А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу



Pdf көрінісі
бет33/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

4. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу 
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін тіркеу әдісі кәсіпкерлік 
қызметті қандай нысанда жҥзеге асыру жоспараланады, яғни дара 
кәсіпкер немесе заңды тҧлға нысанына байланысты болады.
Заңды тҧлға нысанында қҧрылатын кәсіпкерлік қызмет 
субъектісін мемлекеттік тіркеу.
Мемлекеттік тіркеу субъектіге заңды тҧлға мәртебесін беру 
тәсілі болып табылады. Бизнес – тіркеу нӛмерін бере отырып, 
мемлекеттік куәлік берілуі, заңды тҧлғалар туралы мәліметтерді 
бірыңғай Мемлекеттік тіркелімге енгізу субъектілердің заңды 
тҧлға қҧқықтарына ие болғандығын ресми куәландыру болып 
табылады.
Заңды тҧлғаларды мемлекеттік тіркеу барысында заңды 
тҧлғаның қҧрылуы мен ӛкілдік немесе филиалдың ашылуының 
мақсаттылығы есепке алынбайды, сондай-ақ оның ӛндірістік-
шаруашылық және қаржылық қызметіне араласу және оған 
бақылау жҥргізу мақсаты кӛзделмейді.
Заңды тҧлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен 
ӛкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңға сәйкес мемлекеттік 
тіркеуді әділет органдары жҥзеге асырады.
Заңды тҧлғаларды мемлекеттік тіркеу: 
- заңды тҧлғаның қҧрылу, қайта ҧйымдастыру және таратылу, 
сондай-ақ филиалдар мен ӛкілдіктердің қҧрылу және қызметін 
тоқтату фактісін куәландыру;
- Қазақсатан Республикасы аумағында қҧрылған, қайта 
ҧйымдастырылған және қызметін тоқтатқан заңды тҧлғаларды, 
сондай-ақ қҧрылған және қызметін тоқтатқан филиалдар мен 
ӛкілідіктерді есепке алу;
- заңды тҧлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және 
филиалдар мен ӛкілдіктер тізілімін жҥргізу;
- заңды тҧлғалар, олардың филиалдар мен ӛкілдіктері туралы 
(қызметтік немесе коммерциялық қҧпия болып табылатын 
ақпараттан басқасын) монополияға қарсы орган белгілеген 


76 
тарифтер бойынша ӛткізу (Мемлекеттік тіркеу туралы Заңның 2-
б.) мақсаттарында жҥзеге асырылады.
Заңды тҧлғаларды мемлекеттік тіркеу қҧрылатын заңды 
тҧлғаның қҧрылтай және басқада қҧжаттарының Қазақстан 
Республикасының заң актілеріне сәйкестігін тексеруді және 
белгіленген ҥлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің 
берілуінде қоса кӛздейді. Осыған сәйкес заңды тҧлғаны 
мемлекеттік 
тіркеу 
рәсімі 
бірнеше 
кезеңдерге 
бӛлініп 
қарастырылады:
1-кезең. Қҧрылтай қҧжаттарының жиынтығын беру. Заңды 
тҧлғаларды мемлекеттік тіркеу ҥшін тіркеуші органға келесі 
қҧжаттар ҧсынылады: белгіленген нысан бойынша арыз, қҧрылтай 
қҧжаттарының және 12 сәуір 2007 жылғы заңды тҧлғаларды 
мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен ӛкілдіктерді есептік 
тіркеу бойынша Нҧсқаулыққа сәйкес басқада қҧжаттардың тізімі, 
заңды 
тҧлғаның 
басқарушысының 
және 
басқада 
қҧрылтайшыларының жеке басын куәландыратын қҧжаттардың 
кӛшірмесі, олардың салық тӛлеушінің куәліктері (шаруашылық 
серіктестіктері қҧрылтайшыларының қҧжаттарын қоспағанда, 
себебі оларда шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының 
тіркелімін жҥргізу, бағалы қағаздарды ҧстаушылар тіркелімінің 
жҥйесін жҥргізу бойынша қызметті жҥзеге асыруға лицензиясы 
бар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жҥзеге 
асырады). 
Жекелген ҧйымдық-қҧқықтық нысандағы заңды тҧлғаларды 
тіркеу ҥшін, қҧжаттардың арнайы тізімі қарастырылған, оларды 
ҧсыну мемлекеттік тіркеу ҥшін аса қажет. Мысалы: 
1. Акционерлік қоғам:
-тіркеу туралы арыз;
-ҥлгі жарғы негізінде ӛз қызметін жҥзеге асыратын орта, ірі 
кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қоспағанда, жарғы;
-қҧрылтай жиналысының хаттамасы;
-орналасқан жерін куәландыратын қҧжат;
-заңды тҧлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен 
ӛкілдіктерді есептік тіркеу ҥшін бюджетке алым тӛлегендігі 
туралы тҥбіртек немесе оны растайтын қҧжат.


77 
2. Мемлекеттік кәспіорын:
-тіркеу туралы арыз;
-жарғы;
-кәсіпорынды қҧру туралы Қазақстан Республикасының 
Ҥкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі;
-орналасқан жерін куәландыратын қҧжат;
-заңды тҧлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен 
ӛкілдіктерді есептік тіркеу ҥшін бюджетке алым тӛлегендігі 
туралы тҥбіртек немесе оны растайтын қҧжат.
3. Сенім серіктестігі:
-тіркеу туралы арыз;
-ҥлгі жарғы негізінде ӛз қызметін жҥзеге асыратын шағын, 
орта, ірі кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қоспағанда, жарғы;
-қҧрылтай шарты;
-орналасқан жерін куәландыратын қҧжат;
-заңды тҧлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен 
ӛкілдіктерді есептік тіркеу ҥшін бюджетке алым тӛлегендігі 
туралы тҥбіртек немесе оны растайтын қҧжат.
4. Толық серіктестік:
-тіркеу туралы арыз;
-ҥлгі жарғы негізінде ӛз қызметін жҥзеге асыратын шағын, 
орта, ірі кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қоспағанда, жарғы;
-қҧрылтай шарты;
-орналасқан жерін куәландыратын қҧжат;
-заңды тҧлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен 
ӛкілдіктерді есептік тіркеу ҥшін бюджетке алым тӛлегендігі 
туралы тҥбіртек немесе оны растайтын қҧжат.
5. Ӛндірістік кооператив:
-тіркеу туралы арыз;
-ҥлгі жарғы негізінде ӛз қызметін жҥзеге асыратын шағын, 
орта, ірі кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қоспағанда, жарғы;
-қҧрылтай шарты (қҧрылтайшылардың қалауы бойынша);
-орналасқан жерін куәландыратын қҧжат;
-заңды тҧлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен 
ӛкілдіктерді есептік тіркеу ҥшін бюджетке алым тӛленгендігі 
туралы тҥбіртегі немесе оны растайтын қҧжат.


78 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет