69
меншік қҧқығымен ие болады. Қҧрылатын кәсіпорынның
жарғысын жиналу мен бекіту аралығындағы қҧрылтайшылардың
іс әрекеті тараптардың нақты анықталған ортақ мақсатқа қол
жеткізудегі кҥштері мен ізгі ниеттерін біріктірумен сипатталады.
Сонымен қатар, серіктестердің бизнесі қандай да бір уақытта
тікелей жай серіктестік нысанында жҥзеге асырылып, кейін заңды
тҧлға қҧру мақсатын кӛздеуі әбден ойға қонымды жағдай.
Осындай жағдайда серіктестердің іс-әрекеті, олардың кҥш жігері
әуел бастан кӛрнеу тҥрде жаңа компания қҧруға қажетті барлық
жағдайларды жасауға бағытталады және аталмыш жағдайлар
ҥстіртін бір заңды тҧлға қҧруға жасалмайды, ал шынайы нарықтық
жағдайлар, клиенттік база қалыптастыруға, сонымен қатар
жарғылық капиталдың тӛменгі мӛлшерін қалыптастыру туралы
жағдайды сақтау ҥшін жеткілікті бастапқы капиталды қҧру ғана
емес, сондай-ақ ақшаның жеткілікті ағымын қалыптастыратын
бизнесті тиісті деңгейде жҥргізуге мҥмкіндік беретін бастапқы
капиталды қалыптастыру ҥшін жасалмақ.
Жаңа заңды тҧлға қҧруға бағытталған бірлескен қызмет
туралы шарт жасау мҥмкіндігі жоққа шығарылмайды, яғни
тәжірибеде бар. Дегенмен, заңды тҧлғаны қҧрудың нақты ҥрдісі
қҧрылтай шартымен реттеледі. Жай серіктестік жаңадан
қҧрылатын заңды тҧлғамен белгілі бір уақытта қатарласа әрекет
етуі мҥмкін. Осы келісім аясында қҧрылатын заңды тҧлғаның
жарғылық капиталына кейіннен салым ретінде енгізілетін мҥлікті
қалыптастыру және ҧлғайтуға қатысты мәселелер реттелуі мҥмкін.
Осыған байланысты, бірлескен қызмет туралы шарт заттық
салыстырмалы қҧқықтық қатынас туындататын шарттың жеке тҥрі
ретінде қарастырылады. Жай серіктестік бірлескен қызметтің бір
тҥрі саналады, оның айрықша ерекшелігі ортақ ҥлестік меншікті
қалыптастыру болып табылды.
Заңнама бойынша жай серіктестіктің бір тҥрі ретінде
консорциум атты нысан қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: