ДР 111 (1), 7A, Куррикулум Учет Маг. НПН, (by-Multanovsky-V.V.)-Kurs-teoreticheskoi-fiziki-d-451026-(z-lib.org)
ӛндірістік кооператив
деп танылады 
(ҚР АК-нің 96-б.).
ҚР АК бойынша кооперативтің: ӛндірістік және тҧтыну (ҚР 
АК-нің 108-б.) сияқты екі тҥрі бар. Олардың негізгі 
айырмашылығы – ӛндірістік кооператив коммерциялық ҧйым, ал 
тҧтыну 
кооперативі 
коомерциялық 
емес 
ҧйым 
болып 
табылатындығы.
Ӛндірістік кооперативтің қызметін реттеуші негізгі заңды акті 
болып «Ӛндірістік кооператив туралы» 1995 жылдың 5 
қазанындағы №2486 Қазақстан Республикасының Заңы табылады 
(әрі қарай – ӚК туралы Заң). 
Шаруашылық 
серкітестіктен 
айырмашылығы 
АК 
шаруашылық серіктестіктерге қатысты «қатысушы» деген термин 
қолданылса, ӛндірістік кооперативте «мҥше» деп қолданылады, ол 
біріншіден, кооперативке тиесілігінің бекемділігін және онымен 
тығыз байланыстылығын кӛрсетсе, екіншіден, кооперативтің 
қызметіне тікелей және жеке еңбекпен қатысуын ерекшелейді.
Ӛндірістік кооперативтің мҥшелігіне оған мҥше болуға ниет 
білдірген және оның қызметіне жеке еңбегімен қатысу 
қабілеттілігіне ие, он алты жасқа толған, кез келген жеке тҧлға 
алынады.


46 
Заңды тҧлғалар ӛндірістік кооперативтің мҥшесі бола 
алмайды. Кооператив мҥшелігіне, оның қызметіне жеке еңбегімен 
қатыспай, тек мҥліктік жарна негізінде ғана қатысуға жол 
берілмейді (зейнеткерлік жасқа толған тҧлғаларға қатысты, 
мҥшелікті сақтау жағдайларын қоспағанда). 
Кооператив мҥшелерінің оның қызметіне жеке еңбегімен 
қатысудың тҥрі мен кӛлемі ҚР АК, сондай-ақ ӚК туралы Заңда да 
анықталмаған. Бҧл мәселелер мҥшелердің ӛзімен шешіліп, оның 
жарғысында бекітіледі.
Кооператив 
мҥшелері 
мен 
кооператив 
арасындағы 
қатынастары АК сәйкес тарауларымен, ӚК туралы Заңмен және 
кооперативтің 
қҧрылтай 
қҧжаттарымен, 
ал 
жалдамалы 
қызметкерлердің қатынастары еңбек туралы заңнамамен және 
еңбек шартымен (контрактымен) реттеледі.
ӚК жеке кәсіпкерлік ҥшін заңнамалармен тыйым салынбаған, 
кез келген кәсіпкерлік қызмет тҥрін жҥзеге асыруға қҧқылы.
Мемлекеттік 
лицензиялау 
таралатын 
қызметті 
ӛндірістік 
кооператив лицензияның негізінде ғана жҥзеге асыра алады.
Мҥліктік жарналар ӚК бастапқы капиталын қалыптастырады 
және ол қызметін қҧру мен ҧйымдастыруға байланысты 
шығындарды жабуға арналады. Мҥліктік жарналардың қҧрамы 
мен мӛлшері, сонымен қатар оларды енгізу тәртібі, әдісі және 
мерзімі қҧрылтай шартымен немесе жарғымен айқындалады. 
Кооперативтің жалпы жиналысының шешімі бойынша кооператив 
мҥшелерімен қосымша жарна енгізу жағдайлары қарастырылуы 
мҥмкін.
Жаңадан қабылданған мҥшенің мҥліктік кіру жарнасы, оның 
кооперативпен жасаған келсімінде анықталады және кооператив 
мҥшелерінің жалпы жинлысының хаттамасында кӛрсетіледі. 
Кооперативтiң әрбiр мҥшесiне оның мҥлiктiк кiру жарнасының 
мӛлшерi мен тҥрiн куәландыратын қҧжат берiледi.
Әрекет етуші заңнамаға сәйкес ӛндірістік кооперативтің 
мҥліктік жарнасы ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мҥліктік 
қҧқықтар, 
оның 
ішінде 
жер 
пайдалану 
қҧқығы 
мен 
интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне қҧқық және ӛзге де мҥлік 
болуы мҥмкін. Кооператив мҥшесi мҥлiктi кооперативке жарна 


47 
ретiнде тек қана пайдалануға берген жағдайда, жарнаның мӛлшерi 
кооператив мҥшелерiнiң келiсiмiнде белгiленген кезең ҥшiн 
есептелген осы мҥлiктiң пайдаланылғаны ҥшiн тӛленетiн жал 
тӛлемiне қарай анықталады.
Мҥлік кооперативке пайдалануға берілген жағдайды 
қоспағанда, мҥліктік жарна кооперативтің меншігіне ӛтеді.
Кооператив заңды тҧлға ретінде міндеттемелері бойынша 
барлық мҥлкімен, сонымен қатар кооператив мҥшелерінен 
мҥліктік жарна ретінде алған мҥліктерімен де жауап береді. 
Алайда, 
бҧл 
мҥлік 
несие 
берушілердің 
талаптарын 
қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда, ӛндіріп алу осы 
кооперативтің мҥшелерінің мҥліктеріне салынуы мҥмкін, мҧндай 
жағдайда кооператив мҥшелерiнiң кооператив мiндеттемелерi 
бойынша қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiгi туындайды.
ӚК кооперативтің болашақ мҥшелері ретінде тҥсетін 
қҧрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша 
қҧрылады. Қҧрылтайшылар ретінде тек жеке тҧлғалар бола алады. 
Ӛндiрiстiк кооперативтiң қҧрылтайшылары екеуден кем болмауға 
тиiс.
Кооперативті басқаруды ҧйымдастыру демократиялық 
қағидаларға негізделген және кооперативтің әрбір мҥшесіне 
кооперативтің қызметіне белсенді қатысуға жол береді.
Коопертивтің жоғарғы органы оның мҥшелерінің жалпы 
жиналысы болып табылады. Мҥшелерiнiң саны 100-ден асатын 
кооперативтерде қҧрылтай қҧжаттарымен жоғары органның 
функцияларын уәкiлдер жиналысына беру кӛзделуi мҥмкiн.
«Ӛндірістік кооператив туралы» заңға сәйкес кооператив 
мҥшелерi жалпы жиналысының ерекше қҧзыретiне:
1) кооператив жарғысын ӛзгерту;
1-1) кооператив қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындау;
2) атқарушы, тексерушi органдар мен байқаушы кеңесiн қҧру 
және олардың мҥшелерiн керi шақырып алу;
3) кооператив қорлары мен резервтерiнiң тҥрлерi мен 
мӛлшерiн және олардың пайдаланылу бағыттарын анықтау;
4) кооперативтiң iшкi еңбек тәртiбi ережелерiн, лауазымды 
адамдарының, оның мҥшелерi мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы 


48 
тӛлеу туралы ережелерді және кооперативтің басқа да актілерін 
қабылдау және ӛзгерту;
5) кооперативтiң филиалдары мен ӛкiлдiктерiн, шаруашылық 
серiктестiктерiн қҧру және оларға мҥше ретiнде кiру;
6) қосымша пай жарналарын енгiзу туралы мәселенi шешу;
7) кооператив мҥшелiгiне қабылдау және шығару;
8) кооперативтiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк 
баланстарын бекiту, оның пайдасын және шығынын бӛлу;
9) кооперативтi қайта қҧру мен тарату туралы шешiм;
10) тексеру комиссиясының есебiн бекiту;
11) кооператив басқармасының (кооператив тӛрағасының) 
есебiн тыңдау жатады. 
Ӛндiрiстiк кооперативте оның атқарушы органдарының 
қызметiн бақылауды жҥзеге асыратын байқаушы кеңес қҧрылуы 
мҥмкiн. Тек кооператив мҥшелерi ғана байқаушы кеңестiң 
мҥшелерi бола алады.
Ӛндірістік кооператив туралы заңнамаға сәйкес байқаушы 
кеңестiң мҥшелерi кооператив мҥшелерiнiң жалпы жиналысында 
сайланады. Байқаушы кеңестiң саны, жҧмыс iстеу мерзiмi және 
қҧзыретi кооператив жарғысымен белгiленедi. Байқаушы кеңестiң 
мҥшесi осымен бiр мезгiлде басқарма мҥшесi немесе кооператив 
тӛрағасы бола алмайды.
Кооперативтiң атқарушы органдары басқарма және (немесе) 
оның тӛрағасы болып табылады. Кооператив басқармасын оның 
мҥшелерiнiң жалпы жиналысы басқарма мҥшелерi iшiнен сайлаған 
басқарма тӛрағасы басқарады. Мҥшелерiнiң саны жиырмадан 
аспайтын 
кооперативтерде 
басқарманың 
функцияларын 
кооператив тӛрағасына жҥктеуге болады.
Кооператив басқармасының мҥшелерi (кооператив тӛрағасы) 
кооператив мҥшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады. 
Басқарма мҥшелерiнiң саны, сондай-ақ басқарма (басқарма 
тӛрағасы) сайланатын мерзiм кооператив жарғысында белгiленедi. 
Тек кооператив мҥшелерi ғана басқарма мҥшелерi (кооператив 
тӛрағасы) бола алады Кооператив басқармасының (кооператив 
тӛрағасының) қҧзыретiне ӚК туралы Заңмен және кооперативтiң 
қҧрылтай қҧжаттарымен кооперативтiң жалпы жиналысының 


49 
немесе байқаушы кеңесiнiң ерекше қҧзыретiне жатқызылмаған 
кооператив қызметiнiң барлық мәселелерiн шешу жатады. 
Басқарма ӛзiнiң шешiмiн ҥнемі ӛткiзiлетiн отырыстарында 
қабылдайды. Егер басқарманың отырысына ӚК мҥшелерiнiң 
жартысынан астамы қатысса, ол қҧқылы болып саналады.
ӚК туралы Заң жалпы жиналысты кезекті және кезектен тыс 
деп бӛледі. Егер жалпы жиналысқа кооператив мҥшелерiнiң 
немесе олардың сенiмдi ӛкiлдерiнiң жартысынан астамы қатысса 
ол қҧқылы деп саналады. Жалпы жиналыс шешiмдер қабылдаған 
кезде кооперативтiң әрбiр мҥшесi ӛз пайының мӛлшерiне, мҥліктік 
жарнасының мӛлшеріне, кооператив қызметіне жеке еңбегімен 
қатысу дәрежесіне, кооперативтің басқару органдарында иеленетін 
лауазымына қарамастан бiр дауысқа ие болады. Аталмыш 
жағдайлармен кооперативтік демократияның жоғарғы деңгейі 
тағыда ерекше аталып ӛтеді.
Ӛндiрiстiк кооперативтi қайта қҧру және тарату оны заңды 
тҧлға ретіндегі қызметін тоқтатудың тәсілі болып таблады. Екі 
жағдайда да кооперативтің заңды тҧлға ретіндегі қызметі 
тоқтатылады, дегенмен, қайта қҧру барысында оның қҧқықтары 
мен міндеттері басқа тҧлғаларға ӛтеді. Кооперативтер бiрiккен 
және қосылған жағдайда қайта қҧрылатын кооператив мҥшелерi 
пайларының мӛлшерi (яғни, оның сомасы) сақталады, алайда, 
пайызда кӛрсетілген оның ҥлесі жаңадан қҧрылған кооперативтің 
жалпы кӛлемінде ӛзгертіледі.
Кооперативті таратудың айрықша негіздемесі оның мҥшелері 
кӛлемінің шекті мӛлшерден азаюы болып табылады, яғни 2 
адамнан аз мҥше қалса.
ӚК шаруашылық серіктестіктің кез келген тҥрінде (ЖШС, 
толық серіктестік және т.б.) қайта қҧрылуы мҥмкін, алайда, қайта 
қҧрылу барысында заңды тҧлғаның осындай тҥрлеріне заңдық 
актілермен қойылатын барлық талаптар сақталуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет