А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


 Кәсіпкерлік қызметін лицензиялау



Pdf көрінісі
бет36/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

5. Кәсіпкерлік қызметін лицензиялау 
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 
жылғы 11 қаңтардағы № 214-III Заңына сәйкесс, лицензиялау – 
лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың 
тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жҥзеге 
асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тҧруға және 
қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар 
кешені.
Заңдық әдебиеттерде лицензиялау мемлекеттік тіркеумен 
қатар 
кәсіпкерлікті 
заңдастырудың 
нысаны 
ретінде 
қарастырылады. Сондықтан жҥзеге асырылуы уәкілетті органмен 
берілетін арнайы рҧқсаттың алуын талап ететін қызмет тҥрлерімен 
айналысуға бел байласа, жеке кәсіпкер заңмен белгіленген 
тәртіпте лицензия алуы қажет. Осы жағдайда лицензиялаушы 
органдар мен кәсіпкерлердің арасындағы туындаған қҧқықтық 
қатынастар «тігі бойынша» қҧқықтық қатынастар болып 
табылады, себебі бҧл қатынастар жария қызметтің ерекше тҥрі, 
яғни лицензиялық қызметті жҥзеге асыру барысында экономиканы 
мемлекеттік реттеу тәртібінде қалыптасады. Осы орайда 
кәсіпкердің ӛзі, ӛзіне оны жҥзеге асырудың арнайы бекітілген 
ережелерін, ерекшеліктерін сақтай отырып, сондай қызметті 
жҥргізу міндеттемесін алады, ал мемлекет осы қызметті жҥзеге 
асыруға қҧқық береді.
Лицензиялау нарықты мемлекеттік реттеудің бірден-бір 
қҧралын, жағдайды бағалаудың біртҧтас жҥйесін, кәсіпкерлік 


86 
қызметтің мазмҧны мен нәтижесін, әрі аталмыш талапты 
жекелеген тҥрлерге бекітуді білдіреді.
Қызметтің жекелеген тҥрлерін лицензиялау Қазақстан 
Республикасының заңдарында кӛзделген ӛнімге қойылатын 
талаптар, жекелеген ӛнім тҥрлерінің, процестердің сәйкестігін 
міндетті тҥрде растау жӛніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік 
ету мақсаттарына жету ҥшін жеткіліксіз болған жағдайларда 
белгіленеді.
Лицензиялау Заңына сәйкес келесі аумақтағы қызметтердің 
жекелеген тҥрлері: ӛнеркәсіп; атом энергиясын пайдлану; улы 
заттар айналымы; техникалық қауiпсiздiК; кӛлiк; есiрткi, 
психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы; ақпараттық 
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; жедел-iздестiру iс-шараларын 
жҥргiзу ҥшiн арнайы техникалық қҧралдар; қару-жарақ, әскери 
техника және жекелеген қару тҥрлерiнiң, жарылғыш заттар және 
олар қолданыла отырып жасалған бҧйымдар айналымы; ғарыш 
кеңiстiгiн пайдалану; ақпараттандыру және байланыс; бiлiм беру; 
бҧқаралық 
ақпарат 
қҧралдары; 
ауыл 
және 
орман 
шаруашылықтары, 
жерге 
орналастыру, 
геодезия 
және 
картография; денсаулық сақтау; жеке және заңды тҧлғаларға 
қызмет кӛрсету; ойын бизнесi; ветеринария; сот-сараптама; 
мәдениет; 
қаржы 
саласы 
және 
қаржы 
ресурстарын 
шоғырландыруға байланысты қызмет; сәулет, қала қҧрылысы 
және қҧрылыс; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк 
нышандарын дайындау; кеден iсi; этил спиртi мен алкоголь 
ӛнiмдерiн, темекi ӛнiмдерiн ӛндiру және олардың айналымы; 
валюталық қҧндылықтарды пайдалануға байланысты қызмет; 
тауарлар экспорты мен импорты салаларындағы қызмет 
лицензиялауға жатады.
Лицензиялар беру белгiлi бiр қызмет тҥрi ҥшiн белгiленген 
талаптарға сай барлық тҧлғалар ҥшiн тең негiздерде және тең 
жағдайларда 
жҥзеге 
асырылады. 
Лицензияның 
иелiктен 
шығарылмайтындығын және оны лицензиат басқа жеке немесе 
заңды тҧлғаға бере алмайтындығын атап ӛткен жӛн.
Лицензиялар: 
1. Субъектiлер бойынша: 


87 
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тҧлғаларына 
берiлетiн; 
2) шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды 
тҧлғаларға және халықаралық ҧйымдарға берiлетiн лицензиялар. 
2. Қызмет кӛлемi бойынша: 
1) бас қызмет - қолданылу мерзiмiне шек қойылмай қызметтiң 
жекелеген тҥрлерiмен айналысуға берiлетiн; 
2) бiржолғы - рҧқсат етiлген мерзiм, кӛлем, салмақ немесе 
мӛлшер шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясымен 
айналысуға (заттай не ақшалай тҥрде), сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының ойын бизнесi туралы заңында белгiленген 
мерзiм шегiнде ойын бизнесi саласындағы қызмет тҥрлерiмен 
айналысуға берiлетiн; 
3) операциялық - банк қызметiнде жекелеген операциялармен, 
сақтандыру қызметiнде сыныптарға жiктеумен (сақтандыру 
сыныптарымен) айналысуға берiлетiн лицензиялар болып бӛлінеді 
(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-
бабы).
Жеке кәсіпкерліктің жекелеген тҥрлерін лицензиялауды 
жҥзеге асырушы мемлекеттік органдар, егер жеке кәсіпкерлік 
субъектісі лицензия алуға қажетті қҧжатты уәкілетті органға 
табыстаса жеке кәсіпкерлік субъектісіне онымен кӛрсетілген 
қызмет тҥрін жҥзеге асыруға лицензия беруге міндетті, немесе 
лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында 
бекітілген мерзімдерде лицензия беруден негізді тҥрде бас тартуға 
міндетті.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден 
бас тарту: 
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң 
осы санаты ҥшiн қызметтiң жекелеген тҥрiмен айналысуға тыйым 
салынған; 
2) осы Заңға сәйкес талап етiлетiн барлық қҧжаттар табыс 
етiлмеген (жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мҥмкiн. 
Ӛтiнiш берушi кӛрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда, ӛтiнiш 
жалпы негiздер бойынша қаралады); 


88 
3) қызмет тҥрiне лицензия беруге ӛтiнiш берiлген жағдайда 
қызметтiң жекелеген тҥрлерiмен айналысу қҧқығы ҥшiн 
лицензиялық алым енгiзiлмеген; 
4) ӛтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген; 
5) ӛтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң жекелеген тҥрiмен 
айналысуға тыйым салатын, заңды кҥшiне енген сот ҥкiмi болған 
жағдайларда орын алуы мҥмкін.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын 
шоғырландыруға 
байланысты, 
сондай-ақ 
валюталық 
қҧндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен айналысуға 
лицензиялар беруден бас тарту ҥшiн қосымша талаптарды 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан 
Республикасы Ҧлттық Банкi және қаржы нарығын және қаржы 
ҧйымдарын реттеу мен қадағалау жӛнiндегi уәкiлеттi орган 
белгiлей алады. 
Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия 
және (немесе) лицензияға қосымша беру ҥшiн белгiленген 
мерзiмдерде ӛтiнiш берушiге жазбаша тҥрде дәлелдi жауап 
қайтарады («Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы 
Заңының 45-бабы). 
Егер мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен белгiленген мерзiмде жеке кәсіпкерлік субъектісіне 
лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе 
жеке кәсіпкерлік субъектісіне лицензияны және (немесе) 
лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептерi туралы 
жазбаша 
тҥрде 
хабардар 
етпеген 
жағдайда, 
Қазақстан 
Республикасынң заңнамасында лицензияны және (немесе) 
лицензияға қосымшаны беру ҥшiн белгiленген мерзiмдердің ӛтуі 
бойынша лицензия алынған болып есептеледі. Жеке кәсіпкерлік 
субъектісі мемлекеттік органды жазбаша хабардар ете отырып, 
лицензия беру мерзімінің ӛтуіне байланысты онымен кӛзделген 
кәсіпкерлік қызмет тҥрімен айналысуға қҧқылы. Аталмыш 
жағдайда лицензиялау мақсатына қол жеткізу бойынша 
жауапкершілік толығымен мемлекеттік органға жҥктеледі.


89 
Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, 
бҥлiнген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) 
лицензияға қосымшаның тҥпнҧсқаларын алуға қҧқылы. 
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның 
жоғалған, бҥлiнген бланкiлерi лицензиат лицензиарға жазбаша 
ӛтiнiш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның 
жоғалған, бҥлiнген фактiсiн растайтын қҧжаттармен қоса) берген 
кҥннен бастап жарамсыз деп есептеледi. 
Лицензиар ӛтiнiш берiлген кҥннен бастап он жҧмыс кҥнi 
iшiнде жаңа нӛмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бҧрышында 
"Тҧпнҧсқа" деген жазуы бар лицензияның және (немесе) 
лицензияға қосымшаның тҥпнҧсқаларын бередi. 
Жеке тҧлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты ӛзгерген жағдайда, 
бiрiгу, бiрiктiру, бӛлiну немесе қайта қҧру нысанында заңды тҧлға 
қайта ҧйымдастырылған, заңды тҧлғаның атауы ӛзгерген, сондай-
ақ қызмет тҥрiнiң және (немесе) қызметтiң кiшi тҥрiнiң атауы 
ӛзгерген кезде, егер мҧндай ӛзгерiс қызмет тҥрi және (немесе) 
қызметтiң кiшi тҥрi шеңберiнде орындалатын операциялар мәнiнiң 
ӛзгеруiне әкеп соқпаса, ол кҥнтiзбелiк отыз кҥн iшiнде аталған 
мәлiметтердi растайтын тиiстi қҧжаттармен қоса, лицензияны және 
(немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу туралы ӛтiнiш 
беруге мiндеттi. 
Лицензиат тиiстi жазбаша ӛтiнiш берген кҥннен бастап он 
жҧмыс кҥнi iшiнде лицензиар лицензияны және (немесе) 
лицензияға қосымшаны қайта ресiмдейдi. 
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның 
қолданылуы: 
1) лицензияның берiлген мерзiмi аяқталғанда; 
2) жҥзеге асырылуына лицензия берiлген iс-әрекеттер 
(операциялар) толық кӛлемде жасалғанда; 
3) лицензия алып қойылғанда; 
4) жеке тҧлғаның қызметi тоқтатылғанда, заңды тҧлға 
таратылғанда, бiрiгу, бiрiктiру, бӛлiну, немесе қайта қҧрылу 
нысанындағы қайта ҧйымдастырылуды қоспағанда, заңды тҧлға 
қайта ҧйымдастырылғанда; 


90 
5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға 
ерiктi тҥрде қайтарылғанда; 
6) лицензияланатындардың тiзбесiнен қызметтiң жекелеген 
тҥрi және (немесе) кiшi тҥрi алып тасталса; 
7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектiлер қатарынан 
алып тасталса тоқтатылады. 
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның 
қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жҧмыс кҥнi iшiнде 
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға 
қайтаруға мiндеттi. 
Жеке кәсіпкерліктің жекелеген тҥрлері бойынша лицензиялық 
тәртіп енгізу ҧлттық қауіпсіздік, қҧқықтық тәртіпті қамтамасыз 
ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, ӛмірі мен 
денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет