Бірлескен кәсіпкерлікті
жеке тҧлғалар (дара кәсіпкерлер)
тобы ӛздеріне ортақ меншік қҧқығымен тиесілі мҥлік негізінде,
сондай-ақ мҥлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік
етуге жол беретін ӛзге де қҧқыққа орай жҥзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты
барлық
мәмілелер
бірлескен
кәсіпкерліктің
барлық
қатысушыларының атынан жасалады, ал қҧқықтар мен міндеттер
олардың атынан алынады және жҥзеге асырылады
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде
жҥзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі
немесе жекешелендірілген тҧрғын ҥйге ортақ бірлескен меншік
негізінде жҥзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) жеке кәсіпкерлік ортақ ҥлестік меншік негізінде жҥзеге
асырылатын жай серіктестік болып табылады (жеке кәсіпкерлік
туралы Заңның 7-б.).
Жай серіктестіктің мәртебесі ҚР АК 12-тарауында бекітілген.
Аталған тарауда жай серіктестікке қатысты бірнеше тҥсініктер:
«бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты)», «жай
серіктестік» қарастырылады. Сонымен қатар, АК 228-бабында жай
серіктестік бірлескен қызмет туралы шарт негізінде қҧрылады деп
бекітілген. АК 12 тарауының мәтінен жай серіктестік шарты мен
бірлескен қызмет турал шарт-бҧл бір мағыналас тҥсініктер екенін
анықтауға болады. Жай серіктестік және бірлескен қызмет туралы
шарт (жай серіктестік шарты) ӛзара байланысқан тҥсініктер
ретінде тҥседі, себебі бірлескен қызмет туралы шарттың (жай
серіктестік шарты) негізінде жай серіктестік қҧрылады.
Бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушылары бірдей
экономикалық немесе басқада мҥддеге ие. Олар бір-біріне
қарсыласпайды, себебі оларда ортақ келісілген мақсатқа ие.
Қатысушылардың саны екіден кем болмауы тиіс. Бҧл кӛп жақты
шарт болып табылады. Бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір
67
қатысушысы оның басқада барлық қатысушыларымен бір уақытта
ӛзара қарым қатынаста болады.
Жай серіктестік шартын мердігерлік, жалдау шарты және де
сол сияқты бірқатар сабақтас шарттардан ажырата білу қажет,
себебі ең алдымен, бірлескен қызмет туралы шарттан
міндеттемелік емес, ал салыстырмалы заттық қҧқықтық
қатынастар туындайды. Мердігерлік шартын орындау барысында,
егер мердігер обьектінің иегері болуды кӛздесе, онда тапсырыс
беруші мен мердігердің арасында бірескен қызмет туралы шарт
жасалуы мҥмкін, ол шарт бойынша бір тарап салым ретінде
қҧрылыстық-жӛндеу жҧмыстарын, екінші жақ материалдық-
техникалық қамтуды салады.
Қазіргі таңда тҧрғын ҥй қҧрылысына ҥлестік қатысу шарты
кең таралған, бҧл шарт бойынша мердігер тапсырыс берушінің
тапсырмасы
бойынша
инвестор-азаматтармен
ҧсынылған
қаражаттың негізінде тҧрғын ҥйді салуды жҥзеге асырады. Кейде
бҧл шартты бірлескен қызмет туралы шарт деп санайды. Алайда
бҧл дҧрыс емес. Ҥлестік қатынастардың белгілерін, тек
азаматтармен-инвесторлардың
арасындағы
қатынастарды
қарастырсақ қана байқауға болады. Бірақ қҧрылысқа кеткен
шығынмен және сатуға дайын ҥйлердің жалпы қҧны арасындағы
айырмашылықтан пайда алуды кӛздейтін тапсырыс берушінің
және қҧрылысты жҥзеге асыра отырып пайда табуды кӛздейтін
мердігердің бар екендігін естен шығармау қажет. Бҧл
азаматтармен инвестицияланатын мердігер шарты табылады.
Қҧрылысқа ӛз қаражаттарын салатын азаматтардың бірнешеу
болатындығын есепке ала отырып, бҧл шартты кӛп жақты
инвестициялық контракт деп қарастыру қажет. Сондықтан
бірлескен қызмет туралы шартты реттеуші нормалар аталған
шартқа қолданылмайды.
Жай серіктестік заңды тҧлға болып табылмайды. Бірлескен
қызмет туралы шарттың мақсаты заңды тҧлға немесе ӛзгеде
субъект қҧру емес, ал жай серіктестік тҥріндегі қҧқық
субъектілікке ие емес қҧқығында бірлестік (ҧжымдық бірлестік)
қҧру болып табылады. Осы орайда бірлескен қызмет туралы
шартты қҧрылтай шартынан да ажырата білу қажет.
68
Аталған екі шартта да ӛзіндік қҧқықтық реттеу аумағына ие.
Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарт консенсуалды шарт
болып табылады. Ол екі және одан да кӛп тҧлғалардың табыс табу
немесе заңға қайшы келмейтін ӛзгеде мақсатқа қол жеткізу ҥшін ӛз
жарналарын біріктіру және заңды тҧлға қҧрмай-ақ бірлесіп әрекет
жасау міндеттерін біріктіреді. Қҧрылтай шартының басты
ерекшелігі, оған қол қою заңды тҧлғаны қҧрудың алғы шарты
болып табылады. Қҧрылтай шартының мақсаты – бҧл белгілі бір
бірлестік қҧру, қҧрылтайшылардың ӛз мҥліктерін беру, сонымен
қатар қҧрылтайшылардың заңды тҧлғаның қызметіне қатысу
тәртібі мен ережелерін бекіту саналады. ҚР АК 41-бабына сәйкес
«заңды тҧлға ӛз қызметін жарғы және қҧрылтай шарты негізінде
жҥзеге асырады. Қҧрылтай шартында тараптар (қҧрылтайшылар)
заңды тҧлға қруға міндеттенеді, оны қҧру жӛніндегі бірлескен
қызмет тәртібін, оның меншігіне (шаруашылық жҥргізу
қҧқығына,оралымды басқаруға) ӛз мҥлкін беру және оның
қызметіне қатысу ережелерін белгілейді».
Осыған байланысты, бҧл екі шарт бір қатар ортақ белгілерге
ие. Қҧрылтай шартта, бірлескен қызмет туралы шартта кӛп жақты,
консенсуалды, қатысушыларды ӛзара міндеттендіретін және
ҧйымдық, мҥліктік сипаттағы қҧнды мәмілелер болып табылады.
Аталған шарттар бойынша тараптардың мҥдделері тікелей қарама-
қайшылықта емес, ҧқсас болып келеді. Сонымен қатар, олардың
мақсаты бірлесіп коммерциялық немесе коммерциялық емес
қызмет жҥргізу болып танылады. Алайда, бҧл шарттардың сыртқы
ҧқсастығы шартты болып есептеледі, себебі оларға салыстырмалы
талдау жасау барысында тҥбегейлі ӛзгешеліктер байқалады.
Бірлескен қызмет туралы шартқа қарағанда, қҧрылтай
шартының мақсаты – заңды тҧлға қҧру. Заңды тҧлға қҧрылғаннан
кейін ол ӛз әрекетін тоқтатпайды. Соның негізінде қҧрылған
бірлестік әрекет еткен уақыттың барлық кезеңінде қҧрылтай
қҧжатта әрекет етеді. Қҧрылтайшылармен берілген мҥліктің
меншік иесі болып, пайда болған заңды тҧлға табылады.
Қҧрылтайшылар бҧл мҥлікке қатысты тек міндеттемелік қҧқыққа
ие болса, жай серіктестікте алға қойылған мақсатқа қол жеткізу
ҥшін оның қатысушыларымен берілген мҥлікке олар ортақ ҥлестік
69
меншік қҧқығымен ие болады. Қҧрылатын кәсіпорынның
жарғысын жиналу мен бекіту аралығындағы қҧрылтайшылардың
іс әрекеті тараптардың нақты анықталған ортақ мақсатқа қол
жеткізудегі кҥштері мен ізгі ниеттерін біріктірумен сипатталады.
Сонымен қатар, серіктестердің бизнесі қандай да бір уақытта
тікелей жай серіктестік нысанында жҥзеге асырылып, кейін заңды
тҧлға қҧру мақсатын кӛздеуі әбден ойға қонымды жағдай.
Осындай жағдайда серіктестердің іс-әрекеті, олардың кҥш жігері
әуел бастан кӛрнеу тҥрде жаңа компания қҧруға қажетті барлық
жағдайларды жасауға бағытталады және аталмыш жағдайлар
ҥстіртін бір заңды тҧлға қҧруға жасалмайды, ал шынайы нарықтық
жағдайлар, клиенттік база қалыптастыруға, сонымен қатар
жарғылық капиталдың тӛменгі мӛлшерін қалыптастыру туралы
жағдайды сақтау ҥшін жеткілікті бастапқы капиталды қҧру ғана
емес, сондай-ақ ақшаның жеткілікті ағымын қалыптастыратын
бизнесті тиісті деңгейде жҥргізуге мҥмкіндік беретін бастапқы
капиталды қалыптастыру ҥшін жасалмақ.
Жаңа заңды тҧлға қҧруға бағытталған бірлескен қызмет
туралы шарт жасау мҥмкіндігі жоққа шығарылмайды, яғни
тәжірибеде бар. Дегенмен, заңды тҧлғаны қҧрудың нақты ҥрдісі
қҧрылтай шартымен реттеледі. Жай серіктестік жаңадан
қҧрылатын заңды тҧлғамен белгілі бір уақытта қатарласа әрекет
етуі мҥмкін. Осы келісім аясында қҧрылатын заңды тҧлғаның
жарғылық капиталына кейіннен салым ретінде енгізілетін мҥлікті
қалыптастыру және ҧлғайтуға қатысты мәселелер реттелуі мҥмкін.
Осыған байланысты, бірлескен қызмет туралы шарт заттық
салыстырмалы қҧқықтық қатынас туындататын шарттың жеке тҥрі
ретінде қарастырылады. Жай серіктестік бірлескен қызметтің бір
тҥрі саналады, оның айрықша ерекшелігі ортақ ҥлестік меншікті
қалыптастыру болып табылды.
Заңнама бойынша жай серіктестіктің бір тҥрі ретінде
консорциум атты нысан қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |