А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет39/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

 
 
 
 


105 
III тарау. КӘСІПКЕРЛІК ҚҦҚЫҚТАҒЫ ӚКІЛДІК 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.
 
Кәсіпкерлік қызметтегі ӛкілдіктің тҥсінігі және маңызы 
Кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыру ҥрдісі барысында 
кәсіпкерледің ниеттері мен еріктерін басқа тҧлғалардың 
әрекеттерімен білдіру қажеттілігі жиі туындайды. Оған қоса, 
кәсіпкерлік айналымға қатысушы кәсіпкерлердің кӛбісі, заңды 
тҧлға мәртебесіндегі коммерциялық ҧйымдар болғандықтан, олар 
ӛздігінен әрекет ету кабілеттігіне ие емес, осы орайда бір тҧлға 
екінші бір тҧлғаның мҥддесін білдіре отырып әрекет ете алатын 
заңда нормалар қалыптастырылған (кӛбінесе, заңды тҧлғаның 
әрекет қабілеттілігі туралы нормалар). Сонымен қатар, заңмен бір 
тҧлғаның екінші тҧлғаның мҥддесіне қатысты заңды маңызы бар 
әрекеттерді жҥзеге асыру бойынша қатынастар реттеледі. Осындай 
ӛзара қатынастарды қҧқықтық реттеуді ӛкілдік және сенімхат атты 
азаматтық-қҧқықтық институт жҥзеге асырады. Аталмыш 
институт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 163-
177-баптарында бекітілген.
Арнайы қҧқықтық институт ретіндегі коммерциялық ӛкілдік 
АК 166-бапта бекітілген.
Коммерциялық айналымда ӛкілдік деп белгілі бір тҧлғалар 
(ӛкілдер) ӛздеріне берілген ӛкілеттігі кҥшімен ӛкілдік беруші 
кәсіпкердің атыннан және соның мҥддесі ҥшін ҥшінші тҧлғалар 
алдында ӛкілдік берушінің ӛзі ҥшін, олармен ӛздерінің әдеттегі 
кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыру ҥрдісінде қҧқықтар мен 
міндеттерді тікелей туғызу, ӛзгерту және тоқтату мақсатында


106 
азаматтық айналымға тҥсу қҧқығы жҥзеге асырылатын қҧқықтық 
қатынастар танылады. Әдетте, коммерциялық айналымдағы 
ӛкілдіктің мамҧнына ӛкілдік беруші кәсіпкерлік қызмет 
субъектісінің атынан мәмілелер жасасу, шарттарға, актілерге, 
хаттарға, сенімхаттарға, тӛлемдік, тауарлы-басқаршы және басқа 
да қҧжаттарға қол қою ӛкілеттіктері кіреді. Бҧл оның әдеттегі 
шаруашылық қызметін жҥргізу ҥрдісінде белгілі бір қҧқықтық 
салдар туындататын, заңды маңызы бар іс-әрекеттер жасауға 
қҧқығы (кейбір жағдайларда сонымен қатар міндеттер).
Коммерциялық ӛкілдіктің тҥсінігі АК және Қазақстан 
Республикасының заңнамасында анықталмаған. ҚР АК 166-б. 
мағынасында коммерциялық ӛкілдік деп кәсіпкерлердің әдеттегі 
кәсіпкерлік қызметін жҥзеге асыруға әрекеттесу мақсатында, 
олардың атынан және мҥддесіне шарт жасасқан кезде ҥнемі, 
дербес және сыйақы негізінде кәсіпкерлердің мҥддесін білдіретін 
тҧлғалардың қызметін тҥсінеміз. Коммерциялық ӛкілдік тәртібінде 
жасалған мәмілелер кәсіпкерік қызметтің ӛкілдік беруші 
субъектісі ҥшін қҧқықтар мен міндеттерді туғызады, ӛзгертеді 
және тоқтатады.
Коммерциялық ӛкілдік бойынша қҧқықтық қарым-қатынаста 
әдеттегі ӛкілдік бойнша қҧқықтық қатынастағыдай ҥш тарап 
қатысады – ӛкіл, ӛкілдік беруші, ҥшінші тҧлға (немесе ҥшінші 
тҧлғалар). Алайда, коомерциялық ӛкілдіктегі аталмыш субъектілік 
қҧрамға айрықша ерекшеліктер тән.
Біріншіден, коммерциялық ӛкілдік барысында ӛкілдік беруші 
ретінде әр қашанда заңмен бекітілген тәртіпте мемлекеттік 
тіркелген және таза табыс табуға бағытталған кәсіпкерлік қызметті 
жҥзеге асырушы кәсіпкер (жеке кәсіпкер немесе коммерциялық 
ҧйым) тҥседі.
Екіншіден, 166-баптың мағынасына ҥңілетін болсақ, 
коммерциялық ӛкіл, сондай-ақ кәсіпкер мәртебесіне ие болу қажет, 
яғни коммерциялық ҧйым немесе жеке кәсіпкер мәртебесіне ие 
болуы қажет. Мысалы, 166-бапта ӛкілдік ету ҥрдісінде 
коммерциялық ӛкіл ҥнемі және дербес әрекет етеді, сонымен 
қатар, келісілген сыйақыны және ӛзі тапсырмаларды орындаған 
кезде жҧмсаған шығындарын талап етуге қҧқығы бар делінген, ол 


107 
коммерциялық 
ӛкілдің 
кәсіпкерлік 
қызметті 
жҥзеге 
асыратындығын және онда кәсіпкер мәртебесінің бар екендігін 
білдіреді.
Ҥшіншіден, коммерциялық ӛкілдікте ҥшінші тҧлғалар ретінде 
кәсіпкер болып табылатын да, кәсіпкер болып табылмайтын да 
коммерциялық айналымның қатысушылары тҥседі, олармен 
қҧқықтық қарым-қатынасқа тҥсу ӛкілдік беруші кәсіпкердің 
кәсіперлік қызметін білдіреді. Бҧл ӛкілдік шикізат сатып алу, 
дайын ӛнімді ӛткізу, тауарларды бӛлшектеп сату барысында және 
т.б. туындауы мҥмкін.
Коммерциялық ӛкілдік барысындағы қҧқықтық қатынастың 
субъектілік қҧрамының ең маңызды ерекшелігі, коммерциялық 
ӛкілдің бір мезетте бір мәміленің әртҥрлі қатысушыларының 
мҥдделерін білдіре алуы болып табылады (мысалы, сатып алу-
сату шарты бойынша сатушының да, сатып алушының да мҥддесін 
білдіруі).
Коммерциялық ӛкілдіктің ерекшелігі және жалпы азаматтық-
қҧқықтық нормалармен реттелген ӛкілдіктен айырмашылығы 
коммерциялық ӛкілдіктің ӛтемелі болуында. Бҧл дегеніміз 
коммерциялық ӛкілдік бойынша қызметті жҥзеге асыруымен 
байланысты коммерциялық ӛкіл кӛрсеткен қызметі ҥшін сыйақы 
талап етуге қҧқығының бар екендігін, ал ӛкілдік беруші 
кәсіпкерліктің субьектісі оны тӛлеуге міндетті екенін білдіреді.
ҚР АК-нде коммерцилық ӛкілдің анықтамасы берілген. АК 
166-б. 1-т. сәйкес, коммерциялық ӛкіл дегеніміз- кәсіпкерлер шарт 
жасасқан кезде олардың атынан ҥнемі және дербес ӛкілдік етуші 
тҧлға. Коммерциялық ӛкіл кәсіпкерлік мәртебесіне (коммерциялық 
ҧйым немесе жеке кәсіпкер мәртебесіне) ие болу керек деп 
есептеледі, осы орайда, оның кәсіпкерлік қызметінің пәні «істі 
кәсіби деңгейде жҥргізу», яғни әдеттегі кәсіпкерлік қызметті 
жҥзеге асыруға әрекеттесу мақсатында кәсіпкерлік қызмет 
субъектілеріне ҥнемі ӛкілдік ету.
Ӛкілдік беруші кәсіпкердің атынан коммерциялық ӛкілмен 
жасалған мәмілелер, оның ӛзіне емес, ал оған ӛкілдік берген 
кәсіпкер ҥшін сәйкес қҧқықтар мен міндеттер туғызады, ӛзгертеді 
немесе тоқтатады.


108 
ҚР АК 163-бабында бекітілген ӛкілдік туралы жалпы 
тәртіптің кҥшіне сәйкес, ӛкілдің ӛкілеттігі ҥш негізден: заңнан, 
мәміледен немесе ӛкіл әрекет жасаған жағдайдан туындайды. 
Осыған байланысты коммерциялық ӛкілдіктің:
1) заңға негізделген ӛкілдік;
2) орнын басу кҥшіне негізделген ӛкілдік;
3) сенімхатқа негізделген ӛкілдік;
4) шартқа негізделген ӛкілдік;
5) жҥзеге асыратын қызметінің сипатына сәйкес ӛкілдік (яғни, 
ӛкілдің әрекет жасаған жағдайынан кӛрінетін ӛкілдік- бӛлшек 
сауда жҥйесіндегі сатушылар, кассир, кондукторлар және т.б.) 
тҥрлерін ажыратуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет