А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


 Дара кәсіпкерліктің тҥрлері



Pdf көрінісі
бет28/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

3. Дара кәсіпкерліктің тҥрлері
Дара кәсіпкерлік 
заңды тҧлға қҧрмаған кәсіпкерлік 
қызметтің ҧйымдық-қҧқықтық нысаны болып табылады.
Заңды тҧлға қҧрмай-ақ жҥзеге асырылатын азаматтардың 
кәсіпкерлік қызметіне заңнамаға сәйкес, коммерциялық ҧйым 
болып табылатын, заңды тҧлғалардың қызметін реттейтін ҚР АК 
ережелері қолданылады. Сәйкесінше, тауар және қызмет нарығы 
саласында дара кәсіпкер заңды тҧлғалармен теңдей тҥседі (әрине, 
тек таза заңдық жағынан).
Сонымен қоса, дара кәсіпкер ретіндегі кәсіпкерлік дара 
кәсіпкерлік қызметінің салықтық және қаржылық есебін кӛбірек 
жеңілдетеді, ол бизнес жҥргізудің осы нысанының қомақты 
артықшылығы болып табылады. Дара кәсіпкерде банкте ӛзіндік 
есеп айырысу шоты, ӛзінің тауар белгісі бола алады және сонымен 
қатар, кәсіпкерлік тҥрінен тҥскен табысқа салық салу қҧны заңды 
тҧлғаларға қарағанда азырақ болады.
ҚР АК-нің 19-бабында заңды тҧлға қҧрмай-ақ кәсіпкерлік 
қызметпен айналысатын азаматтардың қҧқықтық мәртебісінің 
ерекшелігі кӛрініс тапқан. Мҧнда азамат дара кәсіпкер деп 
аталады. Ол азаматтық айналымға ӛз атынан тҥседі және 
кәсіпкерлік қызметтің борыштары бойынша ӛзіне тиесілі барлық 
мҥлікпен жауап береді (ҚР АК 20-б.). 
Азамат дара кәсіпкер мәртебесіне ие болуы ҥшін азаматтық 
қҧқық субъектісінің:
- қҧқық қабілеттілік (азаматтық қҧқыққа ие болып, мiндет 
атқару қабiлетiгіне ие болу); 
- әрекет қабілеттілік (азаматтың ӛз әрекеттерiмен азаматтық 
қҧқықтарға ие болуға және оны жҥзеге асыруға, ӛзi ҥшiн 
азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi – ҚР 
АК 17-б. 1-т); 
- тҧрғылықты жерге ие болу (азамат тҧрақты немесе кӛбiнесе 
тҧратын елдi мекен оның тҧрғылықты жерi деп танылады – ҚР АК 
16-б. 1-т.) белгілеріне ие болуы қажет. 


61 
Кәсіпкердің қҧқықтық мәртебесінің басты тҥйіні оның 
азаматтық қҧқық субъектілігі болып табылады, ол белгілі бір 
заттардың, міндетті және айрықша қҧқық қабілеттіліктің болуын 
кӛздейді. Нарықтық айналымға қатыса отырып, шаруашылық 
субъектісі ӛзінің азаматтық қҧқық субъектілігін жан-жақты толық 
жҥзеге асыру ҥшін қҧқық субъектісі болады, оның тоқтатылуы 
еңбектік, әкімшілік және ӛзге де қҧқық субъектілігінің 
тоқтатылуына әкеп соғады.
Заттық қҧқық қабілеттілік тауар ӛндірушінің материалдық 
база қалыптастыруына заңды алғы шарт болып табылады. Заттық 
қҧқықтардың болуы кәсіпкер ҥшін ӛндіріс саласына, сондай-ақ 
тауар алмасу саласына жол ашады. Сонымен қатар, оған бекітілген 
мҥліксіз 
оның 
қаржылық 
және 
еңбектік 
қызметтері 
орындалмайды.
Міндеттемелік қҧқық қабілеттілік мәміле қабілеттіліктен 
және деликтік қабілеттіліктен тҧрады және ол ең алдымен, 
шарттық қатынастарда жҥзеге асырылады. Субъектісі кәсіпкер 
болатын азаматтық айналым немесе мәмілелердің жиынтығы тауар 
мен қызмет жҥрісі ҥрдісін негіздейді. Аталмыш субъект шарттық 
қатынастар орната отырып, еңбек кооперациясында және оның 
нәтижелерімен алмасуда қатысады.
Кәсіпкердің жеке қҧқық қабілеттілігі тауар ӛндірушілердің 
даралануымен анықталады, онсыз нарықтық қатнастардың болуы 
мҥмкін емес. Жеке қҧқық қабілеттілік сатып алушыдан алынбаған 
жеке мҥліктік емес қҧқықтардан қалыптасады. Олардың қатарына:
а) есімге қҧқық (фирмалық атау);
ә) тауар белгсіне қҧқық (қызмет кӛрсеу белгісі);
б)шығармашылық қызмет пәндерімен байланысты қҧқықтар;
в) ар-намыс, абырой және іскерлік беделін қорғауға қҧқық 
кіреді. 
Қҧқық қабілеттілік болашақ кәсіпкердің мҥмкін болатын 
субъективті қҧқықтары мен заңды міндеттерін белгілейді, алайда, 
оларға сәйкес ол әрекет қабілеттілік болған кезде ғана жеке дара 
әрекет ете алады.
ҚР АК 17-б. 1 т. сәйкес, толық азаматтық әрекет қабілеттілік 
он сегіз жасқа толған кезде ғана пайда болады. Азамат тек 18 


62 
жасқа толған кезде кәсіпкерлік қҧқықпен айналысуға қҧқығы бар 
деп негіздеген жағдайда, әдетте, осы бапқа сілтеме жасайды.
Басқа жағдайларда келесі екі ерекшелікті кӛрсетеді: 1) ҚР АК 17-б. 
2-т., заң қҧжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге 
рҧқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге 
тҧрған кезден бастап, толық кӛлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие 
болуына мҥмкіндік береді 2) ҚР АК 22-1-б. 1-т. жасы он алтыға 
жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша 
жҧмыс 
істейтін 
болса 
немесе 
ата-анасының, 
асырап 
алушыларының немесе қамқоршысының келісімімен кәсіпкерлік 
қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабілетті деп 
жариялануына мҥмкіндік береді.
Әрекет етуші заңнаманың негізінде кәсіпкерлік қызмет 
саласында әрекетке қабілетті тҧлғалардың жас мӛлшері одан аз 
болуы мҥмкін деген кӛзқарас негізделген. Мысалы, ҚР АК 22-1-б. 
1-т. 
мағынасына 
ҥңілетін 
болсақ, 
азамат 
он 
алты 
жасында(эмансипация жасы) еңбек шарты бойынша жҧмыс істей 
алады (ҚР ЕК 30-бабына сәйкес, жекелеген еңбек қатынастарына 
қатысуға 14 жасқа толмаған азаматтарға да жол беріледі) немесе 
ата-анасының, асырап алушысының немесе қамқоршысының 
келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысуына жол беріледі. ҚР 
АК 22-б. 1-т. он тӛрт жастан он сегіз жас жасқа дейінгі кәмілетке 
толмағандарға ӛздерінің заңды ӛкілдерінің (ата-анасы, асырап 
алушылары немесе қамқоршылары) жазбаша келсімі арқылы 
мәмілелердің басым кӛпшілігін жасай алатындығы меңзеліп 
тҧрған сияқты деп болжамдауға болады. Мҧндай келісімді (немесе 
кейінен 
жазбаша 
мақҧлдауды) 
алу 
қажеттілігі 
мәміле 
қатысушысының жас ерекшелігімен негізделеді.
Заңды ӛкілдерінің келісімін алу бойынша заң талабы 
кәсіпкерлердің дербестігін шектеу ретінде қарастыруға болады. 
Дегенмен, бҧл ерекше тҥрдегі шектеу, ол азаматтың ӛзінің 
мҥддесіне қолданылады. Сонымен қатар, мҧндай шектеуге 
мҥліктік айналымдағы дербестігінің тек жекелеген қырлары ғана 
ҧшырайды.


63 
Сонымен қатар, ҚР АК 22-б. 2-т. негізінде он тӛрт жастан он 
сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар ӛздерiнiң табысына ӛз 
бетiнше жоғарыда аталған шектеулерсіз билiк етуге қҧқылы.
Азаматтың қҧқық қабілетілігінің жоқтығын кәсіпкерлік 
саласында оның ӛкілдері арқылы (мҥліктік айналымның басқа 
салаларында жҥргізілетіндей) толықтыруға болмайды. Дегенмен, 
қатынасқа тҥсу барысында ӛкілдерімен бірге кәсіпкердің ӛзі де 
қатысуы тиіс.
Осылайша, жеке қҧқықтық қатынастарда кәсіпкерлердің 
қҧқық субъектілігі 14 жастан бастап туындауы мҥмкін. Осы жасқа 
жеткенге дейін кез келген азамат кәсіпкерлік қызметті жҥзеге 
асыруға тек абстрактілі мҥмкіндікке ие болады.
Аталмыш жасқа толғанда азаматта бір уақытта екі заңды 
маңызы бар қабілеттілік пайда болады:
1) кәсіпкерлік саласында азаматтық қҧқықтар мен міндеттерге 
ие болу қабілеттігі; 
2) кәсіпкерлік саласында ӛз әрекеттері арқылы азаматтық 
қҧқықтарға ие болу және оны жҥзеге асыруға, ӛзі ҥшін азаматтық 
міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Олар 
жиынтығында кәсіпкердің қҧқық субъектілігін қалыптастырады 
және оның қҧқық субъектісі ретінде ӛмір сҥруін қамтамасыз етеді.
Дара кәсіпкерлердің қҧқық субъектілігін әмбебап ретінде 
анықтауға болады. Олар заңмен тыйым салынбаған кез келген 
қызмет саласында азаматтық қҧқықтарға ие болып және азаматтық 
міндеттерді 
атқара 
алады. 
Басқа 
ҧстаным 
Қазақстан 
Респубикасының Конституциясына қайшы келеді.
Кәсіпкер кең ауқымды қатынастар субъектісі ретінде тҥседі, 
оған тҧтынушылық, қаржылық нарық және еңбек нарығы 
қатынастары, сонымен қатар кӛпшілік-қҧқық сипатындағы 
қатанастар да қосылады. Сондықтан кәсіпкерлік қҧқық 
субъектілігі (кәсіпкердің қҧқықтық мәртебесі) ӛзіне элемент 
ретінде 
азаматтық, 
қаржылық, 
еңбектік, 
кәсіби 
қҧқық 


64 
субъектілікті, сонымен қатар кӛпшілік-қҧқықтық (әкімшілік) 
қҧқық субъектілікті біріктіреді
27

Заңмен бекітілген жағдайларда азамат қҧқық қабілеттілікке 
және әрекет қабілеттілікке ие бола тҧра кәсіпкерлік қызметті 
бастай алмайды. Ол оны жҥзеге асыру ҥшін субъективті қҧқық алу 
керек, ол қҧқық ерекше заңды дерек – мемлекеттік тіркеу дерегі 
болған кезде ғана пайда болады.
Аталмыш тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асырмаудың 
сылбыр міндеті мемлекеттік тіркеуді ӛтеу міндеттілігінің сырт 
жағы болып кӛрінеді. Бҧл міндеттілік кәсіпкерлік қызметке 
қҧқықпен (қҧқық қабілеттілік элементі) бірге тікелей заңнан 
туындайды және жалпы реттелуші қҧқықтық қатынастардың 
аясында әрекет етеді. Мҧндай міндеттілік, оны бҧзу барысында 
қҧқық бҧзушылықтың алдын алу бойынша қорғаушылық 
қҧқықтық қатынастың пайда болуына және оны жасағаны ҥшін 
жауапкершіліктің туындауына әкеледі.
Кәсіпкерлік қызметті Қазақстанда жҥзеге асыруға ниеттеген 
жеке тҧлға, дара кәсіпкер ретінде шетел мемлекетінде тіркелуі 
мҥмкін. Мҧндай жағдайда ҚР АК-нің 1095-бабы негізінде, ондай 
тҧлғаның кәсіпкерлік қызметке субъективті қҧқығы дара кәсіпкер 
ретінде тіркелген елдің қҧқығы бойынша анықталуға тиіс. 
Тіркелген елі болмаған жағдайда дара кәсіпкерлік қызметті жҥзеге 
асыратын негізгі орнындағы елдің қҧқығы қолданылады.
28
.
Кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметке қҧқығының шектері мен 
шектеулері болады.
Мҧндай қҧқықтың шектері ретінде оның жҥзеге асырылу 
мақсатын (табыс табу), сонымен қатар, нарықты мемлекеттік 
реттеу саласында қолданылатын лицензиялар мен ӛзге де 
рҧқсаттардың 
әрекет 
ету 
мерзімдерін 
(егер 
заңнамада 
лицензияның мерзімсіз әрекет етуі кӛзделмесе ) есептеуге болады.
27
Предпринимательское право: Учебник / Отв. ред. Е.П. Губин и П.Г. Лахно. - М.: 
«Юристъ», 2003. - 30 б.
28
Гражданское право. Том I. Учебник для вузов (академический курс). // Отв. ред.: 
М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы, 2000. – 20 б. 


65 
Осыған байланысты бизнес жҥргізудің нысаны ретінде дара 
кәсіпкерлік ӛзіндік артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. 
Артықшылықтарына келесілерді жатқызуға болады:
1) шаруашылық серіктестіктерге қарағанда, кәсіпкерік 
қызметке рҧқсат алу жеңілдетілген: дара кәсіпкер кәсіпкерлік 
қызметпен заңды тҧлға қҧрмай-ақ мемлекеттік тіркелген сәттен 
бастап айналысуға қҧқылы.
2) салық салу мен есептіліктің оңайлатылған жҥйесі 
қолданылады. 
3) жағдайдың ӛзгеруіне жылдам серпіліс беру, дара 
кәсіпкерікке икемділік қасиеті тән, яғни мәселелерді жедел тҥрде 
шешу мҥмкіндігі.
Шаруашылық жҥргізу нысаны ретінде дара кәсіпкерліктің 
кемшіліктеріне:
1) несиелендіру мҥмкіндіктерінің шектелуі (микро-, шағын 
және орта кәсіпорындар қомақты кӛлемде несиелер ала алмайды ); 
2) барлық мҥлкімен жауапкершілікке тәуекел етуі; 
3) қызмет аясын кеңейту мен дамыту мҥмкіндіктернің 
шектелуі кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет