А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


 Ӛкілдің ӛкілеттіктері және оларды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет40/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

2. Ӛкілдің ӛкілеттіктері және оларды рәсімдеу 
Коммерциялық ӛкілдік бойынша коммерциялық ӛкілдің 
ӛкілеттілігі коммерциялық ӛкіл мен ӛкілдік беруші кәсіпкерлік 
қызмет субъектісінің арасындағы жасалған мәміленің негізінде 
пайда болады. Сонымен, АК 166-б. 1-т. сәйкес, коммерциялық 
ӛкілдік ӛкілдің ӛкілеттілігі кӛрсетілетін жазбаша шарттың 
негізінде жҥзеге асырылады делінген. Мҧндай шартты 
комерциялық ӛкілдік туралы шарт деп атауға болады. АК 166-
бабының мағынасына ҥңілетін болсақ, коммерциялық ӛкіл мен 
ӛкілдік берушінің арасында жасалған шартта коммерциялық 
ӛкілдік бойынша ӛкілдің ӛкілеттігін кӛрсететін ережелер, болмаса, 
ӛкілдік беруші кәсіпкер коммерциялық ӛкілге, коммерциялық 
ӛкілдік бойынша нақты қҧрастырылған ӛкілеттігі кӛрсетілген 
сенімхат беруге міндетті екенін кӛреміз.
Әрекет етуші 
заңнама 
сенімхаттың 
бірнеше 
тҥрін 
қарастырады. Сенімхатта кӛрініс тапқан ӛкілеттіліктің кӛлемі мен 
сипатына байланысты сенімхаттар::
бас (жалпы), арнайы және бір 
жолғы сенімхаттар
сияқты тҥрлерге бӛлінеді
.
Бас сенімхаттың 
негізінде тәртіп бойынша ӛкілдік беруші ӛкілді мәмілелердің кең 
ауқымды тҥрлерін жасауға және ӛкілдік берушінің қызметінің 


109 
барлық кӛлемімен байланысты ӛзге де заңды іс-әрекеттерді 
жасауға ӛкілеттік береді. Мҧндай сенімхатқа мысал ретінде 
азаматтың мҥлкін басқару бойынша сенімхат, сонымен қатар 
заңды тҧлғаның филиалын басқарушының сенімхатын келтіруге 
болады. Арнайы сенімхат бойынша ӛкілдік берушінің атынан сол 
сияқты мәмілелердің шектелмеген кең тҥрін жасасуға және ӛзге де 
заңды әрекеттер жасауға ӛкілеттік береді, алайда, онда ӛкілдің 
қызметінің белгілі бір аумағы нақтыланады немесе тәртіп 
бойынша ӛкілдің мҥмкін болатын біркелкі әрекеттері нақты 
тізбеленеді. Мысалы, экспедиторға жҥкті қабылдау және жіберуге 
берілген сенімхат арнайы сенімхат болып есептеледі. Бір жолғы 
сенімхат нақты бір шартты жасасуға немесе нақты бір басқа заңды 
әрекетті жасауға беріледі, мысалы, шартқа қол қоюға, акт жасауға, 
пошталық аударымды алуға және т.б.
Коммерциялық ӛкілдік мақсатында берілетін сенімхаттарға 
заң шығарушы қандай да бір ерекше талаптарды қоймайды, 
сәйкесінше оған сенімхат туралы жалпы ережелер тарайды (ҚР АК 
167-171-б.) Бҧл дегеніміз коммерциялық ӛкілдіктегі сенімхаттың 
нысанына, 
мерзімдеріне, 
сенім 
ауыстыруға, 
сенімхаттың 
тоқтатылу 
негіздеріне 
қойылатын 
талаптар 
әдеттегі 
сенімхаттардың нысанына, мерзіміне, сенім ауысуына, тоқтатылу 
негіздеріне қойылатын талаптарымен дәлме дәл келетіндікті 
білдіреді.
Коммерциялық ӛкілдіктегі сенімхаттың ерекшелігі және оның 
әдеттегі сенімхаттан айырмашылығы, тек мҧндай сенімхаттың екі 
тарабы да, яғни ӛкіл де және ӛкілдік беруші де кәсіпкерлер болып 
табылады және мҧндай сенімхат коммерциялық ӛкілге ӛкілдік 
беруші кәсіпкердің әдеттегі кәсіпкерлік қызметін жҥргізу ҥшін 
беріледі.
Заң шығарушы АК 166-бапта коммерциялық ӛкілдің оның 
қатысуымен жасалатын шартта, шарттың әртҥрлі тараптарына бір 
мезетте ӛкілдік етуге жол береді. Бҧл коммерциялық ӛкілде сол 
коммерциялық ӛкілдің кӛмегі арқылы араларында жасалатын 
шарттың тараптары ретіндегі әртҥрлі кәсіпкерлерден ӛкілеттілік 
алған жағдайда орын алады.


110 
АК 166-б. 3-т. бойынша жол берілетін бір мезгілдегі 
коммерциялық ӛкілдік барысында, коммерциялық ӛкіл келісілген 
сыйақыны және ӛзі тапсырмаларды орындаған кезде жҧмсаған 
шығындарын, егер ӛздерінің арасындағы келісімде ӛзгеше 
кӛзделмесе, ӛзі ӛкілдік еткен шарт әр тараптарынан тең мӛлшерде 
тӛлеуді талап етуге қҧқылы.
Сонымен қатар, коммерциялық ӛкіл ӛкілдік беруші 
кәсіпкерлерге қатысты адал ниеттілікті сақтауға міндетті, яғни 
коммерциялық ӛкіл ӛкілдік ҥрдісі барсында ӛзіне мәлім болған, 
ӛклдік берушінің коммерциялық немесе қызметтік мәліметтер 
болып табылатын сауда мәмілелері мен ақпараттарын қҧпияда 
сақтауы тиіс. Сонымен, АК 166-б. 4-т. сәйкес, коммерциялық ӛкіл 
ӛзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы мәліметтерді ӛзіне 
берілген тапсырманы орындағаннан кейін де қҧпия сақтауға 
міндетті. Бҧл дегеніміз коммерциялық ӛкіл ӛзіне мәлім болған 
мәліметтерді, егер бҧл мәліметтер қҧпияда болуға және оларды 
жария ету ӛкілдік берушінің ӛзіне немесе кәсіпкерлік қызметіне 
зиян келтірер болса, коммерциялық ӛкілдікті жҥргізу барысында 
да, сондай-ақ одан кейін жария етпеуге міндетті дегенді білдіреді. 
Ӛкілдік беруші кәсіпкердің қҧпия сақталуға тиісті мәліметтердің 
тізімі коммерциялық ӛкіл мен ӛкілдік берушінің арасына жасалған 
шартта кӛзделуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет